Қасиеттері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Қасиеттері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу

Сабақ мақсаты:

6.1.6.3

Тоқыма материалдары мен бұйымдарының қасиеттері мен фактурасын анықтау және зерделеу.

6.1.6.2

Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау

Теориялық материал

Альпака - Чили және Перуде түратын ламалардан алынады. Жүні жұмсақ, жіңішке, жібекті жылтыр, жоғары сапалы қоспаларға қолданылады. Альпака иірімін оңтүстік америкалық түйе тектес жануарлардың бір түрінен алады.

Ангора - бұл ангорлық ешкінің алынатын жүн. Тегіс ақ иірім жеңіл жүқа трикотаж үшін мінсіз болып табылады.

Атлас - айрықша айқаспа түрімен дайындалған өте жылтыр қабатты мата.

Барқыт-(мақпал-барқыттың француздық аты)жіңішке және жыл- тыр (мысалы, панбарқыт), тегіс емес, қалың немесе плюшті. Кез келген жағдайда түгінің белгілі бір бағытта түруына байланысты. Мақтадан немесе жасанды жібектен құрылымды өңделген немесе өрнекті бархаттың түрлері бар.

Бәтес - Жасанды және табиғи талшықтардан дайындалады, бүл нәзік, жұқа мата.

Бүртік, Букле - Бүл ретсіз орналасқан ілгекті және түйінді қабатты жүн мата.

Шибарқыт-Вельвет - Манчестерлік вельвет, кең жолақты вель- вет, майда жолақты вельвет, бархатты вельвет, мақта маталы вельвет, өрнекті вельвет, эластикалы вельвет- бүл матаның түрлі атаулары. Ол мақтадан және вискозды жібектен алады, оң бетінде әр түрлі түкті биіктікті жолақты түрлері жиі кездеседі, өте мықты болады.

Түйе жүні - Бір өркешті түйенің немесе нардың түгі немесе жүні. Түйе жүнін көбінесе боямай өңдейді және жоғары сапалы пальто ма- таларына қолданады. Боялмаған жүннің түсі ашық-қоңыр болады. Жүнді қоспаның түріне байланысты мата түрлі қалыңдықты және жүмсақтықта болады.

Вискоза - ағаштан алынған, целлюлозды табиғи мата. Вискоза құрамында қоспалы мата түрінде жиі қолданылады, мысалы, зығырмен және жібекпен;

Виши - шақпақты майда өрнекті, өз атын Франциядағы аттас қаладан алған. Алғашқы рет майда төртбүрышты шақпақты мата 1850 жылы Вишиде шыққан. Бүл өрнек тек қана қызыл немесе көк, ақ түстермен шыққан. Енді ақ түспен қатар басқа түстерді де сәйкестендіріп шығарылады. Бүл өрнекті мақта маталы маталардан жиі табуға болады.

Габардин - Бүрын Париждегі сән салоны осылай аталатын. Айрықша айқаспа мақтаға, жүнге немесе жасанды талшықтарға беріктік береді. Беріктігі жағынан габардинді әйелдер және ерлердің костюмдері мен пальтоларға қолданылады.

Гленчек - ерекше өрнекті шақпақты жүн немесе қоспалы мата, негізгі шақпақтан және оның үстіндегі шақпақтан қүралады және матаға тегіс емес рең береді. Сұр немесе жасыл түсті дөрекі шұғалы «тауық аяғы» немесе пепита-шақпақ пайда болады.

Дөрекі шұға - жүнді қоспадан немесе жүннен дайындалады. Жібі дөрекі, иленген және матаға тегіс емес рең береді, сұр немесе жасыл түсті дөрекі шұға түрі жиі ұсынылады.

Джерси - жіңішке тартылған жүнді трикотаждан жасалған көйлекті, костюмді маталар тобының аты. Жұмсақ, өте ыңғайлы- қынап тұратын

модельдерге мінсіз мата, өйткені ол қимылды шектемейді. Түспейтін ауыр толқынды және жылтыр болады, джерси нәзік жайма түрінде тиімді көрінеді.

Драп - өте қалың және жұмсақ жүн мата, драптың жақсы жылулық қасиеттеріне қарай, оларды көбінесе пальто тігіледі.

Дюветин - шабдалы тері, матаның түрін оның атынан білуге бола- ды. Оң беті бархатты болып келеді.

Дюшес - жоғары сапалы әйелдер киіміне астар ретінде неме- се кешкі көйлектер үшін қолданылатын жібектен немесе жасанды талшықтардан жасалатын өте жылтыр тегіс мата.

Шырша - егер матадағы өрнек шыршаға ұқсас болса, онда оны - «шыршалы» деп атаған дұрыс. Талшықтар айқаспасы - майда жолақ және диагональ түрінде болып келеді.

Жаккард - перфокарталы тоқу техникасын ойлап шығарған, (Франция,1800). Нәтижесінде шыққан өрнек оның атымен аталған.

Зефир - жұқа нәзік мата. Ол жұмсақ және төгіліп тұрады. Бұл мата- дан жейделер және блузкалар тігіледі.

Камвольді маталар. Жүннің таралған және аралас талшықтарынан осы матаға өңделіп шығады. Тығыз айқаспа анық байқалып тұрады.

Кашгора. Бұл Жаңа Зеландияда өсірілетін кашгор ешкісінің жүнінен алынатын мата. Мата өте берік, кашемирдің жеңілдігі мен жұмсақтығына ие.

Кашемир. Суық Гималайда өсірілетін ешкі жүнінен алынады, бір қырықтық кезінде бұл керемет матаның кішкене мөлшері ғана алына- ды, сондықтан кашемир өте қымбат болып келеді.

Шақпақ - бұл ежелгі мата өрнегі. Біздің э.д бірнеше жыл бұрын кельттертүрлі түсті шақпақты мата тоқыған.

Клоке - Беткі қабаты көпіршікті жүннен, мақтадан немесе жасанды талшықтардан жасалған берік мата.

Коверкот - габардинге ұқсас. Жақыннан мұқият қарағанда диаго- нальдар байқалатын жүн мата.

Котеле - мата «котеле» атын сипағанда байқалатын өзінің май- да жолақты түйіршікті қабатына міндетті. Котеленің сипаттама- лы ерекшеліктері -ерекше жеңіл, жұмсақ төгілген, мыжылмайтын мата.

Кракле - (фр. сга§ие1е-шытынаған)-Беткі қабаты крепке ұқсас және «көпіршікті» құрылымды болады. Бұл мата мақтадан немесе жасанды талшықтардан дайындалады, сол себепті блузка және көйлектерге жақсы сәйкес келеді.

Креп - ширатылған талшықтардан дайындалғандықтан тартылған және беткі қабаты тегіс емес болады.

Крепдешин - Қытайдың крепі-нәзік жібек мата, айрықша айқаспамен тоқылу арқасында өзі тегіс емес болады, бетінде түйіршігі бар.

Креп-жоржет - шифон және крепдешинге үқсас келетін жібек мата түрінде жиі кездеседі, бірақ креп-жоржет тығыз және сипап байқағанда түйіршікті болады.

Бойымен қатпарланған креп - өзінің сыртқы қүрылымымен ағаштың қабығына үқсас, мақтадан немесе химиялық талшықтардан дайындалады және эластикалығы жоғары.

«Құс аяғы» - матадағы өрнек: бүрыштары үзартылып тартылған шақпақ ретінде, көбінесе пепита матасына үқсайды.

Лама-вигонь - әлемдегі ең қымбат мата. Атауы Перудегі жоғалуға айналған ламалардың атынан шыққан. Бүл жүннен алынған мата ка- шемирге қарағанда әдемірек болады. Лама-вигоньнан алынған пальто бағасы өзінің сирек түріне байланысты 40 мың $ болады.

Ламе - (фр. ^ате-металл пластина). Матаға жылтыр жібек тоқылған, беткі қабаты металды жылтыр болып келеді.

Латекс - резиналы талшықтардан алынған мата.

Зығыр - зығыр сабағынан алынатын табиғи өнім, жіптері түрлі қалыңдықта болуы мүмкін. Зығыр қатты мыжылыды, ауаны жақсы өткізеді және денеге тигенде салқындықты сездіртеді.

Люрекс - металл жіптерден дайындалған тартымды қымбат емес жылтыр мата.

Меринос жүні - Оны австралиялық немесе оңтүстік америкалық қойлардың түрінен алынатын жүннен жасайды, өзінің жіңішкелігімен, жұмсақтығымен және эластикалығымен ерекшеленеді.

Микроталшық - Химиялық талшықтардан алынған өте жеңіл ма- талар, олар желге және ауа-райының қолайсыздығынан сақтайтын киімдер үшін мінсіз болып келеді.

Мохер - Кіші Азиядағы Ангора ауданындағы ангорлық және мохерлік ешкілердің биязы жүні. Ол трикотажға үлбірлі түр береді, басқа жүнге қарағанда мықтылығы жоғары болады.

Муар - (фр. тоіге-төсеулермен суға малынған) Қүбылмалы қалың жібек, өрнегі ағаш текстурасын еске салады. Бүл мата- жібек немесе жасанды репс. Нағыз және нағыз емес муар бар, айырмашылығы-өңдеу техникасында.

Муслин - Мата ирактың Муслин қаласының атымен аталған, тығыз тоқылмаған, жеңіл, жүмсақ, бірақ түкті болып келетін мата.

Таза қой жүні - Жүннің ерекше сапасымен, бояудың беріктігімен, мықтылығымен және форма сақтағыштығымен ерекшеленеді. Оны тірі қойлардың қырқылып алынады.

Органза - қарапайым жүмсақ жылтырлы өте жеңіл мөлдір мата. Алғашқыда тек жібектен, ал қазір оны полиэстерден де дайындайды.

Органза - креш - «крэш» сөзі ағылшыннан шыққан және сән тілінде мыжылған әсерді білдіреді. «Крэш» матасының сипаттамалық ерекшеліктері-анық сынықтардың болуы. Жіңішке органзада нәзік жылтырда орындалған, бүл ерекше әсер туғызады. Органза-крэштің артықшылығы-күтім кезіндегі қарапайымдалығымен еркшеленеді.

Қамқа - Парча- күрделі өңдеуден өтетін өрнекті мата, алтын неме- се күміс жіптермен тоқылған түрі жиі кездеседі.

Пепита - кішкентай шақпақты өрнек. Диагональ шақпақтары үшін пепитаны «тауық аяғымен» шатастырады. Айырмашылық белгісі: «тауық аяғы» сияқты диагональ ромбтарының тартылған, үзартылған бүрыштары жоқ болады.

«Тұзды бұрыш» - ақ-қара немесе ақ-сүр нүктелі өрнек. Матаның оң беті дөрекі және мықты, спорт стиліндегі киімдер үшін қолданылады.

Песлий өрнегі - Бұл 1802 жылы үнді, шығыс үлгілеріндегі жүн ора- малдары тоқылған. Ағылшын қаласының атауынан шыққан. Өрнекте үлгіленген пальма жапырақтары салынған, оны түріктік деп те жиі атайды.

Пике (фр. рідие-сырып тігу) - мақта маталы көзге және сипап сезген- де «тығыздалған» болып келеді. Бүл матапластикалы беткі қабатымен қаттылау әсер туғызады.

Көйлектік мата - Шотландық аралдар атына аталған жүн немесе қоспалы тегіс емес қабатты, беттік қабаты дөрекілеу мата. Бүл матадан пальто, әйелдер және ерлер костюмдерін тігеді.

Полиэстер - бүл жаңа полиэстердің 1960 -жылдарда шыққан жа- ман атты полиэстерге ұқсамайды. Енді бүл синтетикалық материал ауаны жақсы өткізіп, өзінің жоғары жүмсақтығымен ерекшеленеді.

Поплин - мерсерленген мақтадан аса қалың емес, мықты, тығыз мата. Пэчворк - 2000 жыл бүрын Средиземноморье әйелдері қүрақтарды бір-біріне қосып тігуді ойлап тапқан 18-і және 19-ы ғасырларда Солтүстік Американың американдық көшпенді әйелдері «квилтэн» (қүрақтардан сүйекті дөңгелек, жүлдыз, шақпақты және ромбты өрнектерді қүрауды) өздеріне алған.

Репс - мерсерленген мақтадан немесе жібектен жиі дайындалатын көлденең немесе горизонтальды сызықты жіңішке тығыз маталардың атауы.

Сәтен - Астар сатин -вискоздан жасалған тегіс, жіңішке, тығыз, әрі жылтыр мата.

Стрейч - Кез-келген табиғи немесе синтетикалық талшықтарға қосуға болатын, эластикалы жасанды талшықтардан -эластаннан дай- ындалады. Бұл эластикалы талшықтардың аздаған пайызы (фирмалық атауы-лайкра) матаға ерекше серпімділік беруге жеткілікті.

Шұға-Сукно - Иленгенде немесе үтіктегенде пайда болатын фетрге ұқсас қабатты болады.

Дүрия-Тафта (парсының Іайап- жылтыр). Таза жібек тафта- өте жылтыр жұқа жібек мата. Мата қозғалыс кезінде сықырлап қаттылау болып көрінеді. Тафтаны жасанды талшықтардан да дай- ындайды.

Твид - түсті кішкентай түйіршікті дөрекі тегіс емес мата; көбінесе твид ұстамды түстерде жиі кездеседі.

Жіңішке жолақ - Тоқыма өте жіңішке контрасты жолақты, қараңғы

фонда боялмаған түрде жиі кездеседі. Ерлер және әйелдер костюмдері үшін жақсы сәйкес келеді,сондықтан камвольді жүннен жиі жасалады. Іскерлік ағылшын стиліндегі киімге ізін қалдырған классикалық өрнек болып табылады.

Фланель - Матаны түгіне қарсы қолмен сипағанда ғана тануға бо- латын түгі бар. Материал-жүн немесе мақта.

Фризе - Плюшті қабатының ілгектері махрлы маталарды еске са- лады.

Мақта - Ылғалды жақсы сіңіретін болғандықтан ыстықта киген өте жағымды аса қымбат емес табиғи өнім. Кемшіліктері: Бірінші қайнағанда қатты мыжылыды және отырады. Мақта арнайы химиялық өңдеуде немесе химиялық талшықты қоспада мыжылмайтын болады. Мерсерленген мақта- бұл керемет жылтыр мақта, бояуы анық болады.

Швейцарлық бәтес - мерсерлеу нәтижесінде үлкен беріктігі және гигроскопиялығы жоғары жеңіл мата.

Жібек - Жібек жібін жібек құртының кокондарынан алынады. Өңделуіне байланысты чесучу, жібек немесе аса бағалы емес бурет- жібегін алады. Кез-келген жағдайда бұл өте жіңішке жіптерден жасалған мата. Жабайы жібек құртынан алынған жібек жібі қалың болады. Қайнатылған жібек: тегіс емес, замшаға ұқсайды.

Бурет-жібек - Бұл берік матаның белгісі оның түйіршікті қабаты.

Жібек бәтес - Арнайы өңдеу арқасында жібекті жылтырлығы бар мақта маталы батист.

Қозы жүні - жас малдың бірінші қырықтығынан алынатын қозы жүні, қой жүніне қарағанда сипап сезгенде жұмсақ болып келеді.

Шифон - вуальды еске салатын өте жеңіл, мөлдір және әуелі жеңіл жібек мата. Шифон-жібектен тоқылған ең жеңіл, жұқа мата, бірақ өте әлсіз.

Шотландка - Түрлі түсті немесе бір түсті симметриялы жіңішке шақпақты және енді өрнекті жолақты. Жолақпен қатар шақпақ мата өрнегінің ең ежелгілерінің бірі болып саналады. Темір пайда болған дәуірде-ақ кельттер шақпақты өрнекті тоқыған, (Шақпақты қараңыз), олар осы күнге дейін шотландық шақпақ атымен аталған.

Эластан - қыналған модельдер үшін қолайлы, ^исга сауда белгісінің атымен де белгілі, созылмалы талшық. Ол тоқылған кезде басқа талшықтармен біріктіріледі. Эластан қосылған маталар көлденең де, бой бағытымен де созылмалы болады. Өте қолайлы мата.

Эластикалы папийон - жақсы қатпарланатын және түспейтін әдемі, өте жіңішке, классикалық жүн мата.

Сабақ барысы.

Сұрақтар қою:

- Мата қандай шикізаттан жасалған?

- Бұл матаның табиғи немесе жасанды екенін анықтай аласыңдар ма?

Оқушыларды топтарға біріктіру. Үстел бетіне түрлі мата қиындыларын (жасанды және табиғи), тоқыма жіптерін қойып, таңдау ұсынылады. Осы арқылы топқа бірігеді:

1.Табиғи маталар: мақта, жүн, тері, үлбір т.б.

2.Жасанды маталар: полиэстер, эластан, лайкра т.б.

(Т) Тапсырма 1. Таңдаған мата, жіп түрлеріне қарап шығып, қасиеттері мен ерекшелігін сипаттау, артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау және постер орындау.

(Э) Оқушылар топта әртүрлі мата түрлеріне эксперимент жасайды. Өз зерттеулерін кестеге жазады:

- мата үлгілерін анықтап қарап, олардың қайсысының беті жылтыр, қайсысының беті күңгірт екенін анықтайды;

- мата үлгілерінің бетінің тегістігі мен жұмсақтығын сипап көру арқылы салыстырады;

- матаның қыртысталу деңгейін анықтайды және т.б. қасиеттерін оқушылардың өздері анықтауы мүмкін.

Дескрипторлар:

1.Мата түрін таңдайды;

2.Матаны талшығына қарай ажыратады;

3.Қасиеттерін анықтайды және қолдану аясын атайды;

4.Топта өз пікірін еркін айтып, талқылау жүргізеді;

5.Постер орындауда бейнелеу өнері техникаларын қолданады;

6.Постерді сыныпқа таныстыра алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу