Тоқыманың түрлі фактурасы мен түсін зерттеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

Сабақ жоспары

Пән: «Көркем еңбек»

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы: Тоқыманың түрлі фактурасы мен түсін зерттеу

6.1.6.3 – Тоқыма маталар мен бұйымдардың фактурасын, қасиетін анықтау және зерттеу

6.1.6.2 – Дәстүрлі емес әрі заманауи материалдардың қатарын тану және оларды пайдалану мен өңдеудің тиімділігін айқындау

Сабақ мақсаттары:

- Тоқыма маталар мен бұйымдардың фактурасын, қасиетін білу және анықтау;

- Дәстүрлі емес әрі заманауи материалдардың қатарын тани алу және оларды пайдалану мен өңдеудің тиімділігін айқындау

Бағалау критерийлері:

- Тоқыма маталар мен бұйымдардың фактурасын, қасиетін біледі және анықтайды;

- Дәстүрлі емес әрі заманауи материалдардың қатарын таниды және қолданады;

- Оларды пайдалану мен өңдеудің тиімділігін айқындайды;

Жетелеуші сұрақтар арқылы мұғалім жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттайды.

(Ж) (Т) Мата атаулары арқылы топтау (Мақта, зығыр, жүн)

1 тапсырма

Оқушыларға тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады. Олар берілген сөздерді құрастырып, мағынасын ашып айту керек.

Тмаа зенгі Турукаф

Оволнко оқмтаы

тақма пжі ірелгині қашрыуқ

шыноықй оқмтаышқылы рығыз

«ДЖИГСО» әдісін қолдану

2 тапсырма

(Т) Оқушылар топқа арналған сұрағы бар 2 карточканы таңдайды.

Топта зерттеп, ақпараттар жинақтап, талқылайды:

1.Матаның түрін қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады?

2. Тоқыма түріне жатпайтын қандай материалды білесіздер?

3. Тоқыма түріне жатпайтын материалдарды өңдеудің тиімді жолдарын айта аласыздар ма?

4. Жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар мен оларға арналған киімдерді тігуде қандай маталарды қолданған дұрыс, не себепті?

5. Жұмсақ ойыншықтар мен қуыршақтарды толтыруға арналған материалды атаңыз.

6. Жұмсақ ойыншықтар мен қуыршақтарды дайындауда тігістің қандай түрлерін пайдаланады және не себепті?

(ҚБ) Оқушылар бағалау критерийлерін құрастырады да, сол критерийлер бойынша бір-бірін топ ішінде, топтар арасында бағалайды.

Рефлексия:

«Жеделхат» стратегиясыСабақтан алған ең маңызды ақпарат пен қасында отырған оқушыға тілек жазып, хат жіберу. Сабақта меңгерген мәліметтер бойынша өзіне ұсыныс жазу.

- Мен сабақтан қандай жаңа ақпарат алдым?- Мен өзімді не үшін мадақтай аламын? - Мен не істей алдым?

- Тағы нені жетілдіруім керек?

Өз сыныптастарының жұмысын бағалап, жеделхат жазады.

Стикерге сабақ туралы өз пікірлерін жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу