Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақ тақырыбы: "Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу(мойын орағыш, үшкіл орамал, бас киім және т.б.)".

 Оқу мақсаты:

6.1.6.4.

 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

 

 Сабақ барысы

 Бұл сабақта оқушылар шығармашылық жұмыстарын жасауды жалғастырады. Практикалық жұмыс бірнеше сабаққа созылғандықтан оқушыларға тәжірибелік күнделік жүргізуді ұсынамыз. Мұндай күнделікті рефлексивті күнделік деп айтайды. Біз мұндай күнделікті ілмек бізбен бұйымдар тоқыған кезде жүргіздік. Осы практикалық тапсырманы орындау барысында да дәл осындай күнделік жүргізуді ұсынамыз. Ол үшін оқушыларға альбомдары және түрлі түсті қарындаштары, қаламсаптары қажет. Әрбір сабақта қысқамерзімде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы шығармашылық тапсыманы орындау барысын бағамдай алады. Сол арқылы келесі сабақта атқаратын жұмысты қарастыра алады.

 

 

 Сұрақтарға жауап бер.

 Оқушылар берілген сұрақтар жауап беру арқылы жалпы шұлық тоқудың маңыздылығы мен қазіргі таңда шұлық тоқу қажеттіліктен бе әлде ермек үшін тоқылады ма екенін анықтайды. Кішігірім активити барысында оқушыларды сұраққа тұщымды жауап беруін сұраңыз. Оқушылардан сұраққа әртүрлі жауаптар келуі мүмкін. Бүгінгі таңда шұлықтар тоқу қажет деп санайтындар да бар. Ол ауылды жерлерде тұратын қыз балаларға таныс қолөнер. Тіпті шұлық тоқу үшін қойдың жүнін ұршық арқылы иірудің тәсілдерімен де таныс болулары мүмкін.

 "Шұлық тоқудың үш оң тұсын атап өт?" деген сұраққа олар:

  • қолдың моторикасы,
  • өлшемдерді жүргізу,
  • эксперимент жасау,
  • жақын адамыңа деген сүйіспеншілігіңді шұлық тоқып беру арқылы білдіру.

және т.б. жауаптар естуіңіз бек мүмкін. Сол себепті барлық жауапты тыңдауға әрі дайын болыңыз. Бірін бұрыс, бірін дұрыс деп қабылдау бұл орайда қателік болады деп ойлаймыз. Себебі, әрбір оқушы өзінің білген түйгеніне қарай жауап береді.

Шұлық тоқудың әдіс-тәсілерін қарастыр.

 Бұл тапсырмада оқушылар презентация мен дидактикалық материалдарда берілген тапсырмаларды орындайды.

 

 ЕСКЕРТУ: Бұл сабақта берілген шұлық тоқу әдіс-тәсілдері үлгі, нұсқа болып табылады. Оқушылар нобайда көрсетілген бұйымдарын тоқуды жалғастыра береді.

 

 Бағалау:

 Бағалаудың өзін өзі бағалау әдісі іске асады. Себебі оқушылар шығармашылық жұмысты атқару барысында рефлексивті күнделік жүргізеді. Рефлексивті(тәжірибелік) күнделік жүргізу кезінде сұрақтарға жауап беріп, сабақта атқарылған жұмыстарға баға беріледі.

 1 қосымша

 Қауіпсіздік техникасы

 

1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Шалмабіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

 7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу