Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы). Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: "Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу(мойын орағыш, үшкіл орамал, бас киім және т.б.)".
Сабақ барысы
Практикалық тапсырманы орындау үшін оқушылар шалма бізбен тоқу туралы шеберлік сыныптарынан мәліметтермен қанығып, өткен сабақта жасаған нобайларына сәкес шығармашылық жұмыстарын орындайды.
Бұл сабақ барысында топтық жұмыс түрлері қарастырылған. Топтық жұмысқа 10 минут уақыт бөлу ұсынылады. Қалған уақытта оқушылар шалма бізбен тоқу тәсілдерін жалғастырулары қажет.
Оқушылар қолдарын жаттықтыру үшін қуыршақтарға арналған бас киім шарф тоқуы мүмкін.
Практикалық тапсырманы орындаудың ортақ критерийлерін құрастырған жөн. Бұл критерийлерді оқушылармен бірге құрастырып көріңіз. Мысалы,
- шалма бізбен тоқылған бұйым нобайға сәйкес;
- шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды;
- тоқылатын жіптердің түстік гаммасы криативті таңдалған;
- өрнектерді(болса) сәтті орналастырды;
- шалма бізбен тоқу үшін белгілі бір тоқудың техникасын таңдады.
"Идеялар дәлізі" тәсілі
Бұл тәсілді өткізудің әдістері қысқамерзімді жоспарда жазылған. Бұл тәсілді тек қана идеялар үшін ғана емес, сабақты қорытындылау үшін де қолдансаңыз болады.
Кері байланыс
Практикалық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын ұстау қажет.
1 қосымша
Қауіпсіздік техникасы
1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.
3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4. Шалмабіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.
5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.
6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.
7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды