Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу. Қолғап тоқу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: "Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу(мойын орағыш, үшкіл орамал, бас киім және т.б.)".
Оқу мақсаты:
6.2.6.1.
Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар
Тоқыма жіптері, шалма біз, ілмекті біз, синтепон, түйме, жіп - ине және т.б.
Сабақ барысы
Бұл сабақта оқушылар шығармашылық жұмыстарын жасауды жалғастырады. Практикалық жұмыс бірнеше сабаққа созылғандықтан оқушыларға тәжірибелік күнделік жүргізуді ұсынамыз. Оқушылар сабақтың басында қысқамерзімді берілген сұрақтарға жауап берген соң, сабақтың соңында тағы бірнеше сұрақтарға жауап беру арқылы өз өздерінің жұмысына бағалау жүргізе алады.
Сұрақтарға жауап бер.
Оқушылар берілген сұрақтар жауап беру арқылы ойыншық тоқу туралы білімдерін кеңейте алады. Ойыншық тоқу үшін қандай материалдар қолданылатындығына тоқталып өтіңіз. Ойыншық тоқу әдісін меңгеру оқушыларға өте ұнауы мүмкін. Жұмсақ ойыншықты сыйлық ретінде, үйде інілері мен сіңлілері ойнайтын ойыншық болуы мүмкін. Бұл оқушылардың көркем еңбек пәнінде тоқыған, жасаған, дайыындаған бұйымдарының өмірге жанасатындығын, көрсетеді.
Ойыншық тоқудың әдіс-тәсілерін қарастыр.
Бұл тапсырмада оқушылар презентация мен дидактикалық материалдарда берілген тапсырмаларды орындайды.
ЕСКЕРТУ: Бұл сабақта берілген ойыншық тоқу әдіс-тәсілдері үлгі, нұсқа болып табылады. Оқушылар нобайда көрсетілген бұйымдарын тоқуды жалғастыра береді.
Бағалау:
Бағалаудың өзін өзі бағалау әдісі іске асады. Себебі оқушылар шығармашылық жұмысты атқару барысында рефлексивті күнделік жүргізеді. Рефлексивті(тәжірибелік) күнделік жүргізу кезінде сұрақтарға жауап беріп, сабақта атқарылған жұмыстарға баға беріледі.
1 қосымша
Қауіпсіздік техникасы
1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.
3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4. Шалма біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.
5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.
6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.
7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?