Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу. Безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақ тақырыбы: "Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу(мойын орағыш, үшкіл орамал, бас киім және т.б.)".

6.2.3.3

 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;

 

 Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар

 Тоқыма жіптері, шалма біз, ілмекті біз, синтепон, түйме, жіп - ине және т.б.

 

 Сабақ барысы

 Шығармашылық жұмыстар аяқталды. Енді бұйымды әсемдеу ғана қалды. Әсемдеудің бірнеше тәсілдері презентация мен бейнематериалда көрсетілген. Оқушылар жасаған бұйымдарына қарай әсемдейді.

 

 Әсемдеу үшін бисер, маржандар, ленточкалар және т.б. бұйымдарды қолдануға болады. Тоқыманың жиектерін әсемдеп, оқушылар шығармашылық жұмыстарын таныстырылымға дайындайды.

 

 Бағалау:

 Бағалаудың өзін өзі бағалау әдісі іске асады. Себебі оқушылар шығармашылық жұмысты атқару барысында рефлексивті күнделік жүргізеді. Рефлексивті(тәжірибелік) күнделік жүргізу кезінде сұрақтарға жауап беріп, сабақта атқарылған жұмыстарға баға беріледі.

 1 қосымша

 Қауіпсіздік техникасы

 

1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Шалма біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

 7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу