Бұйымның нобайын дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: "Бұйымның нобайларын дайындау".
Сабақ барысы
Сабақ зерттеу және идеяны дамыту, жасау және дайындау оқу мақсаттары бөліміне негізделген. Яғни оқушылар бұл сабақта идея дамытып, жобалық жұмыстарына арнап, нобай, қажетті құрал жабдықтарды анықтайды.
Қажетті құрал-жабдықтар: альбом, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, шалма бізбен тоқылған бұйымдардың иллюстрациялары және т.б.
Сұрақтарға жауап бер
Оқушылар өткен сабақта тоқыманың бірнеше техникалары мен тәсілдерін қарастырды. Кішігірім тәжірибелік жұмыс та орындап көрді. Бұл сабақта оқушылар шалма біз тоқу техникасында орындалатын бұйымдарының нобайын, тоқу схемасын, қолданылатын материалдары мен жобаның жұмыс жоспарын орындайы. Бұл тапсырманы альбомға орындайды.
Тапсырма:
Шалма бізбен тоқу үшін бұйымның нобайын орындау қажет. Бұйымды оқушылар өздері таңдайды. Шығармашылық тапсырма топта, жұпта және жеке де орындала алады. Оқушылар жұптасып ортақ жұмыс орындай алады. Сол сияқты оқушылар топтасып та, ортақ үлкен жұмыс орындай алады.
Нобайды орындау барысында бұйымның өлшемін анықтау қажет. Өлшемін білген соң, соған тиесілі қажетті материалдарды анықтауға болады.
Қандай бұйымдар тоқуға болады?
Оқушының қарым-қабілетіне қарай оқушыларға бұйымды таңдауға септесу ұсынылады. Тоқуды меңгерген оқушылар күрделі бұйымдарды тоқуға ала алады. Мысалы, күртеше, шапка және т.б. Тоқу өнерімен жаңадан танысып, әрі қолдарының икемі келіңкіре бермейтін оқушылар тоқудың оңтайлы тәсілдерін таңдап, бұйым ретінде шашқа, қолға тағатын әшекейлер сынды бұйымдарды таңдай алады.
Тоқуды қазіргі таңда қолмен тоқылатын бұйымдары өте танымал. Тоқуды үшін міндетті түрде шалманың да қажеті болмай қалды. Сол себепті, оқушыларға өзге тәсілдерді таңдауға мүмкіншілік беріңіздер. Оқушылардың қиялын шектеудің қажеті жоқ.
Қолмен тоқу әдісі бейнематериалда көрсетілген.
Жұмыстарды өзара бағалау.
Бұл бағалауды өткізудің мәнісі қысқамерзімді жоспарда толыққанды берілген.
Ол үшін оқушылар нобайларын аяқтаулары қажет. Нобайда құрал-жабдықтар, қандай жіптерден орындалып, қанша қаражат жұмсалатындығын үлгі ретінде санап қоюы ұсынылады. Шалма бізбен бұйым тоқу үшін міндетті түрде жаңа жіп сатып алудың қажеті жоқ.. Үйде бар жіптерді қолдану күтіледі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды