Тоқу тәсілдері мен техникалары. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
"Тоқу тәсілдері мен техникалары" шалма бізбен тоқу тәсілдерін зерттеудің екінші сабағының тақырыбы.
Сабақ барысы
6.1.2.1.
Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету
Сабақта жоғарыда көрсетілген оқу мақсаты іске асыралады. Оқу мақсатын іске асыру үшін оқушыларға тоқу тәсілдері мен техникаларын қарастырып шығу қажет. Қысқамерзімді жоспар, дидактикалық материалдар мен презентацияда шалма бізбен тоқудың кейбір техникалары мен тәсілдері көрсетілген. Оқушылар көрсетілген техникаларды зерттейді.
Сабақта теориялық біліммен практикалық білім де қатар жүргені жақсы. Әрбір техниканы оқушылар шалма бізбен көріп, олардың ерекшеліктерін альбомдарына жазып, оны тоқудың ерекшеліктерін сол арқылы анықтай алады.
Зерттеу жұмысы оқушыларға келесі сабақта нобай орындауларына ыңғайлы болады.
Бейнематериал тамашала.
Бейнематериалда шалма бізбен тоқудың бастамасы көрсетілген. Шалма бізбен тоқу үшін қандай жіп таңдап, жіптердің бір бірінен несімен ерекшеленетінін білгені жөн. Презентацияда бейнеленген бұйымдарды қандай жіп, және қандай шалма бізбен тоқығандығы туралы білу ұсынылады.
Кері байланыс.
Оқушылар сабақта не меңгергендігі жайында қысқаша эссе жазады.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды