Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу" тақырыбына арналған сабақта оқушылардың оқу іс-әрекеті практикалық дағдыларды дамытып қана қоймай, шығармашылық идеяларды зерттеуді қалыптастырады.

 Бұл сабақта ұсынылатын оқу іс-әрекетті ілмек бізбен тоқылған бұйымдарды қарастырып, өзінің жасаған нобайына сәйкес бұйымды тоқуды бастау болып табылады. Практикалық тапсырманы орындауға үш сағат қарастырылған. Сол себепті оқушыларға сабақ басында қажетті материалдарды алып келулерін ескертіп отыру ұсынылады.

 

 Сабақ барысы

 Ілмек бізбен жұмыс істеуді бастамас бұрын оқушыларға қауіпсіздік техникасы туралы ескертіңіз. Оқушылар ілмек бізді ұстаудың, онымен жұмыс істеу барысында бір-біріне кедергі жасамауды білулері қажет.

 Өткен сабақта оқушылар практикалық жұмыстарының нобайын орындап, қажетті материалдарын анықтады. Ілмек бізбен алғашқы рет жұмыс істейтін оқушыларға қолдау көрсету ұсынылады.

 Оқушылардың арасында ілмекпен бізбен жұмыс істей алатын оқушылар болса, білмейтін оқушылармен топтастырып, бірге жұмыс істеуге ынталандырыңыз.

 Өте үлкен сабырлықпен мұқияттылықты талап ететін практикалық тапсырма болғандықтан оқушыларға оны орындау үшін идея ғана емес, қолдың да икемділігі қажет екендігін ескертіңіз. Қолдың моторикасы дамитындығына назар салыңыз.

 Жобалық тапсырманы орындау үшін оқушылар алдымен зерттеу мен идеяны дамытты. Енді жасау және дайындау оқу мақсаттарын іске асыруға негізделіп отыр.

 Практикалық тапсырманы уақытында үлгеру үшін оқушыларға бір техникада бір үлкен жұмыс орындауға ынталандыру ұсынылады. Оқушылар шығармашылық тапсырма ретінде гүлдерден, жүрекшелерден тұратын композиция орындауы мүмкін. Әрбіреуі бір - екі бөлігін орындаса, шығармашылық жұмыс та аяқталып қалады. Бұл тапсырмада ең бастысы оқушылардың жобаны іске асыру үдерісі. Практикалық тапсырманы орындау барысында қиындықтарға тап болса, оны жеңудің жолдарын қарастыра алуы. Эксперимент жасап, оның нәтижесіне қарай іс-қимылын жоспарлай алуы. Осы аспектілерге мән беру қажет.

 

 Қарастыр

 Оқушыларға презентацияда берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар нобайларында көрсетілген бұйымды орындау барысын анықтап, кездесуі мүмкін қиындықтарды бағамдайды.

 

 Бұл сабақта тоқуға берілген бұйым ретінде телефонға чехол тоқу ұсынылып отыр. Бірақ оқушылар кез келген бұйымды таңдауы мүмкін. ЕСКЕРТУ: ұсынылып отырған бұйымдар үлгі.

 Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы телефонға арналған чехолды қандай түсте орындайтындығын, түстердің өзара үйлесіміне назар салады.

 Сұрақтарға жауап бер:

 Жобалық жұмысты орындау үшін оқушыларға бұйымды тоқудың техникаларын жеңілдетіп беру ұсынылады. Ілмекпен тоқуды білетін оқушылар техниканы күрделендіріп алуы мүмкін. Ал оқушылардың арасында кімде кім ілмекпен тоқи алмаса, ондай оқушыларға техниканы жеңілдетіп беруді ұсынамыз.

 

 Тәжірибелік жұмыстың күнделігін жүргіз

 Оқушылар күнделік жүргізу барысында жобаларын орындау барысында экперименттерінің қалай іске асып жатқандығына мән береді. Бұл оқушылардың жұмысты орындау барысында тап болған қиындықтарды ой елегінен өткізіп, оларды болдырмаудың жолдарын қарастыруға септеседі.

 

 Тоқуды баста

 Оқушыларға тоқуды бастамас бұрын уақытқа назар салуын ескертіңіз. Практикалық тапсырманы орындау барысында ең бастысы уақыт. Уақытты тиімді жоспарлай алса, онда жобаны іске асыру да жеңіл жүреді.

 

 

 

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу