Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу. Безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 

 "Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу" тақырыбының соңғы сабағы.

 

6.1.6.4.

 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

 

 Оқу мақсатын іске асыруға бағытталған сабақта оқушылар практикалық тапсырмаларын аяқтап, қорытынды жасап, жұмыстарын безендіріп, таныстырылым жасайды.

 

 Сабақ барысы.

 Оқушыларға сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырған соң, бірнеше топқа бөліп, ілмекпен тоқылған бұйымды әсемдеуге кіріседі. Сабақтың бір бөлігін міндетті түрде таныстырылымға қалдырыңыз.

 

 Зерттеу жұмысы

 Ілмекпен тоқылған бұйымды безендірудің түрлерін қарастыру үшін сыныпты бірнеше топқа бөліп, оқушыларға дидактикалық материалдарда ұсынылған техникаларды қарастыру ұсынылады. ЕСКЕРТУ: дидактикалық материалдарда берілген техникалар ұсыныс ретінде жүреді. Қалауыңызша безендірудің өзге әдістерін таныстыра аласыз.

 

 

 Безендіру.

 Безендірудің өзге де әдістерін қолдануға болады. Мысалы, бисер, маржандар, арнайы түймелер, ленталар, жіптермен әсемдеуге болады.

 Әсемдеуге арналған ою-өрнектерді қазақ ұлттық мәдениетіндегі өрнектермен байланыстыру ұсынылады.

 

 Таныстырылым

 Сабақтың маңызды бөлігі таныстырылым. Жобаны таныстыру үшін оқушыларға қысқамерзімді жоспарда берілген сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Ілмек бізбен тоқылған бұйымды таныстыру үшін оқушыларға практикалық тапсырманы орындау барысында қолданған тәжірибелік күнделікті қолдану ұсынылады. Тәжірибелік тапсырмаға арналған күнделікті бір-біріне көрсетіп, альбомдарында қалай жұмыс істегендіктерін көрсетуге болады.

 Таныстырылым үшін оқушыларға 2 минуттан беру ұсынылады.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу