Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын сынып бөлмесінде портрет тақырыбына қатысты материалдарды жинақтаңыз. Ол үшін сынып бөлмесін аталған тақырыпта безендіріңіз. Сабақтың басында оқушыларға түрлі сергітетін ойын түрлерін өткізуге болады.

 Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

 * Сәндік-қолданбалы шығармашылық өнерінің бір түрі - тоқу өнерімен танысады;

 * Ілмек және шалма бізбен тоқудың әдіс-тәсілдерін, материалдарын қолдана біледі;

 * Бұйымның нобайын дайындап, идея ойластыру дағдысын дамытады;

 * Жұмысты қорғап, өз идеясын дәйекті жеткізуді үйренеді.

 

 Сабаққа ескертпе.

Сабақ зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған. Оқушылар оқу мақсатына сәйкес 6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету

әлемдік және қазақ ұлттық мәдениетіндегі тоқу өнерінің түрлерімен, туындылардың дизайнының ерекшеліктерімен танысып, білімдерін молайтады. Сол себепті сабаққа тоқу өнері туралы мәліметті жинақтау қажет. Тоқылған киім-кишек, ойыншық сынды бұйымдарды алып келуге болады.

Сабақ барысы.

 Оқушыларды сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырып өтіңіз.

 

 Сұрақтарға жауап бер:

 Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сәндік-қолданбалы шығармашылық түрлері туралы білімдерін толықтырады. Презентацияда көрсетілген сәндік - қолданбалы шығармашылық түрлерін атап, өнердің бұл түрінің қолданылатын материалдарының әртүрлілігіне қарай әрқилы екенін тағы бір еске түсіреді.

 

 1 тапсырма

 Оқушылар тоқыма түрлерімен танысады. Тоқудың ілмек және шалма бізден жасалатын бұйымдарға назар салыңыз. Оқушылар тоқыма түрлері туралы хабардар болуы мүмкін. Үйлерінде әжелері, аналары не болмаса сіңлі-апалары тоқымамен айналысуы мүмкін. Сол себепті бұл орайда оқушылардың өз өмірлік тәжірибелерінен жинақтаған білімдеріне негізделгені дұрыс.

 Оқушылар зерттеу жұмысын зерттеу альбомдарына жүргізсе болады. Бұл тапсырмаға кем дегенде 10 минут беріледі.

 

 2 тапсырма

 Сыныпты бірнеше топқа бөліп, төмендегі тақырыптарға негізделіп зерттеу жұмысын жүргізу ұсынылады.

1-топ үшін: «Қазақ ұлттық өнерінде тоқыма өнерінің алатын орыны» атты тақырыбы

2-топ үшін: «Киімдердегі тоқыма өнерінің көрініс табуы» атты тақырыбы

3-топ үшін: «Инерьердегі тоқыма өнерінің көрініс табуы» атты тақырыбы

Бағалау жұмысы: Сағат тілімен жүреді. Топтар бір-бірін бағалайды.

 Оқушылар бір-бірін бағалау үшін дидактикалық материалдарда бағалауға арналған кесте бар. Кестедегі сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеу жұмысының қаншалықты тиімді өткізгілгені туралы білуге болады.

 

 Кері байланыс

 Тоқсанның жаңа тақырыбы болғандықтан дидактикалық материалдарда ұсынылған кері байланыс түрін ұсынып отырмыз. Оны орындау үшін оқушылардың әрбіреуіне таратып, не болмаса тақтаға біреуін ғана іліп қоюға болады. Оқушылар жауап беру арқылы өздерін қандай деңгейде екендіктерін анықтайды.

 

 

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 

 Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  •  жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  •  арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  •  жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  •  ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу