Тоқу техникалары мен тәсілдері. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 Бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тоқу техникалары мен тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

 Сабақ мақсаттары

  • Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі тоқу техникалары мен тәсілдерін біледі.

 Бағалау критерийлері

  • Тоқу өнерінің техникаларын біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі тоқыма өнерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Тоқу өнерінің түрлерін ата?
  • Тоқу өнері әртүрлі елдерде қалай көрініс тапқан?
  • Қазақ халқының қолөнерінде ілмекпен тоқу әдісі туралы не білесің?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыс қарастырылмаған.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Тоқу өнері туралы оқушылар біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады.

Сабақтың ортасы

 Зерттеу жұмысы.

 Оқушылар қазақтың ұлттық және әлемдік мәдениеттің сәндік қолданбалы өнеріндегі тоқыма бұйымдарының түстік шешімі, өрнегі, түрлері мен техникаларымен танысуды ұсыныңыз. Оқушыларды топқа бөліңіз.

 1-ші топ: амигуруми - жапондық өнердің бір түрі, жұмсақ, кішкентай ойыншық жануарларды ілмекпен немесе шалма бізбен тоқу;

 2-ші топ: шанышқымен тоқу - «U» әріп түрінде майыстырылған қалың сымда ілмекпен тоқу;

 3-інші топ: фриформ – ілмекпен көлемді еркін пішінде тоқу;

 Әдістерін зерттеп, альбомдарына жазады.

(Т) Оқушылар ілмекпен тоқудың техникаларын топтарда зерттейді, орындалған жұмыстары мен өздерінің бақылау нәтижелерімен бөліседі. Бір-бірін толықтырады және талқылайды.

 Тоқыма түрлері мен техникалары туралы зерттеу жұмыстарынан кейін оқушыларды тоқыма материалдарымен таныстыру: жүн тоқыма жіптері (мохер, ангора, кашемир, альпака), мақта мен зығыр жіптері, синтетикалық және жасанды (акрил, нитрон, орлон, акрилан, куртель және т.б.).

Ілмекпен тоқуға арналған құралдар: құрамдасқан, сүйекті, ағаш және т.б. ілмек түрлері.

Практикалық тапсырма

Оқушылар жұпта ілмекпен тоқудың ең жеңіл түрін жасап көреді.

* жүрекшені тоқу;

* бантик тоқу;

* гүл тоқу;

Қажетті материалдар:

Ілмек біз, тоқыма жіптері.

Тапсырма топта орындала алады.

http://www.livemaster.ru/topic/633523-vyazanie-kak-sovremennoe-iskusstvo

Тоқыма заманауи өнер ретінде

http://ami.guru/ Ойыншықтар тоқу. Амигуруми

http://www.mirvyazaniya.ru/freeform.html

Фриформ. Тоқу техникасы

Гайдукова Е. Н. Вязание на вилке. — Ростов-на-Дону: Феникс, 2006. — ISBN 5-222-09175-9,

http://xobi.com.ua/5415-pryazha-dlya-vyazniya.html

тоқуға арналған тоқыма жіптері

http://stranahandmade.net/vyazanie-kryuchkom/vidy-kryuchkov ілмектердің түрлері

http://www.liveinternet.ru/users/4341231/post308757663

Тоқуға арналған шалма біз, оның түрлері мен қызметі

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

* не үйрендім?

*не түсініксіз қалды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу