Сценарий дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Сценарий дайындау» тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі. Бұл сабақта оқушылар әдебиет пәнімен кіріктіруге болады. Оқушылар театр өнерінің түрлерімен танысып, көлеңкелі театр өнерінің қыр-сырын меңгереді. Тәжірибелік тапсырма ретінде көлеңкелі театрға сценарий дайындайды. Сабақта бейнематериалдар көрсетіледі. Сол себепті, міндетті түрде спектакльдерді көрсететін техникамен қамтамасыз ету ұсынылады.
«Сценарий дайындау» тақырыбына арналған сабақта 6.1.4.1
Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау оқу мақсаты қарастырылады. Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру үшін алдымен театр өнерінің түрлерімен танысып алып, содан кейін көлеңкелі театрға арналған сценарий құрастыру қажет.
Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай әдебиетті, музыканы, хореографияны вокалды,бейнелеу өнерді біріктіреді.
Көлеңкелі театр Шығыста бірнеше мың жыл бұрын Үндістанда, Қытайда,Жапонияда, Иранда, Түркияда пайда болды. Көлеңкелі театр - Қытайда тамыры терең жайған драматургияның бір түрі Еуропаға көлеңкелі театр Қытайдан келді, сондықтан мұнда ол қытай көлеңкесі деп аталды. XVIII және XIX ғғ. Еуропадағы қытай көлеңкелері кең таралды. Әсіресе Францияда.
Сабақ барысы
1-тапсырма
Оқушылар театр өнерінің көптеген түрлерін білуі мүмкін. Сол себепті сабақты жалпы театр өнері туралы білімдерін еске түсіруіне бағытталған сұрақтардан бастауға болады. Оқушыларға қуыршақ театрының өзі бірнеше түрге бөлінетіндігіне тоқталыңыз. Олар көлеңкелі театр, қолғапты, планшетті қуыршақтар, марионеткалы қуыршақтар және т.б.
2-тапсырма
Көлеңкелі театр қойылымынан үзінді көрсету ұсынылады. Үзіндіні көріп болған соң, оқушыларға сұрақтар қойып, қуыршақтарды жетелеуші кейіпкерлерді қалай қимыл-қозғалысқа келтіретіндігіне баса назар аударыңыз. Келесі сабақта оқушылар сценарийлері бойынша қуыршақтарын жасағанда бұл дағды қажет болады.
Бейнематериалды тамашала
Оқушылар Әмен Хайдаровтың "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" мультфильмімен таныс. Оларға мультфильмнің желісін еске түсіріп, анимацияның қандай реттілікпен орындалғанына мән беру ұсынылады. Қандай кейіпкерлер болды? Олар бір - бірімен қалай байланысты болды ? Қандай шығармада болмасын жағымды және жағымсыз кейіпкерлер болатындығына тоқталыңыз. Мультфильмдегі жағымды кейіпкер кім? Жағымсыз кейіпкер кім? олардың бейнелері қалай жасалғандығын талдап өтіңіз.
Тәжірибелік тапсырма
Шығармашылық жұмысты жоспарлау бірнеше кезеңдерден тұрады. Тақырыпты таңдау. Тақырып аясында кішігірім зерттеу жасау. Сценарий құрастыру. Кейіпкерлерді жасау. Декорацияларды құрастыру. Дыбыстау/музыкалық шығарма дайындау. Қойылым. Бұл кезеңдердің әрбіреуі маңызды. Әрбір кезеңге тоқталу ұсынылады.
Сценарий құрастыр.
Сабақтың шығармашылық сәті. Оқушылар сценарий құрастырады. Тапсырма жұпта, топта орындалуы мүмкін. Сценарий әдеби шығарманың, ертегі бойынша немесе ойдан да құрастырылуы мүмкін. Сценарийдегі оқиға кішігірім болуы қажет . Сценарий жазу үшін алдымен тақырыпты анықтап алып, одан кейін кейіпкерлердің мінезін, жасын, қайда тұратындығын, немен қоректенетінін, достарын, киетін киімін, өмір сүретін уақытына дейін ойластыру қажет. Егер де сценарий ертегінің не әдеби шығарманың желісі бойынша жазылса, онда шығарманың ең қажетті деген кезеңдерін ғана сценарийге еңгізуге болады.
Бір-бірлеріңнің ойларыңды толықтырыңдар.
"Қытай десерті" әдісі бойынша оқушылар бір-біріне скетчбукке(альбомға) жазылған сценарийлерін сағат тілімен береді. Әр топ сыныптастарының жазған сценарийлерен қысқамерзімді жоспарда көрсетілген дискрипторларға сай оқып, бағалайды. Ой қосады. Бұл әдіс жазған сценарийі өзіне қайтып келгенше жалғаса береді. Қандай топ қалай бағалағанын көру үшін әр топқа түрлі түсті қарындаш не қаламсап жазуды ұсыныңыз. Сонда әрбір топтың өзінің түсі болады.
Рефлексия
"Индекс карточка" әдісін өткізуді ұсынылады. Қағаздың 1 бетінде өткен материалдан ең негізгі ойларға тоқталу қажет болса, екінші бетінде өткен тақырыптан не түсінбегендеріңді анықтап, өз сұрақтарыңды құрастырыңдар деген сұрақтар орналасады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа рефлексия жүргізіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?