Сценарий дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

2 БӨЛІМ: Визуалды өнер

Сабақ тақырыбы:

Сценарий дайындау

Оқу мақсаты:

6.1.4.1

Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау.

Сабаққа қажетті материалдар:

Қайшы, қатты қағаз, желім, графикалық материалдар және т.б.

Сабақ барысы:

Оқушылар өткен сабақта көлеңкелі театрға арналған оқиға құрастырып, сценарий дайындады. Бұл сабақта оқушылар сценарий кейіпкерлерін жасаудың кезеңдерін қарастырып, жасайды.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушыларға топтарға бөлінуін ұсыныңыз. Қойылымдарға арналған ертегілерді, әңгімелердің қысқаша үзінділерін таратыңыздар. Оқиға желісімен танысқан соң, оқушылар рөлдерді бөліп, кішігірім сахналық қойылым ойнап көреді. Бұл оқушылардың кейіпкерлердің мінезін, олардың пластикасын, дауыс ырғағы мен актерлік рөлдің маңызына тоқталады. Ойын түрінде өткізуге болатын тапсырманы 10 минутта өткізуге болады.

Сұрақтарға жауап бер:

Сұрақтар тізбегі осының алдында өткізген тапсырманы пысықтауға арналған. Оқушылар сахнада кейіпкердің образын беруде қандай қиыншылықтар мен кейіпкерді ойнау барысында неге назар аудару керектігін айтулар қажет. Олар қозғалыс, дауыс, мимика, ым-ишара және т.б.

Бейнематериал тамашала.

Оқушыларға көлеңкелі театр қойылымы көрсетілген бейнематериал тамашалау ұсынылады. Бейнематериал тамашалап болған соң, бірқатар сұрақтарға жауап беру қажет. Сұрақтар қысқамерзімді жоспарда көрсетілген.

Практикалық тапсырма

Сценарий бойынша кейіпкерлерді дайындау ұсынылады. Бұл топтық немесе жұптық жұмыс. Оқушылардың коммуникативті дағдылары танылатын сәт. Сол себепті топтық жұмысты өзара ұйымдастыру кезеңіне көңіл бөлу маңызды. Көлеңкелі театрға арналған кейіпкерлердің бейнесінің суретін салып, оны қырқып, аяқ- қолдарын қимыл-қозғалысқа келтіретіндей етіп, жасау керек. Тапсырманы саралап беру ұсынылады. Оқушылардың қарым-қабілетіне қарай кейіпкерлердің шаблондарын да берсеңіз болады.

Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын оқушылармен жұмыстың кезеңдерін талқылап алыңыз. Олар қысқамерзімді жоспарда көрсетілген. Практикалық тапсырма 15-20 минут бөлу қажет. Және оқушылардың тайм-менеджментті сақтаулары үшін уақытты көрсетіп қойыңыз.

Бағалау

«Біз не істеп жатырмыз?» Оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқанын түсіну үшін сабақтың кез келген кезеңінде қою ұсынылады. Сол сияқты сабақтың кез келген сәтінде оқушылардан сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін де сұрай аласыз.

Сабаққа кері байланыс

Сабақты қорытындылап, оқушылардың сабақтағы жасаған тапсырмаларды қалай түсінгендігін білу үшін «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарды қамтитын бір сөйлеммен жауап беруді ұсынамыз.

Қауіпсіздік техникасы

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу