Кейіпкерлер дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Кейіпкерлер мен декорация дайындау» тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі. Бұл сабақта оқушылар әдебиет пәнімен кіріктіруге болады.
«Кейіпкерлер мен декорация дайындау» тақырыбына арналған сабақта 66.2.1.1 - Өздерінің идеялары мен сезімдерін жеткізу үшін қоршаған әлемнің көрнекі элементтерін және көркем өнер құралдарын анықтау, таңдау және пайдалану оқу мақсаты қарастырылады. Оқушылар көлеңкелі театрға арналған кейіпкерлердің көлемді бейнесін жасап, сюжетке байланысты декорация дайындайды.
Декорация француз тілінен аударғанда заттың не болмаса, үй-жайдың әсемделуі деген мағынаны біліреді.
Сабақ барысы
1-тапсырма
Оқушыларға көлеңкелі театр қойылымын көрсетіңіз. Қойылымды тамашалап болған соң, көлеңкелі театрға арналған кейіпкерлер мен декорацияларды жасауға байланысты сұрақтар талқылау ұсынылады.
2-тапсырма
Оқушылар сценарий бойынша кейіпкерлерді дайындауы қажет. Оқушылардың қабілеттері әр қилы. Сол себепті тапсырманы әр оқушының қабілетіне қарай икемдеп беру ұсынылады. Мысалы, сурет салуға айтарлықтай қабілеті төменірек оқушыға шаблон кейіпкерлерді беруге болады.
Әрбір практикалық тапсырма бірнеше кезеңдерден тұрады. Сценарий бойынша кейіпкерді жасауды кейіпкердің силуэтін қара картонға салып, содан кейін қияды. Тәжірибелік тапсырмалардың критерийлеріне мән беріңіз. Критерийлерді сақтау практикалық тапсырманың сапалы әрі оқушылардың белгілі бір дағдыларды меңгеруіне септігін тигізеді. Қосымша тапсырма ретінде силуэттердің қозғалатын бөліктерін қимылға келтіре алады. Ол үшін шплинтті бекіте отырып орындау қажет.
Біз не істеп жатырмыз?
Сабақ барысында жасауға болатын бағалау. Оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқынын түсіну үшін сабақтың кез келген кезеңінде қою ұсынылады.
Тәжірибелік тапсырма
Декорация жасар алдында материалдарды таңдау қажет. Декорация сценарийдің сюжетіне сай болуы тиіс. Қуыршақ театрына арналған сахнаны картоннан жасауға болады. Ол үшін тұрмыстық картон сай келеді. Декорацияның мысалдары дидактикалық материалдарда келтірілген. Қойылмның сюжтіне сай жасалынады. Бұл тапсырма топтық жұмыс барысында оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытуға септеседі. Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін оқушылардың арасында тапсырманы өзара бөліп алу ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау қажет.
Рефлексия
Оқушылардан өткен тақырыпты «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарды қамтитын бір сөйлеммен жауап беруді сұраңыз. Мысалы, «Мен декорация жасауды бейнематериалды көру арқылы үйрендім. Бұл білімім достарыма, отбасыма үй жағдайында көлеңкелі театр қойылымын қойған кезде қажет болады».
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?