Портреттегі түс. Орындалу техникасы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау" тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі.

Оқу мақсаты: 6.1.1.1-Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) түсіну және білімін көрсету

6.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану

Сабақ барысы.

Оқушылар практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын суретшілердің жұмыстарына зерттеулер жүргізеді. Терінің түстерін анықтау үшін тәжірибе жүргізеді. Бояудың көмегімен беттің формасын эмацияны келтіреді. Көркем материалдарды ұқыпты пайдаланады.

Белгілі суретшілердің жұмыстарын қарастырып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар тізбегі әрқилы. Сұрақтар портреттегі түстерді қолданудың ерекшеліктерін анықтауға негізделген. Оқушыларға туындылардың авторларымен таныстырып өтіңіз.

Тәжірибелік тапсырма.

Оқушыларға қолдарының терінің түстеріне қарап, зерттеуін сұраңыз. Тері қандай түсті? Беттің түсіне мән бердіңіз бе? Түсті жеткізу үшін қандай бояулардың түстерін қолданғанн жөн? Осы сынды сұрақтар қойып, практикалық тапсырма алдында оқушылардан өздерінің, сыныптастарының терілеріне мән берулерін сұраңыз.

Акварель не гуашь материалын қолдана отырып, терінің түсін келтіруді сұраңыз.

Оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын сыныптастарына таныстырады. Практикалық тапсырманы орындау барысын баяндайды. Нені өзгертіп, не сәтті шыққанына тоқталуын сұраңыз.

Бағалау

Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын қарастырып, ой бөліседі. Терінің түсін жеткізудегі ерекшеліктерге мән береді. Сабақ эксперимент жүргізуге негізделгендіктен оқушылармен бірге жұмыстарды талдау барысында анағұрлым жұмысы сәтті шыққан оқушының жұмысына мән беріп, түстерді қалай араластырғанын тағы бір рет көрсетуін сұраңыз.

Рефлексия

  • Адам терісінің түсін келтіру үшін қандай түстерді араластыру қажет?
  • Гуашь және акварельдің терінің келбетін келтіру барысында айырмашылық бар ма?
  • Гуашьпен сурет салғанда неге көңіл бөлу керек?

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу