Графика. Орындалу техникасы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Графика. Орындалу техникасы" тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі.
Оқу мақсаты: 6.1.6.4 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.
Сабақ практикалық дағдыларды дамытуға негізделген.
Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho– жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварель, гуашь, пастельпайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты.
Сабақ барысы.
Оқушылар презентацияда көрсетілген 5 портреттің ішінен артығын табады. 5 портреттің ішінен майлы бояумен салынған 2 інші портрет артық. Суретшілер қарындаш, сангина, пастель және т.б. материалдарды қолданған.
Топтық жұмыс.
Оқушыларды графика техникасында қолданылатын материалдар бойынша бөлу ұсынылады.
Графикалық сурет салудың көркемді тәсілдерімен таныстырып шығу ұсынылады. Олар сызық, штрих және дақ. Оқушылар материалдармен тәжірибе жүргізеді. Ол үшін қарындаш, линер, сангина, көмір, қаламсап және т.б. материалдардың көмегімен альбомға сызық, дақ, штрих салып көру ұсынылады.
Бейнематериалды тамашалау.
Бейнематериалда портретті көмір және нүктелі көркемдік тәсілмен салу көрсетіледі.
Портреттерді қарастырып, сұрақтарға жауап бер.
"Портрет Элеоноры Дузе" И.Репин
Материал: көмір.
Илья Ефимович Репин (1844-1930) - орыс суретші - кескіндемеші. Сарбаздың ұлы. Икона жазған.
"Портрет Элеоноры Дузе" туындысы 1891 жыды көмірмен салынған. Итальяндық артістің портреті.
Портрет жайында:
"Одним из замечательных творений Репина является портрет Элеоноры Дузе, прославленной итальянской артистки, нарисованный углем на холсте и 1891 году, во время ее гастролей в Петербурге. На портрете изображена женщина, сидящая в кресле в усталой позе. Ее тонкая, удлиненная фигура облечена в широкое платье, худые руки безвольно покоятся на ручках кресла, характерная, небольшая голова слегка откинута вправо, умное лицо с большими полузакрытыми глазами, густыми бровями, тонкими, плотно сжатыми губами говорит о замкнутости характера, о сосредоточенности мысли, о хрупкости и нервозности, даже неврастеничности натуры. Репин с обычной для него чуткостью и глубиной понял и передал все своеобразие этой замечательной артистки, вся сила, которой, как об этом свидетельствуют рецензии об ее игре и ее биография, заключалась в умении передать чрезвычайную заостренность переживаний и исключительную утонченность психики тех женских персонажей, которых играла Элеонора Дузе".
Михаил Врубель. "Забелы-Врубель әртістің портреті".
Материал: қарындаш
Михаи́л Алекса́ндрович Вру́бель (1856 —1910) — орыс суретшісі. Бейнелеу өнерінің барлық жанры мен техникаларында жұмыс істеді. 1896 жылдан Н.И.Забела есімді танымал әншіге үйленді.
Питер Пауль Рубенс. "Ұлының портрет". 1625
Материал: сангина
Пи́тер Па́уль Ру́бенс (1577—1640) — нидерландық кескіндемеші. Бароока бағытының негізін салушылардың бірі. Оның 3000 мыңнан астап суреті бар.
4. Қыздың суреті
Материал: гельді қаламсап
Тапсырма:
Практикалық тапсырманың нұсқалары:
1. Графиканың түрлі материалдарымен бет әлпеттің кескіндерін салу.
2. Графика материалдарымен портрет салу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?