Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Өнер, 5 сынып, 4 тоқсан,

4В Бөлімі: Үй мәдениеті

Мектеп: Ақтау қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жасмағамбетова Б.А.

Сынып:

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.1 Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау.

5.2.5.2 Өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу және т.б.

5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.

Сабақ мақсаттары

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өсімдік шаруашылығаның негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау.

Бағалау критерилері

  • Білу

Өсімдік шаруашылығында қандай көктемгі жұмыстар жүргізілетінін біледі.

  • Түсіну

Көкөністер егу барысында қай көкөністі қандай топырақ температурасында егу айырмашылығын түсінеді.

  • Қолдану

Өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстарды жасап қолданады.

  • Талдау

Фотолар мен нобайлардың, жүктелген бейнелердің топтамасын жасау арқылы зерттеген туындыларын талдай алады.

  • Синтездеу

Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеп және сипаттап бере алады.

  • Бағалау

Өз жұмысындағы әдіс тәсілдер мен техникаларды талқылай және бағалай біледі.

Тілдік мақсаттар

Көкөністер, өсімдік шаруашылығы, уақыт, өзгеріс,

Құндылықтарды дарыту

Эстетика, коммуникация, уақыт, шығармашылық, технология, мәдениет.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, география, биология, экология.

АКТ қолдану дағдылары

Планшет пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығы туралы мәлімет алады.

Бастапқы білім

Заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын біледі және түсіндіре алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Уақыты

Ресурстар

Сабақты ұйымдастыру

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Сыныптағы атмосфераның құру.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.

Сабақтың мақсаты: Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өсімдік шаруашылығаның негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау.

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты. «Жеміс дақылдары »туралы бейнежазбалар көру. Бейне жазбаны көру барысында, оқушылар жеміс-жидек дақылдарының түрін анықтау мақсатында топ арасында карталарды жинайды. Оқушылар «Көкөніс дақылдары» және олардың өсуіне жарық пен көлеңкенің әсері» туралы бейне жазбалар көреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай дақылдар көкөністерге жатады?

Көкөніс түрлерінің өсіп-өнуіне қандай талаптар қойылады?

Жарық көп түскен жағдайда өнімді көп алу мүмкін бе?

Өнімді өсіру барысында қажетті шарттардың бірі болмаса (жарық,су....) не болады? Өсімдіктердің дұрыс өсіп-өнуі, жақсы өнім беруі үшін қандай шаралар қолдануға болады? Мұғалім тақтаға оқушылардың жауаптарынан қорытынды жазады су + жарық + жылу + ауа + минералдар + топырақ

Топқа бөлу:

Нөмірленген дайын пакеттер мен қорапшаларды (1, 2, 3) жекелеген топтардың таңдауы үшін арнайы оқушы үстелі үстіне жаю.

Топтық жұмыс.

Сыныпқа тапсырма Климаттық жағдайлары ең қолайлы мемлекеттердің жемістері мен дақылдарын және өсімдіктердің өсу мүмкіндіктері қолайлы елдерді зерттеуді (флипчартта орындауды) ұсыну. Көктемгі өсімдік шаруашылғы. Өңдеу, себу және отырғызу, суару.

Бірінші топ жаздық дәнді дақылдарды егу жолдарын зерттеп, флипчартқа суретін сала отырып, бүкіл сыныпқа таныстырады.

Екінші топ күздік дәнді дақылдарды егу жолдарын зерттеп, флипчартқа суретін сала отырып, бүкіл сыныпқа таныстырады.

5 минут

15

минут

https://www.youtube.com/watch?v=a2rkjehbGAs

Оқушыларға арналған интерактив ресурс.

Сабақтың ортасы

Топ бойынша өз зерттеулерімен таныстырады. Басқа топтар зерттеушілік сұрақтар қоя отырып, өз сұрақтарына жауап алады. Осылайша екі топ бір-біріне түсіндіру арқылы өсімдік шаруашылығынан көптеген мағлұматтар алады.

15минут

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Осы жүргізілген кері байланыстарын оқи отырып, оқушылардың мақсатты қаншалықты меңгергендігін түсінуге болады.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

10 минут

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар топ ішінде өзара рөлдерді бөліп алады. Біреуі уақытты есептеп отырады, екіншісі дизайнмен айналысады, басқалары материалдар жинақтай отырып топтық жұмыстарын көрсетеді.

Қол шапалақтау арқылы бір – бірінің жұмыстарын бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ ортасында сергіту сәті өткізіледі. Оқушылар арасында жаңадан танымал болып жүрген әуен қосылып, әуен ырғағымен 2 мин қозғалыста болады.

Қауіпсіздік техникасы:

Жұмысты орындау үшін материалдар мен құрал- жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу