Бұйым өру. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.


 Көркем еңбек пәнінің қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2А.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бұйым өру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.2

  • Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау.

5.2.3.4

Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

5.2.6.1

Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.

Сабақ мақсаттары

  • Бірнеше өру әдісін пайдаланып бұйым орындау;
  • Ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;
  • Шығармашылық жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау;

Жетістік критерийлері

  • өру өнері туралы білімін көрсетеді;
  • өрудің бірнеше тәсілдерін меңгерген;
  • материалдар мен құрал-жабдықтарды ұқыпты қолдана алады;
  • шығармашылық жұмысты ұқыпты орындайды;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өру – плетенеие – Embroidery

Макраме – Macrame

Түйін түрлері – Виды узелков - Types of knots

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Өру өнеріне .... жатқызуға болады.
  • Мен өрудің мына тәсілін таңдаған себебім, ...
  • Өрудің ... түрі қазақ қолөнеріне тән деп ойлаймын.

Құндылықтарды дарыту

  • Еңбек және шығармашылық
  • Патриотизм

Пәнаралық байланыстар

  • Математика /өруде түйін сандарын санау үшін қолданылады/,
  • орыс тілі, қазақ тілі /өз ойларын жеткізу, тілдік дағдыларын дамыту үшін/

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы АКТ дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Оқушылар СҚӨ бұйымдары туралы білімдері бар. Практикалық тапсырмалар орындау арқылы алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларын белсендіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-75 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

«Үлгі бойынша орында» атты оқушылардың назарын аударуға арналған.

Арнайы дайындалған тор көзді бланк қағазында күрделі өрнектің суретін аяқтау.

Бұйым өру.

 (МК) Бұйым үлгілерін, өру түрлерін,өру техникасында қолданылатын әртүрлі материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) көрсету. Оқушыларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен (шымши, қамшы өру және т.б.) таныстыру.

 

Алдыңғы сабақта оқушылар өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасын орындаған. Оқушылар осы сабақта қолданылатын материалдар мен қажетті құрал-жабдықтарды, өру техникасын, түстердің үйлесімділігін өз бетінше таңдайды.

Тапсырманы бастамас бұрын техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы үшін нұсқамалық жұмыстарын жүргізу.

(Қ,Ө) Практикалық тапсырма № 1.

Өру техникасында бұйым жасау.

Өру техникасына қажетті материал ретінде газеттен жасалған түтікшелер, қалық жіптер, медициналық инфузиондық түтікшелер /система/ т.б. қолдануға болады. Ұлттық қолөнер түрі – шымши тоқу қолдануды ұсыну.

Жұмыс барысында оқушыларды қолдап, көмектесіп, қажеттілігіне қарай өру тәсілдерін көрсету.

Дифференциация: бұйымдағы қарапайым, орташа және күрделі өрнекті өру орындау ұсынылады.

СҚӨ бұйымдары

https://youtu.be/8TugKl9N6VE

Қамшыны өру

https://youtu.be/ckG6BV1UoyM

Ши өру. Қазақ қолданбалы-өнерінде ши тоқу ежелден қалған қол өнері.

http://www.youtube.com/watch?v=gyRDJv... – газет түтікшелерін жасау және бояу

https://youtu.be/y9bLd9_QTA0 Шөптен өру. 3 - бөлім

Сабақтың соңы

76-80 мин

Орындалған жұмыстар мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша кері байланыс пен ұсыныстар беру.

Жұмыс орнын тазалау.

ауызша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

Сұрақ-жауап алу, практикалық тапсырмаларды орындау нәтижесі арқылы.

Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс істеуін және түзу отыруын қадағалау.

Терезені ашып, ауаны тазартып отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу