Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: Көркем еңбек (қыздар)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А – Бөлім.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық.

Күні:

Сынып: 5

Сабақ: 45 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.6.2

Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау.

5.1.5.2

Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау.

Сабақ мақсаттары

  • өру, тоқу өнерін және түрлерін біледі;
  • өруге арналған материалдар мен құрал-жабдықтарды анықтайды, зерттейді, түсінеді;
  • зерттеу барысында алғашқы білімдерін қолданады;
  • таныстырылым жасағанда бір-бірлеріне ұсыныстар айтады, өзара бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

  • өз бетінше идеялар ұсынады және мәселелерді шешеді;
  • шығармашылық шешімдерін жүзеге асыра отырып, талдауларға көңіл бөледі;
  • зерттеу аясын ашып көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Сәндік - қолданбалы өнер түрлерін баяндайды.

Қазақтың ұлттық және басқа да этностардың халқтарының тұрмыстық ғұрып-салтын, дәстүрін, тарихын айта алады.

Бұйым жасаудағы өзгенің шығармашылдық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрып, өру, тоқу, ағаш ою, зергерлік, мүсіндеу, бедерлеу, көркем өңдеу,тоқу.

Торсық, ожау, алаша, кілем, көрпе, мүлік, ат әбзелдері. Мен ...таңдау себебі, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім. Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

Құндылықтарды дарыту

 

Іздену, зерттеу құндылығы оқушыларда мәліметті іздену кезеңінде дами түседі. Практикалық жұмыс барысында оқушылардың бойында өмір бойы еңбектену және шығармашылық құндылықтары артады. Топ ішінде жұмыс жасағанда құрмет, сыйластық құндылықтары жетіле түседі.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақты жаратылыстану пәнімен байланыстыруға болады. Себебі осы сабақты жаратылыстану пәнінде меңгерілетін «Дене және табиғаттағы заттар» бөліміндегі бірнеше тақырыптармен байланыстыруға болады.

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ зерттеу жұмысын жүргізу үшін ноутбуктар қолданылады.

Бастапқы білім

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінде қолданылатын замауи және дәстүрлі емес, табиғи материалдарды біледі. Нобай салуды және тепе-теңдік, пропорция заңдылықтарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Миға шабуыл презентациясы

3 минут

Бастапқы кері байланыс

«ой толғау»

3 минут

Жұпқа біріктіру

«Сиқырлы түс»

1 минут

Негізгі тапсырма

2 минут

Зерттеу кезеңі

15 минут

Бағалау критерийі

2 минут

Дифференциациялық тапсырма

2 минут

Таныстырылым кезеңі

12 минут

Өзара бағалау

«Смайлик» әдісі

Кейінгі кері байланыс

«Микрофон»

2 минут

Сабақты қорыту

2 минут

Үйге тапсырма

1 минут

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға презентация көрсетіледі. Презентацияда сәндік тоқыма бұйымдарының мысалы, алаша, кілем, қамшы, газеттерден тоқылған ыдыстар т.б. заттардың фотосуреттері көрсетіледі.

Слайдтар көрсетіліп болған соң оқушыларға төмендегіше сұрақтар қойылады. Бұл бастапқы кері байланыс болады.

Сұрақтар:

  • Тоқыма жұмыстары үшін қандай материалдарды қолдануға болады?
  • Табиғи материалдардан қандай бұйым тоқуға, өруге болады?
  • Өру, тоқу яғни сәндік қолөнер бұйымын жасаудың адам ағзасына қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?

Үстел бетіне 5 түрлі түсті стикер 2 данадан қойылады. Оқушылар кезекпен үстелге жақындап көздерін жұмып стикердің біреуін алу қажет. Барлық оқушылар қағазды алып болған соң жұптарын іздеп тауып бірігеді.

Жұпқа біріккен оқушыларға өз таңдаулары бойынша тоқыма сәндік бұйымын, әдісін яғни тоқыма түрлерін зерттеу тапсырылады. Ол үшін тақтаға 5 өру, тоқу өнерінің аттары жазылады. Олар:

  • Алаша өнері
  • Кілем тоқу өнері
  • Ат әбзелдерін тоқу
  • Қамшы өру
  • Газеттен тоқу өнері

Оқушылар осы тоқу өнерінің түрлерінен өз қалаулары бойынша таңдап алады. Бірақ 5 жұп осы 5 тоқу өнерінің түрлерін түгел таңдаулары тиіс екендігін мұғалім ескертеді.

Зерттеу жұмысына қойылатын бағалау критерийі:

  • Тоқыма түрінің ерекшелігін анықтау;
  • Қолданылатын материалдарын зерттеу;
  • Зерттеу аясын ашып көрсету.

Бағалау критерийіне сәйкес оқушылар жұп болып зерттеу жұмыстарын бастайды. Оқушыларға екі деңгейлі дифференциациялық тапсырма беріледі.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін: өз таныстырылымын POWER POINT бағдарламасында электронды түрде жасайды.

Қабілеті орта оқушылар үшін: Өз зерттеулерін А2 форматына түрлі-түсті маркер арқылы сызбамен, суретпен көрсетеді.

Зерттеулерін аяқтаған жұп 3 рет қол шапалақтауы тиіс.

Оқушылар зерттеулерін аяқтап болған соң таныстырылым кезеңін бастайды.

Қалған тыңдаушы оқушылар әр жұп бір сұрақтан қояды, және өзара бағалау жүргізеді.

Өзара бағалау жүргізу үшін оқушыларға екі түрлі смайлик суреттері таратылады. Бағалау критериінің үшеуіне толық жауап берген жұпқа күліп тұрған, ал екі бағалау критерийіне айтылған жауапқа мұңайып тұрған смайликтердің суреттерін көрсету арқылы бағалап отырады.

Бастапқы кері байланыстан кеінгі кері байланыста қандай ерекшелік байқағандарын анықтау үшін ауызша төмендегіше сұрақтар қойылады. Бұл кері байланыс «микрофон» деп аталады. Себебі мұғалім қызыл маркерді алып сұрақтарды қояды, көк маркерді алған оқушы жауап береді.

Сұрақтар:

  • Тоқыма өнер түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
  • Қолданылатын материалдарында қандай ерекшеліктер бар екендігін байқадыңыз?
  • Бүгінгі сабақта өзіңізге қажет жаңа мәлімет ала алдыңыз ба?

Сабақты қорыту мақсатында бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын айтып өтемін. Сәтті тұстары: оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысқандығы болуы мүмкін.

Сәтсіз тұсы: зерттеу кезеңіне уақыттың жетпей қалуы немесе таныстырылым кезінде өз ойларын толық жеткізе алмаулары болуы мүмкін.

Қайшы, тоқыма жіптері, қажет емес газет, ПВА желімі, картон алып келу керектігін ескертемін.

Презентация

1,2,3,4,5 слайдтар

Тоқу түрлерімен танысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html

Шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы

http://baq.kz/news/kogam/elordada-shibiktan-buiim-toku-sheberhanasi-ashildi-foto-74496

Өрнектеп тоқу түрлері

http://bilimsite.kz/tehnologia/257-ornektep-toku-turleri.html

Қазақтың бір өнері -- кілем тоқу - YouTube

https://www.youtube-nocookie.com/embed/djz4iAUxkl0

Алаша тоқу.

https://www.youtube.com/watch?v=T5Yf336osIA

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыдан күтілетін нәтиже – тапсырманы уақытылы орындау, бағалау критерийіне сәйкес болу, шығармашылық жұмысты сауатты орындау.

Бұл сабақта оқушылар екі деңгейдегі дифференциациялық тапсырманы орындайды. Қабілеті жоғары оқушылар өз зерттеулерін POWER POINT компьютерлік бағдарламасында электронды түрде, ал қабілеті орта оқушылар А2 флипчартына (плакат) сызба, сурет арқылы түсіреді.

Деңгейлік тапсырманы оқушылар өздері таңдайды.

Бастапқы кері байланыс

«ой толғау»

Кейінгі кері байланыс

«Микрофон» әдісі

Өзара бағалау түрі

«Смайлик» әдісі

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

- сызғышты, қаламды лақтырмау;

- ноутбукты ұқыпты пайдалану, су құйып жібермеу, бетін ұрмау т.б.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу