Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері). Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.


 Көркем еңбек пәнінің қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2А.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

Сабақ мақсаттары

  • Ұлттық мәдениет туындыларын зерделеу және зерттеу;
  • Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін анықтау;
  • Технологиялық, сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту;
  • Симметрия туралы білімдерін тереңдету;
  • Түспен жұмыс істеу;
  • Ұқыптылық пен зерделілікті дамыту.

Жетістік критерийлері

  • сәндік-қолданбалы өнер не екендігін біледі;
  • өнер туындыларының ерекшеліктерін дұрыс анықтайды;
  • өз ойын негіздеп жеткізе алады;
  • түстерді дұрыс үйлестіре алады;
  • жұмысты ұқыпты орындайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сәндік-қолданбалы өнер ( лат. deco — сәндеймін) — бейнелеу өнерінің бір бөлімі, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі.  Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары - металлкерамика, ағаш, қышшыныасыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды

Диза́йн (от англ. design — проектировать, чертить, задумать, а также проект, план, рисунок) — көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау

және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.

Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдареңбек құралдарықару-жарақ), архитектуралықғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.

Сәндік-қолданбалы өнер - Декоративно – прикладное искусство –

Decoratively – applied art

Бұйым – изделие – product

Технология изготовления - manufacturing techniques

Пішін – форма - a form

Нобай – эскиз - the sketch

Құрамы – состав – structure

Ырғақ – ритм – a rhythm

Сызық – линия - the line

Қозғалыс – динамика – dynamics

Кесте – вышивка - an embroidery

Тігіс – стежок - a stitch

Өру – плетение - weaving

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделе отырып, мен ….
  • Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын атайтын болсам ....
  • Ою-өрнектердің ... мағынасы бар деп ойлаймын.
  • Қазақ ұлттық мәдениетінің ерекшелігі.... тұрады.
  • Мен ою-өрнек композициясын ..... жасау үшін қолдандым.

Құндылықтарды дарыту

  • Еңбек және шығармашылық
  • Патриотизм

Пәнаралық байланыстар

  • Математика, Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы АКТ дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Практикалық тапсырмалар орындау арқылы алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларын белсендіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

Сабақтың ортасы

11-20 мин

21-35 мин

36-75 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды

Сабақтың басында оқушылардың назарын аудару мақсатында «Симметрия және асимметрия» әдісін қолдану. Оқушыларға симметриялы не асимметриялы дене қозғалысын жасау ұсынылады. Ұтылған оқушылар бір топқа жиналады.

Оқушыларға қоршаған ортадағы ою-өрнектермен безендірілген бұйымдар мен заттарды атауды ұсыну /қоржын, түкті және түксіз кілем, сырмақ, сырдақ, қазақтың ұлттық киім үлгілері – шапан, тақия, кимешек т.б./.

Сәндік-қолданбалы өнер ұғымын ашу, қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы білімдерін анықтау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою:

  • Қандай ұлттық ою-өрнек атауларын білесіздер?
  • Мына заттарды сәндік-қолданбалы өнер туындылары деп атауға болады ма? Неліктен?
  • Кілем тоқымашылығында және киім үлгілерінде ою-өрнектердің қандай түрлері қолданылады?
  • Ою-өрнектерді жасаудың қандай тәсілдерін білесіздер?
  • Ою-өрнек өнері саласында жұмыс істейтін Қазақстан суретшілері мен қолөнершілерін атаңыздар.

Оқушылар түрлі жауап беріп, сабақтың тақырыбын ашады.

Тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау мақсатында қазақтың ою-өрнегінің шығу тарихы, әлем халықтары мен Қазақстанның түрлі аймақтарында өрнектердің, ұлттық киім мен бұйымдардың жасалу ерекшеліктері туралы видеоматериалдар, презентация көрсету.

Практикалық тапсрыма №1.

Ою-өрнектердің пішіндерін, мағыналық мазмұнын зерттеу. Топта ою-өрнектер бойынша зерттеу жазбаларын сурет дәптерлеріне енгізе отырып, постерге бейнелейді.

(Қ) Оқушылар орындалған жұмыстары мен бақылауларын басқа топтарға түсіндіреді. Бір-бірінің жұмысын қажетті ақпаратпен толықтырып, бірге талқылайды.

(МК) Оқушылардың өз бетінше зерттеу жұмысынан кейін, өрнекті композицияның ерекшеліктері мен «симметрия және ырғақ» ұғымдарына түсініктеме бере отырып, өрнектердің жасалу жолдарын көрсету.

Дифференциация: қарапайым. Орташа және күрделі пішінге дейін.

қарапайым

орташа

күрделі

Практикалық тапсырма №2.

) Оқушылар зерттеулерін негізге ала отырып, өздерінің ою-өрнек композицияла-рын жасайды.

Формат: А3/А4

Орындау техникалары: оқушының еркі бойынша /аппликация, графикалық/

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту:

  • Жұмыс орнын керек емес заттардан тазарту.
  • Қайшыны абайлап қолдану;
  • Қайшының жүзін жұмыс істеп болған соң жауып қою;

Аталған тапсырманы орындау барысында оқушылардың графикалық және материалдар, құрал-саймандармен жұмыс істеу тәжірибелік дағдылары дамиды.

(Қ) Сабақ соңында оқушылар өздерінің бақылауларын, жасалынған жұмыстарының орындалу тәсілдері туралы талқылау жүргізеді.

Бағалау: Топтар бір-бірінің жұмыстарын көріп, арасынан:

«Ең креативті композиция»

«Ең ұқыпты орындалған туынды» таңдайды.

Орындалған жұмыстар мен топтардың іс-әрекеті бойынша кері байланыс пен ұсыныстар беру.

Түрлі сәндік-қолданбалы өнер туындылары /түрлі елдердің СҚӨ фотосуреттері/

Қосымша 1

http://bigenc.ru/fine_art/text/1945277 сәндік-қолданбалы өнер

Интербелсенді тақтада СҚӨ туралы бейнеролик қою. Жаңалықтар.

А.Х.Маргулан Казахское народное прикладное искусство /А.Х.Маргулан - Алма-Ата: Онер. Т. 1.-1986.-256 с. Т. 2.- 1987.-288 с. Т. 3.-1987.-288 с.

Литература о ДПИ Казахстана и народов мира.

http://bilu.kz/ornament.php

Казахский орнамент

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі

https://www.youtube.com/watch?v=wuJcO8Q99fs

https://www.youtube.com/watch?v=aib4HAXbuXc қыш құмыра жасау. Корея

Қазақ ою-өрнегі

Қазақтың ұлттықою-өрнектері. Суретші

Е.А.Клодттың салған суреттері http://bilu.kz/ornament.php

Г.Ильяев, Л.Ходжиков және т.б. Қазақстандық суретшілердің туындылары.

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B0%D0%BD%D0%B8_%D0%98%D0%BB%D1%8F%D0%B5%D0%B2 – Г.Ильяев

http://decormaster.kz/st/kazaxskij_ornament.php -

Иллюстрациялық материалдар: сандық бейнелер, өрнек сызбалары.

Практикалық тапсырмалар орындауға қажетті материалдар: А3/А4 форматты қағаз, түрлі түсті қағаз, қалам, сызғыш, қайшы.

Зерттеу жүргізу нәтижелерін жазуға, нобай орындауға арналған сурет дәптерлері.

«Ең креативті композиция»

«Ең ұқыпты орындалған туынды» карточкалары – Қосымша 2

Сабақтың соңы

76-80 мин

Жұмыс орнын тазалау.

Бүгінгі сабақта оқушылардың не үйренгендігін сұрап шығу.

Үй тапсырмасы: тақырыпты қайталау, СҚӨ туралы қосымша мәлімет біліп келу.

Ауызша.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

Сұрақ-жауап алу, практикалық тапсырмаларды орындау нәтижесі арқылы.

Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс істеуін және түзу отыруын қадағалау.

Терезені ашып, ауаны тазартып отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу