Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Ауа перспективасы. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Бөлім: Бөлім 1А Визуалды өнер САБАҚ: | Мектеп: НЗМ ФМБ Алматы қ. | ||
Күні: | Мұғалімнің Т.А.Ә: | ||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | келмегендер | |
Сабақтың тақырыбы: | Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Ауа перспективасы. | ||
Осы сабақта қойылатын оқу мақсаттары | 5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану. | ||
Сабақ мақсаты
| Білу және түсіну
Зерттеу
Сыни ойлау
Білімін қолдану
| ||
Жетістік критерийі |
| ||
Оқытудың тілдік мақсаты | Пәндік лексика және терминология: Перспектива, ауа перспективасы, дымқыл техникасы Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы:
| ||
Дағдыландыру құндылықтарды | Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту Жауапкершілікке тәрбиелеу Оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу | ||
Алдыңғы білімдері | Өнер, тарих, | ||
ИКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны суретшілердің жұмыстарын зерттеу үшін қолдану. |
Жоспар | |||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Жоспарланған іс әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басталуы (5 минут) (10 минут) | Ұйымдастыру кезеңі Каллоборативты ортаны ұйымдастыру Оқушылар алдында сабақтың мақсаты мен міндетін қою. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. Оқушыларға роликтерді қарап шығып, өз түсініктерін айтуды ұсыну. Қазақстандағы пейзаж жанрының қандай ерекшеліктерін білесіздер? Казахстанның табиғаты HD https://www.youtube.com/watch?v=9q9d1zHPFyk Табиғаттың түрлі (орман, шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш) оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді ұсынып, орындату. Көшірмелердегі ауа кеңістігіндегі көкжиек сызығын визуалды әдістерінің ерекшеліктерін талдау. Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, сұрақтарға жауап береді. Бұл картинада жалпы не бейнеленген? Бұл картинада табиғаттың қандай күйі бейнеленеген? Табиғаттың күйін қалай анықтай алдыңыз? Алдағы бейнелеу жоспарын қандай түстер арқылы табамыз? Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің ерекшеліктері неде? Жұмыстың қандай материалдармен орындалғанын айқындау. | Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар / Nature of Kazakhstan https://www.youtube.com/watch?v=DWysE0u_kZ0 https://www.youtube.com/watch?v=YDRPEXGOtJU | |||||
Сабақтың ортасы (10 минут) (15 минут) | Жаңа білім беру: Ауа перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Ауа перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған. Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар, 1 заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз, 2 заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады, 3 заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді. 4 заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді, 5 заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді. Тапсырма: Оқушыларға өз пейзаждарын табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы алдыңғы сабақтардан алған білімдері негізінде орындауын тапсыру. Оқушылар сарамандық жұмысты орындау кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын таңдайды. Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады. Оқушылар көрген жұмыстарынан алған әсерлерінен өздеріне ұнаған табиғатты бейнелеуді жүзеге асырады. Жұмыс барысында мұғалім жеке бастың гигиенасына, қауіпсіздік ережелеріне, материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды басты назарға алады Оқушылар өздерінің қорытынды жұмыстарын жариялап, көрсетеді.
| Суретшілер жұмыстарының көшірмелері И.Айвазовский, И.Шишкин, И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера, К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М. Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар Абжанова | |||||
Сабақтың соңында (5 минут) | Сұрақ-жауап: Табиғаттың не үшін дәл осы күйін бейнеледіңіз? Пейзаждағы табиғатты сипаттап беріңіз? Сіздер сәндік материалдарды қалай қолдандыңыздар? Кеңістікті қалай бейнеледіңіздер? Сабақ соңында оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын талқылайды, ұсыныстар береді. Алдын ала белгіленген критерийлер бойынша жұмыстарын бағалайды. | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – кең қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Барынша қабілетті оқушылар үшін қандай жұмыс түрлерін жоспарлап отырсыз? | Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлай-сың? | Пәнаралық байланысДенсаулық және қауіпсіздікИКТҚұндылықтар | |||||
Бастапқы кезең Алдын ала материалдарды зерттеу бойынша өзіндік жауаптар. Оқушылар алдында тапсырма қою үшін дайындалған, табиғи және композициялық материалдар арасында айырмашылықты түсінуді көрсететін жазбаша тізімдер Ортаңғы кезең Жеке оқушылардың тәжірибеге үлесін бақылау және ауызша пікірді қамтамасыз ету Қорытынды кезең Оқушылардың тәжірибеге тең топтық пікір білдіруі | Пәнаралық байланыс: ИКТ | ||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге? |
| ||||||
Қысқаша бағалау Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)? 1: 2: Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)? 1: 2: Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?