Натюрморт өнері, Ұлттық үлгідегі сәндік натюрморт. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
Натюрморт өнері, Ұлттық үлгідегі сәндік натюрморт
Сабақ мақсаттары
Оқушылар Қазақстандық және әлемдік суретшілердің (натюрморт) туындыларын зерттеп, қарастырады, заттарды қолдана отырып қағаз бетіне композицияның ержелерін ескере отырып конструкциясын тұрғызады
Жетістік критерийлері
Қазақстандық және әлемдік суретшілердің (натюрморт) туындыларын біледі.
Форматқа композициясын құрастыра алады.
Түспен орындайды
Жұмыстарын таныстыра алады.
Терминология
Өнердің қайта өркендеуі, заманауи өнер, мүсін, пейзаж, натюрморт, дақ, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық.
Натюрморт (фр.Француз тілі nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді. Натюрмортың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан.Натюрморт жанр ретінде 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморттың жан-жақты дамуына ұлттық кескіндеме мектептері ұйытқы болды (17 ғасырда). 19 ғасырда өмір сүрген атақты суретшілер Ф.Гойя, Э.Делакруа, Г.Курбе,Э.Мане, т.б. Натюрморттың өркендеуіне ат салысты. Натюрморт жанрының шыншыл да дәлдікпен өзіндік әсерге ие болуы постимпрессионизм шеберлерінің кезеңіне (В.Ван Гог, П.Сезанн, т.б.) сәйкес келеді. Кейіннен фомизм (А.Матисс), кубиз (П.Пикассо, т.б.) ағымдарындағы суретшілермен қатар Мексика (Д.Сикейрос), Италия(Р.Гуттузо) шеберлерінің еңбектерінен де натюрморт көрініс тапты. Кеңестік дәуірде натюрморт жанрында П.П. Кончаловский, И.И. Машков, М.Сарьян ерекше танымал болды. Қазақ суретшілері: Ә.Жүсіпов (“Шыны аяқ”, 1960), А.Ғалымбаева (“Дәмді шай”, 1966), С.Айтбаев (“Кітаптар”, 1966), Т.Тоғызбаев (“Қарбыз бейнеленген натюрморт”, 1974), К.Дүйсенбаев (“Табиғат көрінісі”, 1978), Е.Кәрібеков (“Натюрморт”, 1986), Б.Ақанаева “Күміс натюрморт” (2003), А.Жансейітова “Натюрморт” (2003), т.б. натюрморт жанрының шеберлері атанды.
Айша Гарифовна Галимбаева. Натюрморт
Үлгідегі сәндік натюрморт
http://artisthall.ru/zanyatiya-zhivopisyu/dekorativnyj-natyurmort/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?