Замана байланысы. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Бөлім Болашаққа саяхат | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: Мухаметкалиева Г.Т. | |||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Замана байланысы | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.1 Түрлі дереккөздерден алынған пішіндер мен бейнелерді бақылау негізінде идеяларды талқылау және дамыту. 4.1.4.2 Пішін мен кескін арасын байланыстыратын, бөлшектердің мағыналық түсінігін көрсету. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушылар:
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылардың қолынан келеді:
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір- бірін тыңдай алу, келесі адамның ойын құрметтеу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | |||||||||||
Бастапқы білім | Ғарыш нысандары туралы, ғарыш кеңістігінің бөліктері және ерекшеліктері туралы білімі бар. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | 1. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
|
| ||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут 7 минут 6 минут 22 минут | 2. Киіз үйді жасау кезеңдері және ЭКСПО 2017-нің ең негізгі ғимараты- сфера туралы видеороликті қарау. А) Тарату материалын қолдану- салыстыру. (Астана қаласындағы сфера мен киіз үйдің суреті) Талқылауға арналған сұрақтар: - Сіздер видеодан не көрдіңіздер? - Киіз үй мен оның бөліктерін сипаттап беріңіздер. - Сфера мен оның ерекшеліктерін сипаттап беріңіздер. - Осы құрылыстардың ұқсастықтар мен айырмашылықтары неде? - Киіз үйдің қандай бөліктері Сфераны жасау үшін негіз болды? - Киіз үй қандай материалдардан құралған? - Сфера қандай заманауи материалдардан жасалған? Кері байланыс. Балалар, «Замана байланысы» ұғымын қалай түсінесіздер? 3. Құрылыста қолданылатын түрлі материалдар туралы презентацияны қарау. Талқылауға арналған сұрақтар: - Болашақтағы түрлі сәулет құрылыстарында қандай материалдарды қолдануы мүмкін? Кері байланыс. «Болашақ энергиясы» ұғымын қалай түсінесіздер? 4. Практикалық жұмыс. А) Түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлерді қолдана отырып, болашақ ғимараттың нобайын жасау; Б) Дескрипторлар бойынша өзін- өзі бағалау: - ғимаратты бейнеледі; - ғимараттың қолдану мақсатын анықтады; - болашақтағы энергияны қолданды; - ерекше пішіндер қолданды; - әсерлі бояды. С) Жұмыстарын қарау. Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады? | Киіз үйді жасау туралы видео https://www.youtube.com/watch?v=mq88F8B4P10
Астана ЭКСПО 2017 https://www.youtube.com/watch?v=0RVI5KBex8A Сфера мен киіз үйдің суреті бар тарату материалдары Құрылыс материалдары туралы презентация Өсімдік суреттері бар тарату материалдары | ||||||||||
Сабақ соңы 3 минут | 5. Рефлексия: Сабақта не қолдарыңыздан келді? Сабақта не қолдарыңыздан келмеді? Жұмысыңызды жақсарту үшін не істейсіз? 6. Жұмыс орнын жинау. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Саралау. Кейбір оқушыларға өсімдік түрлері мен жемістерінің суреттері ұсынылады. Солардың негізінде өздерінің болашақтағы ғимаратын жасайды. | Мұғалімнің бақылауы. Дескрипторлар бойынша өзін- өзі бағалау. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау. | ||||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақтың бірінші бөлігі. 2: Жұмыстың практикалық бөлігі. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?