Болашақтағы сәулет өнері 2-ші сабақ. Көркем еңбек, 4 сынып, презентация.
4 сынып, 8 бөлім
«Болашаққа саяхат»
Сабақтың тақырыбы «Болашақтағы сәулет өнері» (2- ші сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Болашақтағы ғимаратты жасау жұмысын жалғастыру;
Күрделі тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, материалдар мен құралдарды қолдану;
Қауіпсіздік техникасын сақтау.
Ыстық желімді, кескіш және өткір құралдарды пайдалану жайлы қауіпсіздік ереже:
1. Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;
2. Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;
3. Еріген желім өте ыстық болғандықтан 5 минуттан кейін ғана ұстау керек;
4. Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;
5. Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;
6. Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.
7. Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;
8. Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет.
9. Қайшыны сабы жағын қаратып ұсыну қажет.
10. Қайшымен ойнауға БОЛМАЙДЫ!
11. Сыныпта қайшының ашық жүзімен жүруге БОЛМАЙДЫ!
12. Бізбен тек мұғалім жұмыс істейді!
Дескрипторлар арқылы өзін- өзі бағалау:
- құрылыстың қандай бөлігін өңдеу қажеттігін анықтайды;
- жылтыр беттерін гуашь пен сұйық сабынның қоспасын қолдана отырып бояйды;
- бояудың сапалы болып шығуы үшін бірнеше қабат бояйды;
- қажетіне қарай түсті қағаз бен басқа да материал қолданады;
- жұмысын ұқыпты орындайды;
- жұмыс орынын жинастырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?