Болашақтағы сәулет өнері. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 тарау: Болашаққа саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні: 4

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова А.Ж.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашақтағы сәулет өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, өзідігімен таңдалған материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолданып, эксперимент жүргізу

Сабақ мақсаттары

  • Шығармашылық идеялар жеткізу үшін, әртүрлі техникалар мен материалдарды қолдану;
  • Таңдаған құралдармен және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Жетістік критерийлері

Оқушы:

  • Болашақ қалалары туралы бейнематериал тамашалайды;
  • Түрлі қалдықтардан ғимараттың макетін орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминдер

  • Болашақ, экология, энергия, құрылыс, макеттер
  • қалам, сәулет өнері, инженер
  • өз ғимараттары.
  • Түтікше, қағаз, қарындаш, балмұздақ түтікшесі, пластик бөтелкелері, шырынның қорапшалары, сірінкенің қорапшалары.

Неліктен екенін айта аласыз ба?

  • Болашақ технологиясында айырықша не?
  • Болашақ қаласының сәулетшілері, инженерлері неге мән береді?
  • Болашақ қалалары қоршаған ортаны сақтау, экологиямен қалай байланысты?

Неліктен екенін айта аласыз ба…?

  • …конструкцияның бұл түрін неліктен таңдадыңыз?
  • …құрылыста қоршаған ортаны сақтауға мән беру қажет пе?

Құндылықтарды дарыту

Азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Астрономия

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Сабақтың түрі - дағдыларды қалыптастыру.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

2. №1 тапсырма. Оқу әдістемесі визуалды, жұмыс түрі фронталды, қабылдау - жаңа ақпараттың игерілуі.

3. Бейнефрагменттер қарастыру.

Болашақ қалалары туралы бейнематериал тамашалыңыздар.

Болашақ қала бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=VJdiEiqt5L8

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Болашақ технологиясында ерекше не көрдіңіздер?
  • Болашақ қалаларының сәулетшілері инженерлері неге мән береді?
  • Болашақ қалалары қоршаған орта мен экологияны сақтауда өзара қалай байланысты?
  • Заманауи ауылдар мен қалалардың болашақ технологияларымен байланысы бар ма?

4.Кері байланыс: оқушылар ұсынылған жұмыстарға байланысты сұрақ қоя алады.

5.Қалыптастырушы бағалау: Толық қызықты жауаптар үшін оқушыларды мақтау.

Болашақ қала бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=VJdiEiqt5L8

Үй макетің жасау

http://bebiklad.ru/podelki/domik-iz-bumagi

Сабақтың ортасы

30 минут

2 минут

6. Тапсырма №1. Бұл әдіс практикалық, жұмыс түрі жұптық/топтық болып табылады.

Тәжірибелік жұмыс

Макет ғимараттарын жасаудың түрлі техникаларын қарастырыңыздар.

Қолда бар материалдардан ғимараттың макетін орындаңыздар. Мысалы, қағаздан жасалған түтікшелер, балмұздақ таяқшалары, пластик бөтелкелері, шырынның, сіріңкенің қорабшалары және т.б.

7.Сергіту сәт:

Бір, екі,Тарта шеті.Үш, төрт,Ерінбестен бас көтертБес, алты,Қолын артқа.Жеті сегізОтыр дейміз

Өткір кесуші құралдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік сақтаңыздар.

8.Қайшымен жұмыс істегенде:

- қайшыны белгілі бір жерде (қорапта) сақтау;

- қайшымен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтау;

- қайшының қосылып жабылған ұштарын өзіңнен әрі қаратып қою.

Өткен сабақта оқушылардың жасаған болашақ ғимараттарының нобайларын біріктіріп, болашақ қаласының үлгісін жасау ұсынылады. А2 форматына қаланың бір ауданының үлгісін жасау барысында, ландшафттық дизайн ұғымының ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіздер. Болашақ қаласының көшелерінің, ғимараттарының орналасуын қарастыру ұсынылады.

Оқушылар А4 форматында орындаған ғимараттарының нобайларын қиып алады. Топта А2 форматына оларды орналастырады. Сол арқылы оқушылар болашақ қалада ғимараттардың макеттерінің композициялық орналасуын жоспарлайды. Қосымша тапсырма ретінде оқушылар ландшафттық дизайнның элементтерін ойластыра алады.

Ғимараттың макетін жасау барысында макеттің масштабына және олардың өзара сәйкестігіне, пішініне және түстік шешіміне мән беру қажет. ,

Оқушыларға макеттерін жасау үшін жұмыс орнын ұйымдастырыңыз.

Жұмыс істеу үшін қажетті материалдар мен құралдар оқушыларға қолжетімді болуы тиіс.

Практикалық жұмысты орындау кезінде материалдарды зерттеу қажет.

Мұғалім экспериментті бақылап, қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалау қажет.

Келесі сабақта жұмыстарын аяқтау үшін оқушыларға қажетті материалдарды алып келу керектігін еске салыңыз.

9. Кері байланыс:

  • Сіз қандай қиындықтармен кездестініз?
  • Қалай ойлайсыз бұл сіздің қолыныздан келеме?

Балмұздақ таяқшалары, пластикалық бөтелкелер, шырын сыққыштары, шертпелер, сым

Желім таяқшасы, PVA желім, қайшы, жабысқақ таспа

Түрлі түсті қағаз, фольга.

Сабақтың соңы

3 минут

10. Бағалау

- ғимараттың эскизін орындайды;

- көлем береді;

- жұмыс креативті.

11. Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

    • нені білдім, нені үйрендім?
    • нені толық түсінбедім?
    • немен жұмысты жалғастыру қажет?

12. Үй жұмысы: келесі сабаққа қажетті түрлі көркемдік және қолда бар материалдарды алып келіңіздер.

13. Жұмыс орның жинау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    • Мұғалім қолдауының дифференциациясы.
    • Жұмысты құрғанда бір-бірін қолдауға арналған дифференциация.

Өзара бағалау;Бір-бірін бағалау;Оқытушының байқауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу