Объективте ғарыш. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 тарау: Ғарышқа саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласы, ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова А.Ж.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Объективте ғарыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау

Сабақ мақсаттары

• Бейне материалдар мен фотосуреттерді көріңіз, өз жұмысында табиғатпен құрылған пішіндерді қолдану;• Граттаж техникасында ғарыштық пейзажын орындау.

Жетістік критерийлері

Оқушы:

  • Идеяны дамытуға арналған видео фрагментті және фотосуреттерді қарайды;
  • Граттаж техникасында шығармашылық жұмыстарды орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминдер

  • телескоп Хаббл, ғарыш, Бүкіл әлем, Күн, граттаж

Неліктен екенін айта аласыз ба?

  • Ғарыш кеңістігіндегі қандай обьектілерді таңдайсыз?
  • Сіздің елестетуіңізде олар қалай көрініс тапқан?

Құндылықтарды дарыту

Азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Астрономия

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

5 минут

2. №1 тапсырма Оқу әдістемесі визуалды, жұмыс түрі жеке болып табылады. (1 слайд)

Бейнематериалды тамашалап, сөйлемді жалғастырыңыз:

  • Сабағымыздың тақырыбы…
  • Ғарыш - бұл…
  • Ғарышта бар…
  • Күн жүйесі – бұл…
  • Жұлдыз - бұл…
  • Күн жүйесінің ғаламшарлары …

1. Сабақтың түрі - дағдыларды қалыптастыру.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

(2 слайд)

Хаббл телескопы арқылы жасалған фотографияларды қарастырыңыз. Ғарыштық пейзаждардың түстік гаммасына назар салыңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Ғарыш әлемінің денелері неге ұқсатуға болады? (фейрверкке, тұнық теңізге, бағалы тастар сияқты жалт-жұлт етеді және т.б)
  • Ғарыш әлемінің фотосуреттеріндегі бейнелерді қайда қолдануға болады?(интерьерді әсемдеуге, ыдыс, киімдерді әсемдеуге, сәулет өнерінде және т.б.)

Граттаж техникасының орындалы кезеңдері туралы бейнесюжет немесе фотосуреттерді тамашалаңыздар.

Кері байланыс: оқушылар ұсынылған жұмыстарға байланысты сұрақ қоя алады.

Қалыптастырушы бағалау: Толық қызықты жауаптар үшін оқушыларды мақтау.

Техника «граттаж»

https://www.youtube.com/watch?v=6cWkO0Eybn0

Фотографии космоса с телескопа Хаббл

http://v-kosmose.com/top-100-fotografiy-habbla-1/

http://poisk-ir.ru/design/portfolio/p-best/best32/#lg=1&slide=10

Сабақтың ортасы

30 минут

2 минут

3. Тапсырма №1

Тәжірибелік жұмыс (3,4,5 слайд)

Бүгін сіздер «граттаж» тәсілін қолданып жұмыс жасайсыздар. Граттаж (франц. Grattage, gratter - қыру, тырнау), тушьпен жабылған қатты қағазды өткір құрал арқылы суретті орындау әдісі.

- Бұл тәсіл графикаға жатады.

Бұл жұмысқа назар аударыңыздар. Бұл суретте не көрсетілген?

- Ғарыш, дұрыс. Менің ойымша, бұл әдіс кеңістіктің сұлулығын жақсы жеткізе алады. Балалар, сіздердін қара парақтарыңыз түнгі аспанға ұқсайды, жаңа техниканы пайдаланып, қиялыңызды қосып, ғажайып ғарыштық иллюзияны жасайсыздар.

- Сіздің алдарыңызда дайын парақтар жатыр, оларды қалайша реңкке келтіретінін айтайын:

Алдымен парақты акварель бояумен жабыңыздар, бояу кепсін, содан кейін қағазға балауыз жағыңыздар.

Қара гуашь бояуына немесе тушьқа сәл сұйық сабын немесе шампунь қосыңыз, жақсылап араластырыңыз және дайындалған парақты осы қоспамен жабыңыздар. Бояуды жақсылап кептіріңіздер.

 Енді, ен қызықтысы! Кез келген өткір затпен тырнап сурет саламыз. Қара фонда түсті соққылардың суреті пайда болады.

Ғарыш тақырыбы әрқашан ерекше, қиялданындар. Сіздерге планеталар бейнелеуге, өзіңіздің зымырандарыңызды, жарқын жұлдыздарды, кометаларді және тағы басқаларды бейнелей аласыздар.

Жұмысқа кіріспес бұрын, асықпаңыздар, ойланыңыздар қандай сурет саласыздар, өйткені қайтадан өшіре алмайсыздар.

Жұпта, топта композицияларыңызда планетаның қандай обьектілері болатындығын талқылаңыздар. Мысалы, планеталар, кометалар, алыстағы жұлдыздар және т.б.

А3 форматындағы қағазда жұпта және кішігірім топта граттаж техникасында космостық пейзаж жасаңыздар. Таңдалған обьектінің бейнесін көріңіздер.

Жұмыстарыңызға атау қойып, сыныптастарыңызға шығармашылық жұмыстарыңыздың идеясы жайында әңгімелеңіздер.

4. Кері байланыс:

  • Сіз қандай қиындықтармен кездестініз?
  • Қалай ойлайсыз бұл сіздің қолыныздан келеме?

Формат А4, гуашь, акварель, түрлі-түсті бор, қылқалам, стақан, палитра, сұйық сабын, балауыз.

Сабақтың соңы

3 минут

5. Бағалау

- кеңістіктің эскизін орындайды;

- кеңістікті береді;

- жұмыс ұқыпты.

6. Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

    • нені білдім, нені үйрендім?
    • нені толық түсінбедім?
    • немен жұмысты жалғастыру қажет?

7. Үй жұмысы: келесі сабаққа қажетті түрлі көркемдік және қолда бар материалдарды алып келіңіздер.

8. Жұмыс орның жинау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    • Мұғалім қолдауының дифференциациясы.
    • Жұмысты құрғанда бір-бірін қолдауға арналған дифференциация.

Өзара бағалау;Бір-бірін бағалау;Оқытушының байқауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу