Грэйг қызғалдағы. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 тарау: Қоршаған ортаны қорғау | Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Мерзімі: | Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т. | |||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Грэйг қызғалдағы | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.6.1 Шығармашылық идеяларды дамыту барысында түрлі ақпарат көздерінен деректер таңдау. (АҚТ қосқанда). 4.2.3.1 Нақтылықты сақтай отырып, белгілі компоненттер мен материалдарды қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың қолынан келеді:
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География | |||||||||||
Бастапқы білім | Табиғат құбылыстары туралы ақпарат. Олардың таңғажайып, сонымен қатар адамға қауіпті әсерлері туралы ақпаратты біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1 минут | 1. Амандасу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
|
| ||||||||||
Сабақ ортасы 36 минут | 2. 5 бөлім үшін жиынтық бағалау жұмысын орындау. (5 минут)
3. Бұл тамаша гүлдердің өсетін мекені жайында видеоролик қарау. (6 минут) Сұрақтарға жауап беріңіздер:
4. Анықтамалық материалмен жұмыс. Оқып шығып, өзіне ең маңызды ақпаратты таңдап алу. Содан кейін бір- біріне айтып беру. (5 минут, жұптық жұмыс) 1-ші оқушыға арналған ақпарат: Грейг қызғалдағы (Регель қызғалдағы, Tulipa greigii) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, Қоржынтауда, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40 – 50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңгі бетінде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі – қорапша. Грейг қызғалдағы – өте әдемі, сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталған. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарында қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ — лалагүлділер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Шу-іле тауларында, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40-50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңті бетіңде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативі (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі — қорапша. Грейг қызғалдағы — өте сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталган. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарыңда қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның 235 "Қызыл кітабына" енгізілген. 2-ші оқушыға арналған ақпарат: Биіктігі 20-50 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 2,5 - 4 см, көн тәрізді қара қоңыр, ішкі жағы, әсірісі түбі мен ұшы қалың түкті қабықты. Сабағының жоғарғы жағы түкті, жапырақ саны - 3 - 4, шамалы жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, көкшіл сұр, жоғарғы жағында көптеген күлгін дақтары бар, жоғарғысы едәуір түкті, кірпікшелі, әдетте гүлге жетеді, ең төменгісі сопақшадан жалпақ эллипске дейін тәрізді, ені 3,5 - 8 см. Сыртқылары түкті, жұмыртқа тәрізді, жоғарғы жағы қайырылған, ішкісінен шамалы қысқа, ішкілері кері жұмыртқа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, олардығ жіпшелері жалаңаш, сары немесе қаралау, тозаңдықтары сары, сирек күлгін, жіпшелерінен 2 есе ұзын, түйіні орнықты ауызды; қорапшасының ені 2 - 3 см, ұзындығы 4 - 6 см. Мамыр - маусым айларында гүлдейді. Шағыл тасты және сазды топырақты далаларда, аласа тау мен тау етегінде өседі. Қызылорда, Түркістан флористикалық аудандарында Іле, Күнге" Алатауының батыс сілемдерінде (Шу - Іле тауларының тоғысқан жеріндегі Қордай асуы маңында), Қырғыз Алатауы, Шу - Іле таулары, Қаратауда кездеседі. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Кері байланыс. Қалай сендер ойлайсындар неге осы гүл Қызыл кітапқа енгізілген? (1 минут) 5. Грейг қызғалдағы жайында презентация қарау. (3 минут) Кері байланыс: Қызғалдақты жойғанына жаза қолданады ма? Қандай? (1 минут) 6. Практикалык жұмыс (14 минут, жекеше жұмыс түрі) «Оригами» техникасында қызғалдақты және сабағын орындаңыздар. Жасау кезеңдері 1-ші және 2-ші сызбада көрсетілген. 1-ші сызба. 2-ші сызба. Мұғалімнің бақылауы. Жұмыс барысында мұғалім оқушыларды және олардың өзара қарым- қатынасын бақылап жүреді. Саралау. Кейбір оқушыларға шапшаң ойлау қабілетіне ие оқушы сызбаларды оқу үшін көмек көрсетеді. Кері байланыс. Жұмыста қиыншылықтар болды ма? (1 минут) | Грэйг қызғалдағы туралы бейнематериал https://www.youtube.com/watch?v=BRax7MG1OaY Түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш. Тарату материалдары | ||||||||||
Сабақ соңы 2 минут | 7. Рефлексия: «Сәттілік шалғындығы». Оқушылар тақтаға шығып шалғындыққа белгілі бір түстің гүлін іледі. Қызыл гүл- сабақта барлығы қолынан келді; Сары гүл- қиындықтар болды, бірақ мен оларды шеше алдым; Көк гүл- менде ештене шықпады. Жұмыс орнын жинау кезеңі. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Саралау. Кейбір оқушыларға шапшаң ойлау қабілетіне ие оқушы сызбаларды оқу үшін көмек көрсетеді. | Мұғалімнің бақылауы. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақтың теориялық кезеңі. 2: Сабақтың практикалық бөлігі. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылармен бірге сызбаларды дұрыстап қарастыру қажет болды. 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Кейбір оқушылар сызбаны оқуға қиналды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?