Үкі. Көркем еңбек, 4 сынып, дидактикалық материал.
Оқушыларға қолдау ретінде
Үкі жайында
Бір оқушыға
Үкі – жапалық тұқымдастарына кіретін жыртқыш құс. Дене тұрқы ірі (3 кг дейін жетеді), үлкен сарғылт көздері бар, басында «құлақшаға» ұқсас жүні болады. Ал жүндерінің түстері жыл мезгіліне, мекендейтін аймағына және жеген қорегіне байланысты әртүрлі болып келеді. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады. Бұл құс түрлері негізінен орманды алқаптарда, таулы аймақтар мен далалы жерлерге мекендейді. Ол ұясын жасыруға болатын, жыра, жартастарға салады. Ұясындағы 2-5 жұмыртқаны аналығы басады және олар жұптарын ауыстырмайды. Жемтігін көп жағдайда түнде аулайтындықтан көздері қараңғы уақытқа бейімделген. Ірілері қоян, кірпі, тасбақа және балықпен қоректенеді. Қазақстанда жапалық тұқымдас құстардың 12 түрі мекендейтін болса, солардың 10-ы ұя салады. Ел аумағынан үкі, байғыз, орман байғызы, кезқұйрық жапалақ, саз жапалағы, маубас жапалақ, қаршыға реңді жапалақ, қылаң жапалақ, ақ жапалық пен құлақты жапалақты кездестіруге болады. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген. Үкі жайында Келесі оқушыға |
Үкі – отырықшы құс.Себебі ол жыл маусымдарына және қорегіне байланысты Орта Азияда қыста - құстармен, Оңтүстікте жазда - кемірушілермен, қосаяқтармен қоректенеді. Жапалақтәрізділер отрядының 135 түрі бар. Оның 12 – сі Қазақстанда мекендейді. Жапалақтәрізділердің ішінде тек ғана үкі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Үкінің балапаны қызылшақа болады. Бұндай балапанның құлағы жұмулы, құлақ тесігі жабық, денесінде мамығы жоқ, ата - анананың қамқорлығына зәру болады. Үкі балапанын 30 - 35 күнде шығарады. Үкінің қауырсынындағы елібтері жауын - шашынды және жел – құзды өткізбейді. Үкі 68 жыл өмір сүреді.
Үкі - қыртөстілер – баяу қозғалатын - түнде жемін аулайтын жыртқыш - жыл құсы. Орманды, даланы, таулы жерді мекендейді. Ұясын жартасқа, жыраға, жасырын жерлерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене тұрқына қарай 2 - 12 жұмыртқа салады. Жұмыртқасын аналығы басады. Үкінің иіс сезу мүшесі нашар дамыған. Есесіне көру мүшесі мен есту мүшесі жақсы дамыған. Сондықтан олар жемін түнде аулайды. Ұшуға бейімделгендіктен үкіде қуық болмайды. Зәр шығару мүшесі жамбас қуысында орналасқан қызыл түсті екі бүйрегі. Зәр қышқылы екі несеп ағар түтігі клоакаға жалғасады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды.
Құлақ қуысының алдыңғы жағында дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпарлары бар. Үкінің жемсауы болмайды. Үкінің үлкен және кіші қан айналым шеңбері бар. Жүрегі 4 бөлікте 2 құлақша, 2 қарыншадан тұрады. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?