Үкі. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 тарау: Қоршаған ортаны қорғау | Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||
Мерзімі:
| Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т. | |||||||||||||||
Сынып:
| Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Үкі | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.1.1 Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді өз сезімдері мен көңіл-күйлерін айқындай отыра, түрлі техника мен тәсілдерді байланыстыра отырып қолдану 4.2.2.2 Жұмысты орындау үшін әртүрлі әдістер мен материалдарды қолданудың тиімді шешімдерін ұсыну | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың қолынан келеді:
| |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Табиғат құбылыстары туралы ақпарат. Олардың таңғажайып, сонымен қатар адамға қауіпті әсерлері туралы ақпаратты біледі. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут |
Видео стартер арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз? (үкі жайында) Ол туралы не білесіздер? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
| Үкінің дауысы | ||||||||||||||
Сабақ ортасы 35минут | 2 Әр оқушыға үкі жайында ақпаратты таратып беру. Оқып шығып, бір- бірімен бөлісу. (жұптық жұмыс, 7 минут) Бір оқушыға: Үкі – жапалық тұқымдастарына кіретін жыртқыш құс. Дене тұрқы ірі (3 кг дейін жетеді), үлкен сарғылт көздері бар, басында «құлақшаға» ұқсас жүні болады. Ал жүндерінің түстері жыл мезгіліне, мекендейтін аймағына және жеген қорегіне байланысты әртүрлі болып келеді. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады. Бұл құс түрлері негізінен орманды алқаптарда, таулы аймақтар мен далалы жерлерге мекендейді. Ол ұясын жасыруға болатын, жыра, жартастарға салады. Ұясындағы 2-5 жұмыртқаны аналығы басады және олар жұптарын ауыстырмайды. Жемтігін көп жағдайда түнде аулайтындықтан көздері қараңғы уақытқа бейімделген. Ірілері қоян, кірпі, тасбақа және балықпен қоректенеді. Қазақстанда жапалық тұқымдас құстардың 12 түрі мекендейтін болса, солардың 10-ы ұя салады. Ел аумағынан үкі, байғыз, орман байғызы, кезқұйрық жапалақ, саз жапалағы, маубас жапалақ, қаршыға реңді жапалақ, қылаң жапалақ, ақ жапалық пен құлақты жапалақты кездестіруге болады. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген. Келесі оқушыға: Үкі – отырықшы құс.Себебі ол жыл маусымдарына және қорегіне байланысты Орта Азияда қыста - құстармен, Оңтүстікте жазда - кемірушілермен, қосаяқтармен қоректенеді. Жапалақтәрізділер отрядының 135 түрі бар. Оның 12 – сі Қазақстанда мекендейді. Жапалақтәрізділердің ішінде тек ғана үкі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Үкінің балапаны қызылшақа болады. Бұндай балапанның құлағы жұмулы, құлақ тесігі жабық, денесінде мамығы жоқ, ата - анананың қамқорлығына зәру болады. Үкі балапанын 30 - 35 күнде шығарады. Үкінің қауырсынындағы елібтері жауын - шашынды және жел – құзды өткізбейді. Үкі 68 жыл өмір сүреді. Үкі - қыртөстілер – баяу қозғалатын - түнде жемін аулайтын жыртқыш - жыл құсы. Орманды, даланы, таулы жерді мекендейді. Ұясын жартасқа, жыраға, жасырын жерлерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене тұрқына қарай 2 - 12 жұмыртқа салады. Жұмыртқасын аналығы басады. Үкінің иіс сезу мүшесі нашар дамыған. Есесіне көру мүшесі мен есту мүшесі жақсы дамыған. Сондықтан олар жемін түнде аулайды. Ұшуға бейімделгендіктен үкіде қуық болмайды. Зәр шығару мүшесі жамбас қуысында орналасқан қызыл түсті екі бүйрегі. Зәр қышқылы екі несеп ағар түтігі клоакаға жалғасады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды. Құлақ қуысының алдыңғы жағында дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпарлары бар. Үкінің жемсауы болмайды. Үкінің үлкен және кіші қан айналым шеңбері бар. Жүрегі 4 бөлікте 2 құлақша, 2 қарыншадан тұрады. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек. Қалай сендер ойлайсындар неге осы құс Қызыл кітапқа енгізілген? Қазақ дәстүрінде үкінің мамығы қолданылған, не үшін деп ойлайсыздар? (үкі қауырсыны тіл- көзден қорғаныш ретінде қолданылған. Оны бас киімге, баланың бесігіне, домбыраға таққан) Кері байланыс. Сіздерге не түсініксіз болды? (1 минут) 4. Практикалык жұмыс (жекеше жұмыс түрі, 28 минут) «Пуантилизм» техникасында филиннің суретін салыңыз. Оқушыларға осы техника жайында естеріне түсіру. Суға батыру әдісін қылқаламмен көрсету. Кері байланыс. Жұмыста қиыншылықтар болдыма? (1 минут) Мұғалімнің бақылауы. Жұмыс барысында мұғалім оқушыларды бақылап жүреді, кейбір оқушыларға көмек көрсетеді. Тарататын материал арқылы. Саралау. Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады. Тарату материалы түрінде: үкінің түрлі түсті суреті. Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиыншылық туындады? (1 минут) | Тарту материалдары Альбом, гуашь, қылқаламдар, палитра, су құйғыш, алжапқыш. Тарату материалдары: үкінің түрлі түсті суреттері . | ||||||||||||||
Сабақ соңы 3 минуты | 4. Рефлексия: «Сәттілік шалғындығы». Оқушылар тақтаға шығып шалғындыққа белгілі бір түстің гүлін іледі. Қызыл гүл- сабақта барлығы қолынан келді; Сары гүл- қиындықтар болды, бірақ мен оларды шеше алдым; Көк гүл- менде ештене шықпады. 7. Жұмыс орнын жинау кезеңі. Ү/Ж үкінің бйнесін аяқтау. | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Саралау. Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады. Тарату материалы түрінде: үкінің түрлі түсті суреті. | Мұғалімнің бақылауы. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау. | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақтың теориялық кезеңі. 2: Сабақтың практикалық бөлігі. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?