Өмір ағашы. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 тарау: Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Намазбеков Т.Р.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өмір ағашы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау

4.2.2.1 Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, өзідігімен таңдалған материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолданып, эксперимент жүргізу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар әртүрлі техникада өмір ағашын бейнелейді

 Жетістік критерийлері

Оқушылар жалпыадамзаттық табиғатқа, қоршаған ортаға деген махаббат сынды түсініктермен танысады. Оқушылар отбасының нышанын құрып, жақындарымен бірге қоршаған отраны қорғап ол туралы насихаттайды

 Тілдік мақсаттар

 

Онда келесілер қарастырылған:

  • Грэйг Қызғалдағы, қарағай, әлемдік ағаш, Бәйтерек
  • Оригами, пуантилизм, аппликация, коллаж.
  • Қазақстанның Қызыл Кітабы, Тянь-Шаньдық қоңыр аю, манул, жайран, қар барысы, қызыл қасқыр, орман күзені
  • аққұтан, қызғылт қоқиғаз, бүркіт, қара дегелек, үкі

Конструкциялау, модельдеу, біріктіру, кезеңдер.

Талқылау үшін сұрақтар:

Табиғатта бұл гүлдерді көрдіңіздер ме? Қайда?

Сізге жұмыс үшін не қажет болады?

«Оригами» техникасының айырықша ерекшеліктері қандай?

Бұл бейнелер өзара қалай байланысады?

Бұл аңызда сізге не ұнады?

Неліктен екенін айта аласыз ба?

… Бәйтеректі өмір ағашы деп атаған ба?

… сізге бәрінен бұрын осы техника ұнады ма?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Қоршаған ортаны, табиғатты онда өсіп өніп жатқан тіршілік иелерін, өсімдіктерін қорғап күтіп баптауды, табиғат пен адам егіз ұғымын бойға дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

Музыка, дүние тану, әдебиет. Осы пәндермен байланыстыра отырып олар өзге елдің музыкасын, дүние танымын, мәдениетін түсініп ұғынады.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ ны қолданады оригами мен кәде сый үлгілерін көріп біледі

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда алған білімдері негізінде қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыруды әрі қарай жалғастырады. Олар түрлі материалдар мен құралдарды қолдана отырып, құрылымдап, әсемдейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

- оқушылардың көңілін сабақтың тақырыбына аудару.

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау.

- күтілетін нәтиже: сабақ соңында оқушылар әртүрлі техникада өмір ағашын жасап, әдемілеп безендіреді.

Сабақ барысын достық, махаббат, мейірімділік жайлы сұрақ жауаппен бастаймыз:

  • Өмір ағашы туралы не білесің?
  • Өмір ағашын бейнелеуді әртүрлі техникада орындаудың айырықша ерекшеліктері қандай?

Бұл бейнелер өзара қалай байлнысады?

Сабақтың ортасы

(Ж) Байтерек пен ағаштың суретін қарастырыңыз. Ойланып, сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Суреттер өзара қалай байланысты?
  • Суреттерді сипаттаңдар.
  • Байтерек қай жерде орналасқан?

(С) Байтерек жайында аңызды тыңдаңыздар. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Байтеректі неліктен өмір ағашы деп атаған?
  • Бұл аңызда сіздерге не ұнады?

(С) Екі ақаштың суреттерін салыстыра отырып, сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Бұл суреттер несімен ерекшеленеді?

- Суретші ағашты қалай әсемдеді? (мұндай ағашты стильдендірілген ағаш деп атайды)

(Ж) Материалдарды таңдай отырып, техниканы анықтап, стильдендірілген ағашты бейнелеңіздер.

Жұмысқа кіріспес бұрын, мынаны ой елегінен өткізіп алыңыздар:

  • стильдендірілген болса, қандай сызықтар мен пішіндерді қолданасыздар;
  • діңін, бұтағын және жапырақтарын қалай бейнелер едіңіздер;
  • жұмысты қандай материалдармен орындар едіңіздер (фломастер, гуашь).

Бәйтерек туралы аңыз https://www.expost.kz/legenda-bayterek.html

Бейнелеуге арналған құралдар:

гуашь, қылқаламдар, су құятын ыдыстар;

Фломастерлер;

А2 форматтағы қағаздар (ватманның жартысы) немесе А3 (дифференциация) немесе А3 форматындағы түрлі-түсті қатырма қағаз,

Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, ПВА желімі

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралап іріктелген тапсырмаларды оқушылардың икем ыңғайына қарай, жеңіл және күрделі түрде бөліп орындауларына мүмкіндік беру.

Ең бірінші отбасының маңыздылығын ашып алып,оған деген сый құрмет,махаббатты бағалау. Жақындарыңа арнап кәдесый торсықтың оңай, тез жасалу жолдарын көрсетіп үйретемін.Бұл жайында видео сілтемеде көре аламыз.

Саусақ буындарына арналған жаттығулар жасаймыз.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Өткір құралдармен жұмысты абайлап істеу керектігін ескерту

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу