Қазақ халқының аңызы. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Мәдени мұра. |
| |||||||||||||||||||
Сынып, күні: 4 |
| |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ халқының аңызы. | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.4.1 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді әртүрлі жұмыс техникаларын қиыстыра отырып, жеткізу. 4.2.1.1 Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді өз сезімдері мен көңіл-күйлерін айқындай отыра, түрлі техника мен тәсілдерді байланыстыра отырып қолдану | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Пәндік лексика және терминология: Түйе, аңыз, шөл, пейзаж; Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Әлем мәдениетінің әртүрлілігіне құрметпен қарау және ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту үшін жағдай жасау. Бір-бірін тыңдай білу қабілеті. Бір-біріне құрметпен қарау. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, көркем әдебиет. | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1. Амандасу. Ұйымдастыру кезеңі «Деннисон Крюктары» тренингі. Мақсаты:Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жағымды көңіл-күй орнату. «Деннисон Крюртері» сабақ алдында орындалады.Жаттығу эмоциялар мен ойлау процестерін үйлестіруге арналған. Бұл психикалық стрессті әлсіретеді, тиісті іс-әрекеттерге ықпал етеді, жаңа ақпаратты қабылдауға көмектеседі, өзгелердің көзқарастарын жақсы түсінуге көмектеседі. Отырып немесе тұрып орындауға болады. 1. Өзіңе ыңғайлы етіп толарсағыңды (лодыжки) айқастыр. 2. Қолыңды айқастырып, саусақтарыңды «құлып» етіп қос. Қолыңды айналдырып бұра. Қол туралы толығырақ. Қолыңды алға соз, алақандар бір-біріне сыртымен, ал бас бармақ төмен қарап тұрсын. Сосын қолдарыңды айқастыр, яғни бір қолыңды екінші қолыңның үстінен өткіз. Енді алақаныңды қосып, саусақтарыңды «құлыпта». Енді қолдарыңды төмен түсіріп, кеуде тұсында шынтағың төмен қарап тұратындай етіп қолыңды бұра. 3. Осы қалыпта тұрып, тіліңді үстіңгі тістеріңнің жанына тіре. 2. Қызығушылық-мотивациялық кезеңі Мақсаты:Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу. -Балалар сабағымыздің тақырыбын анықтап алайық. (№1слайд) «СТАРТЕР» әдісі -Тақтадағы сөздерді оқыңдар. Бұл сөздердің қандай ортақ қасиеті бар? -Бұл сөздер бір-бірімен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? Алтын адам.Жиренше шешен.Бәйтерек.Алдар көсе. Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру. Мүмкін болатын жауаптар: Бұл аңыздардың атаулары, аңыздардағы кейіпкерлер. -Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар? Бүгін сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының аңызы. Сабақ мақсаттарымен таныстыру. | Аңыз әңгімелер https://yandex.kz/video/search?text=Қазақ%20халқының%20аңыздары Қазақ халқының аңыздарыhttp://www.ertegi.ru/index.php?id=8 «Көшпелі халықтың бір жүз аңыздары, аңыздары мен ертегілері» сайты http://www.kazpravda.kz/interviews/view/sto-legend-mifov-i-skazok-kochevogo-naroda/ | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут 19 минут | (МК) 1-тыңдалым Аңыздар жайлы аудио тыңдату «Аңыз әңгімелер». Мақсаты:Аңыздар жайлы алғашқы түсінік қалыптастыру. -Балалар аңыз дегеніміз не? Кім біледі? -Ендеше жауаптарынды толықтыру үшін қысқа ғана аудиоматериалды тыңдайық. Бейнематериал тыңдау: https://yandex.kz/video/search?text=Қазақ%20халқының%20аңыздары. (Ұ,Қ) Тыңдалымнан кейінгі сұрақ-жауап -Ал балалар не түсіндіндер? Жауап: Аңыздарда, халық қиялынан пайда болған кейіпкерлер өмір сүреді. Олар өз қаһармандықтарымен кемендіктерімен халық өмірінде болған үлы оқиғаларды бейнелейді. Аңыздар ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіліп отырады.
-Ендеше біз бүгін бір аңызбен танысамыз. Оның не туралы екенін анықтау үшін жұмбақ шешіп көріңдер. (№2 слайд) Кезекті бір жануар. Үстінде екі тауы бар. (Түйе) -Балалар, түйе қандай жерлерді мекендейді? Мүмкін болатын жауап: Шөл далаларды мекендейді. -Ендеше «Шөл және түйе» атты қазақ халқының аңызын таңдаңдар. (МК) 2-тыңдалым «Шөл және түйе» аңызы Мақсаты:Аңызды тыңдау арқылы мазмұнын түсіну. Ерте заманда бір хан болыпты. Оның тепсе темір үзетін ұлы мен айдай сұлу қызы болыпты. Күндердің күнінде хан қызын бір бай жігітке тұрмысқа бермекші болады. Мұны естіген қыз әкесінен туған жерінен алыс жібермеуін өтінді. Бірәқ, әкесі оған келіспей, салт бойынша, қалындықтың күйеу жігіттің еліне кету керектігін айтады. Әкесі келісімін бермеген соң қыз ағасымен бірге түнде атқа мініп, қашып кетеді. Таң ата хан балаларының қашып кеткенін біледі. Ол қатты ашуланып, ізінен қуғыншыларды жібереді. Ханның балалары қуғыншылардан құтыла алмайтынын түсінеді. Сонда қыз құмға оранып, шөл далаға, ал ағасы түйеге айналады. Содан бері шөл даладан ешкім аман өткен емес. Тек түйе ғана шөлден аман өте алады. Тыңдалымнан кейінгі жұмыс Сұрақтарға жауап беріңдер:
(Т;Қ) Практикалық жұмыс Мақсаты: Әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы «Шөл және түйе» коллажын жасау -Қазір біз шөл даладағы түйенің коллажын жасаймыз.Ол үшін үстелдің үстінде жатқан кеспе қағаздарды алып, топқа бөлінейік. Оқушылар ортаға шығып, мұғалімнің үстелінде жатқан кеспе қағаздарды алып, түйенің суретіне байланысты үш топқа бөлінеді. Тақтада оқытушыларға жұмыс барысын көрсетіп, түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескерту. 1 топ. Гуашь бояуы, қылқалам, стақан, желім ПВА, тары ұнтағы, фетр(қоңыр, жасыл), термо-желім; 2 топ. Акварель бояу, қылқалам, стақан, желім ПВА, ұнтақ жарма, фетр(қоңыр, жасыл), термо-желім; 3 топ. Түрлі түсті қағаз, қылқалам, стақан, желім ПВА, құм, фетр(қоңыр, жасыл), термо-желім. «Коллаж» техникасында шөлдің пейзажын орындаңдар. Әртүрлі материалды өзара үйлестіріңдер. (№3 слайд) Жұмыс кезеңдері:
Кері байланыс: Сендерге бәрі түсінікті ме? Сұрақтарың бар ма? Өзара бағалау «Галерея» әдісімен (3 минут) Оқушылар тапсырмаларын орындап болған соң шеңбер бойымен жылжып, бір-бірінің жұмыстарын төмендегі дескриптор арқылы бағалайды.
Әр топ көрші топқа қойған бағасын түсіндіреді. Сабақтың аяғында мақсаттарға қайта ораламыз. Кері байланыс: Балалар біз бүгін сабақтын мақсаттарына кол жеткіздік пе? Саралау: Барлығы акварель бояуымен және ұнтақ қолданып жұмысты орындайды. Көпшілігі мұғалімнің көмегіне жүгінеді және түрлі түсті қағаз және тары қолданады. Кейбір оқушылар гуашь бояу және құм қолданып, өздері жұмысты орындайды. | «Шөл және түйе» аңызыhttp://www.ertegi.ru/index.php?id=8&idnametext=387&idpg=1
Акварель бояуы, гуашь бояуы, қылқалам (тиін), А2 қағаз, ұнтақ жарма, құм, тары, желім ПВА, түрлі-түсті қағаз, фетр, термо-желім. | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | 9. Рефлексия: Кері байланыс. - Тапсырманы орындау қиын болды ма? Неліктен? -Енді сабақтың соңында сендердің көңіл-күйлеріңді білгім келеді. Өз көңіл-күйлеріңе сәйкес күлегешті таңдай қойыңдар. | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Барлығы акварель бояуымен және ұнтақ қолданып жұмысты орындайды. Көпшілігі мұғалімнің көмегіне жүгінеді және түрлі түсті қағаз және тары қолданады. Кейбір оқушылар гуашь бояу және құм қолданып, өздері жұмысты орындайды. | Бір-бірін бағалау. Мұғалім-оқушы. Мұғалімнің байқауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?