Ежелгі әшекейлер 1. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 тарау: Адами құндылықтар | Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Мерзімі: | Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т. | |||||||||||
Сынып: 4 С | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ежелгі әшекейлер 1 | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.2.1Анағұрлым күрделі әртүрлі әдістер мен тәсілдерді сенімді түрде пайдаланып, өздігінен таңдаған құралдар және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану. 4.2.3.4 Шығармашылық жұмысты орындау барысында, еркін әдіс-тәсілді қолдану. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың қолынан келеді:
- Зергерлік бұйымдар мұра ретінде … қалып отырған.
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих | |||||||||||
Бастапқы білім | Қазақ ою- өрнектерін және сандықтағы орналасуын білуі, қатты қағаздан сандықты жасау үдерісін білуі. Ыстық желіммен жұмыс істеуді біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | 1. Амандасу. Сабаққа даярлығын тексеру. Сабақтың мақсатын айту:
| . | ||||||||||
Сабақ ортасы 35 минут | 2. 2 бөлімге арналған СБ жазу. (15 минут) (балалар қысқа уақытта орындап шығуы мүмкін, сондықтан жаңа тақырыпты өту үшін біршама уақыт қалады) Тапсырма № 1.
Сандықтың суретіне қараңыз. Сандық қандай негізгі бөліктерден тұратындығын жазып қойыңыз.
Тапсырма № 2. Зергерлік бұйымдарды жасау: білезіктер, жүзіктер, сырғалар және т/б да қазақ халқы қолөнерінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Суретте зергерлік бұйымның бірі – сырға бейнеленген. Оларды өрнектермен безендіріңіз.
3. Балаларға зергерлік қолөнердің үдерісін көру үшін қазақтың зергерлік өнерінің шеберлері жайлы, зергерлік бұйымдарды жасау үдерісі, зергерлік бұйымдардың түрлері жайлы видеоролик қарау. (2 минут) Кері байланыс. Өз отбасыларыңызда қандай зергерлік бұйымдар сақталады? (1 минут) 4. Балалар, зергерлік бұйымдарды өз қолымызбен жасау үшін қандай материалдарды қолдана аламыз? (мүмкін жауаптары: «Бисерден», «Қағаздан», «Сымнан» және т/б.) Қазір біз киізді жүннен сырғаны қалай жасауға болатындығы жайында презентацияны қараймыз (презентацияны қарау) (2 минут)
5. Практикалық бөлік. (15 минут) Қазір біз сендермен дымқыл киіз басу әдісі арқылы сырғаны жасаймыз. (Тәсіл – репродуктивті; әдіс- алған білімдерін парктикада қолдану; жұмыс түрі - жекеше) Жасау кезеңдері:
Жұмыстың басында қауіпсіздік ережесін туралы әңгімені өткізу. 1. Жұмыс орынын ұйымдастыру: үстелдің үстіне клеенка төсеп, матеиалдарды дайындау. 2. Алжапқыш кию; 3. Жеңді түру; 4. Сабынның көзге түсіп кетпеуін қадағалау; 5. Тайып құлап кетпеу үшін сабынның еденге төгілмеуін қадағалау. 6. Жұмыс кезінде кескіш құралдармен, канцелярлық пышақпен ұқыпты жұмыс істеу. 7.Жұмысты орындап болған соң, өз орындарын жинастыру. Дифференциация. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж. Кейбір оқушылар бір түсті жүнді қолданады. Қалғаны сырғаның конфигурациясы үшін өз қалауы бойынша таңдайды. Берілген тапсырманы келесі сабақта аяқтау. | Тарату материалы Фломастерлер Қазақтың зергерлік бұйымдары жайлы видеоролик https://www.youtube.com/watch?v=QTH_uIMiBcQ Презентация «Дымқыл киіз басу әдісі арқылы сырғаны жасау» | ||||||||||
Сабақ соңы 3 минут | 7. Рефлексия: - Қолдарыңнан не келді? - Нені әлі жетілдіру қажет? 8. Жұмыс орындарын жинастыру. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Дифференциация. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж. Кейбір оқушылар бір түсті жүнді қолданады. Қалғаны сырғаның конфигурациясы үшін өз қалауы бойынша таңдайды. | Мұғалімнің бақылауы | Денсаулықты сақтау технологиялары. Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақтың шығармашылық бөлігі 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: сабақ жақсы өтті 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?