Ежелгі әшекейлер 2. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 тарау: Адами құндылықтар | Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Мерзімі: | Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т. | |||||||
Сынып: 4 С | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Ежелгі әшекейлер 2 | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысты жақсартудың жолдарын ұсынып, критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау. | |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың қолынан келеді:
Менің жұмысымда жағымды … бар. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих | |||||||
Бастапқы білім | Әдемі қолөнер түрі- зергерлік бйымдарды жасау туралы білімдері (зергерлік бұйымдар жасауға қолданатын материалдар, зергерлік бұйымдардың түрлері), дымқыл киіз басу техникасының орындалуын білуі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 минут | 1. Амандасу. Сабаққа даярлығын тексеру. Сабақтың мақсатын айту:
| АКТ. Презентация. | ||||||
Сабақ ортасы 35 минут | 2. 2 тоқсанға арналған ЖБ жазу. (10 минут) (жиынтық бағалау- сандықты жасау бойынша тапсырманың екінші бөлігін біз өткен сабақта орындағанбыз.Сандықтар дайын, тек ТЖБ критерийлері бойынша бағалау ғана қалды. Сондықтан ТЖБ-ға берілген уақыты 7-10 минутқа дейін қысқарады.) Тапсырма № 1 Оның атын Алматы қаласындағы Мемлекеттік өнер мұражайына қойылған. Ол Қазақстандағы алғашқы шебер суретші болып табылады. Кім ол? Дұрыс нұсқасын таңдаңыз: А) Урал Таңсықбаев; В) Молдахмет Кенбаев: С) Николай Хлудов; D) Әбілхан Қастеев. Тапсырма №2 Берілген екі танымал суретшінің репродукцияларына мұқият қараңыздар. Бірінші репродукцияның авторы Ә.Қастеев «Медеу мұз айдыны», екінші репродукцияның авторы И.Левитан «Алтын күз». Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Берілген екі репродукциялар бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? 2. Бұл жұмыстарды не біріктіреді? 3. Бірінші репродукция қандай түстік шешімде орындалған? 4. Екінші репродукция қандай түстік шешімде орындалған? 5. Берілген репродукциялардағы табиған элементтерін тізімдеңіз. Тапсырма №3 Қатты қағаздан сандық жасаңыз. Оны өрнектермен безендіріңіз. Жасау кезеңдері: 1. Түрлі түсті қатты қағазды алыңыз да оның үстіне сандықтын ашық үлгісін қойыңыз. 2 Сандық үлгісінің сыртын жай қарындашпен сызып шығыңыз. 3. Үлгіде көрсетілгендей бүктеу сызықтарын сызғыштың көмегімен сызып шығыңыз. 4. Сандықтың ашық үлгісін қиып алыңыз. 5. Бүгу сызықтары бойынша бүктеп шығыңыз. 6. Сандықтың барлық қосылу керек жағын желімдеп шығыңыз. 7. Сандықты безендіріңіз. 3. Жұмысты бастамас бұрын ине мен канцелярлық пышақты қолдану жайында қауіпсіздік ережесін айту.
Практикалық жұмыс (20 минут). Сырғаны жасау бойынша үдерісті аяқтау. Жасау кезеңдері:
4 Дайын жұмыстарды қарау. (4 минут). Дайын жұмыстарды үстелдің үстіне жайғастырамыз. Мұқият қарстырамыз. Ұнаған жұмыстарды стикерлермен белгілейміз. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолданамыз. Кері байланыс. Сіздер дайын жұмыстарды қалай қолданасыздар? (1минут) Дифференциация. Кейбір балаларға көмек көрсету. | Тарату материалы. Кептірілген жүннен жасалған дайындамалар, канцелярлық пышақ, маржандар, жіптер ине, швензы, желім. Дайын жұмыстары. Стикерлер | ||||||
Сабақ соңы 3 минут | 5. Рефлексия: - Қолдарыңнан не келді? - Нені әлі жетілдіру қажет? 6. Жұмыс орындарын жинастыру. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Дифференциация. Кейбір балаларға көмек көрсету. |
| Денсаулықты сақтау технологиялары. Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?