Жан-жануарларға деген мейірімділік. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Адами құндылықтар.

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова А.Ж.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жан-жануарларға деген мейірімділік.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, өзідігімен таңдалған материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолданып, эксперимент жүргізу

4.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету

 Сабақ мақсаттары

 

 

  • Жануарлардың бейнесі үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолдану;
  • Эскизде қозғалысты және көңіл-күйді жеткізу.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушы:

  • Суретшілердің жұмыстарын қарастырып және талқылайды;
  • Жануарлардың суретін орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминдер:

  • анималистік жанр, жануарлар.

Диалогқа/ жазуға пайдалы сөйлемдер қатары:

  • Бейнелерге ортақ не бар?

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Сіздерде үй жануарлары бар ма?
  • Оларға қарым қатынасыңыз қалай?

 Құндылықтарды

 дарыту

Әлем мәдениетінің әртүрлілігіне құрметпен қарау және ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту үшін жағдай жасау.

Бір-бірін тыңдай білу қабілеті. Бір-біріне құрметпен қарау.

 Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

«Миға шабуыл» әдісі жануарлардың дыбыстарын қою. Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

1.Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбы: Жан-жануарларға деген мейірімділік.

Сабақтың мақсаттары:

  • Жануарлардың бейнесі үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолдану;
  • Эскизде қозғалысты және көңіл-күйді жеткізу.

2. Тапсырма №1: Оқыту әдісі көрнекілік, жұмыстың нысаны - фронтальды, қабылдау - жаңа ақпаратты меңгеру.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Жануарлар туралы ертегі, мультфильм, әңгіме білесіздер ме?
  • Сіздерде үй жануарлары бар ма?
  • Оларға қарым қатынасыңыз қалай?
  • Жануарларға деген мейірімділік таныту дегенді қалай түсінесіздер?
  • Дала кезіп, үйсіз, науқас жануарларды көрдіңіз бе?

Жануарларды бейнелеген суретшілердің картиналарын қарастырыңыздар:

  • Суретші картинасында жануарларды қалай бейнелейді?
  • Бұл картиналар сіздерде қандай сезім оятады? Неліктен?

Мұғалім: Бүгін сабақта бейнелеу өнерінің бір жанры туралы білеміз. Бұл жанр анималистік деп аталады.

Бұл сөзді қалай түсінесіз? Мүмкін сіз оны бір жерде естіген шығарсыз (Балалардың жауабы). Теледидарды көру ұнайды ма? Кабельді теледидар бар ма? «Animal» арнасын көресізбе? Және онда кім үнемі көрсетіледі? (Балалардың жауабы) Иә, жануарлар. Сондықтан бұл арна «Animal» деп аталды, Ағылшын тілінен аударылған - жануарлар.

Ежелгі уақыттағы суреттер мен мүсіндерде үңгірлер қабырғасында, жануарлардың суреттері табылды. Жануарлар бейнеленген суреттер анималистік деп аталады, ал суретшілерді – анималист деп атайды. (2-слайд)

Келіңіздер, бұл сөзді тақтадан оқимыз.

Жануарлар қарындашпен, бояумен, көмірмен бейнеленген және жануарлардың суретшілерінің бірі Василий Ватагин болды, ол жануарларды өте жақсы көрді және өздерінің әдеттерін және қимыл-қозғалыстарын, өмір бойы зерттеді, олардың түсіне, икемді қозғалыстарына және көркемдіктеріне тәнті болды.

- Әр жануардың өзінің мінезі бар екенін, білесіздер бе? Жануарлар, адамдар сияқты, батыл және қорқақ, жақсы және жаман болады.

(2-слайд. Суретші В. Ватагиннің шығармалары. Көру және талқылау.)

- Суретші шын мәнінде жануарлардың бейнесін өзінің сипаты бар барлық икемділік пен мәнерлілікке қалай жеткізеді, назар аударыңыздар. Аңның қозғалысы мен пішіні, жылдам және икемдігі немесе ұлкен және епсіз (пантера, крокодил, аю), әсем немесе күшті; пропорция арқылы көрінеді: үлкен бас, ұзын аяқтар және қысқа табан, ұзартылған арқа, үлкен және кіші көздер; мәнерлі бөлшектер арқылы: жалбыраған және тегіс шаштар, құлақ пішіні, тырнақтарға, мұрт, жарқыраған көздер.

Сіздер «Маугли» мультфильмін көрдіңіздер ме? Бұл мультфильмдегі иллюстрацияларын жануарлар-суретшісі В.Ватагин салған. (3-слайд)

Суретшінің келесі туындыларын қарастырайық.

Бір суретте суретші В.Ватагин жануардың қатал және қорқынышты бейнесін, ал екіншісі - қайғылы жағдайда.

(3-слайд. В.Ватагин, Пантера, Сиялы қалам.)

Бұл суретте қатаң пантеранің бейнесі түрінде суретші өз көзқарасын білдіруге қолынан келді: ол оның күш-қуатын, күшті денесін және шешуші сипатын таңдандырады.

(3-слайд. Ватагин, гиппопотам, қарындаш.)

Бұл суретте суретші бегемотты баяу және икемсізғып бейнелеген. Ол қайғылы және мұңды жануарға қол жеткізді.

3. Кері байланыс:

- Балалар, бүгін біз жануарлар бейнеленген бейнелеу өнерінің басқа жанры туралы да білдік. Ол не деп аталады?

(Балалардың жауабы)

- Ал жануарларды бейнелейтін суретшілерді қалай атайды? (Балалардың жауабы)

Жануарлардың дыбыстарын қою.

http://xn----7sbgciexser8mpb.xn--p1ai/fotogalereya?mode=photo&photo_id=552521603

http://www.liveinternet.ru/tags/%E6%E8%E2%EE%F2%ED%FB%E5+%E2+%EA%E0%F0%F2%E8%ED%E0%F5+%F5%F3%E4%EE%E6%ED%E8%EA%EE%E2/

Сабақтың ортасы

25 минут

2 минут

4. Тапсырма № 2. Әдіс - практикалық, жұмыс түрі - жеке.

Шығармашылық жұмыстарды жасаған кезде әр түрлі материалдар пайдаланылады.

Оқушуларды таңдап алынған жануардың сипаттамаларын беруіне назарын аудару.

Кесу және қиу материалдарымен жұмыс істеу кезінде оқушыларға қауіпсіздік техника туралы еске салу.

Түрлі техникада орындалған жануарлар туралы картиналарды қарастыру.

  • Өз жұмыстарыңызда қандай жануарды бейнелейсіздер?
  • Қандай техниканы таңдайсыздар?

Таңдап алған техникада жануарды орындау. Жануардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп сурет салу.

Тақтада көрсету.

5. Кезең-кезеңмен қарындаш пен сурет салу:

1. Сұлбаны жеңілдету.

Біз оның формасын жеңілдетуді бастаймыз. Оның сұлбасын қарапайым геометриялық пішіндер түрінде елестетіп көрейік - бұл жағдайда біз дене және басты шеңберге оңайлата алу.

2. Сызықты суретті аңықтаймыз.

Енді жануардың сұлбасын толық салуға болады. Ол үшін шеңберлерді сызықтармен байланыстыру - нәтиже ретінде, дене мен бас қалыптасады. Одан кейін кішігірім бөлшектерін - құлақтарды, құйрықты және аяқтарының суреттерін салуға кірісу. Бұдан әрі тұмсықтың сурет салу үшін, орталық осьті екіге бөліп белгілеу керек.

3. Жануардың тұмсығын салу.

Біз орталық симметрия осіне назар аударып көзді, мұрынды және ауызды белгілеу.

4. Табаның суретін салып бітіру.

Енді қосалқы сызықтарға назар аудару, алдыңғы және артқы табанын белгілеу.

5. Қосымша сызықтарды өшіріп, тонын шығару.

Қосымша сызықтарды өшіру. Сурет салуға бірнеше элементтерді қосып, осылайша шынайығып көрсету үшін.

6. Көлемін көрсету.

Қарындаштың арқасында денеге, аяғына, құйрығына және басына көлеңкелер қосылады. Жануардың жүнің, ұсақ штрих арқылы бейнелеу. Біздің суретіміз дайын!

6. Саралау:

Барлық оқушылар бір техниканы пайдаланады. Көпшілігі бірнеше техниканы пайдаланады. Кейбір оқушылар бірнеше техниканы пайдалана отырып, бірнеше эскиздер жасайды.

7. Қалыптастырушы бағалау: дескриптор бойынша:

- қағаз парағында композициялық шешім;

- ұқсастық пен пропорциясын береді;

- көлемін көрсетеді;

- жұмысты аяқтайды.

«Оригами. Жануарларды кезең-кезеңмен орындау»

Жануарларды орындау үшін схемаларды таңдап алу.

8. Дескриптор:

- қағазды ұқыпты бүктеді;

- қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтады;

- жұмыс ұқыпты орындады.

9. Бір-бірін бағалау: оқушы-оқушыны бағалау.

10. Кері байланыс.

- тапсырманы қалай орындадыңыз?

- оны орындау қаншалықты қиын / жеңіл болды? Неліктен?

Альбом, көркем материалдар.

Түрлі түсті қағаз, картон, желім, қайшы.

Оригамиді жасау схемалары.

Сабақтың соңы

3 минут

11. Рефлексия:

Жұмыс орындарын жинау.

Сабақта түсіндім ...

Мен үшін бұл күтпеген еді ...

Енді мен…….

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар бір техниканы пайдаланады. Көпшілігі бірнеше техниканы пайдаланады. Кейбір оқушылар бірнеше техниканы пайдалана отырып, бірнеше эскиздер жасайды.

Бір-бірін бағалау.

Кері байланыс.

Мұғалімнің байқауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Қайшымен байқап жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу