Сыйлық қаптамасы. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімінің «Сыйлық қаптамасы» тақырыбына арналған сабағында 3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаты оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, көлемді пішіндегі бұйымдарды жасау және тб.).
Қажетті материалдар
Түрлі қоржын мен қаптамалардың суреттері, фотосуреттер.
Қайшы, қара қарындаштар, қаптамаларды әзірлеуге арналған қалыптап, жіптер, түрлі түсті және қалыңдықтағы таспалар, безендіруге арналан ұсақ түймелер немесе моншақтар.
Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, түрлі түсті скотч, бояу таспа, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».
Сабақ барысы
Психологиялық ахуалды қалыптастыру: қарқынды жұмысқа оқушыларды дайындау мақсатында оларға шағын әсем музыкалық жазбаны тыңдауды ұсыныңыз.
Балалар әуендерінің жинағы
https://www.youtube.com/watch?v=NJeSgDacwe8
Алдын ала бірнеше сыйлық қаптамасын немесе олардың фотосуреттерін дайындап қойыңыз. Бұл қаптамалардың түрлі материалдардан әзірленіп, түрлі стильдерде сәнделгені дұрыс болады.
Сабақты қаптамалар бейнеленген суретке назар аудартудан бастаңыз. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып оларға жауап беруді беруді сұраңыз.
Мысалы:
•Суреттерге мұқият қара. Оны нені көріп тұрсың?
•Бұл заттар неге ерекше көрініп тұр?
•Оларды неліктен осылай әдемі безендіру керек деп ойлайсың?
Қораптар туралы әңгімені жалғастырып, тасымалдау кезінде тауардың сақталуы үшін қолданылатын заттар мен материалдардың «қаптама» деп аталатынын еске салып кетіңіз. Қазақ халқы сыйлықтарын қоржынға салып беретіндігін атап өтіңіз. Қоржын туралы қысқаша ақпарат беруге болады.
Тәжірибелік жұмысқа көшпес бұрын сылық қаптамасын жасау жолдары көрсетілген бейнероликтарды көрсетіңіз.
https://www.youtube.com/watch?v=RVbYHePpNKA
https://www.youtube.com/watch?v=TnoFo7ORi68
https://www.youtube.com/watch?v=lsablxleQqo
https://www.youtube.com/watch?v=rmpyNatYvzE
https://www.youtube.com/watch?v=h2h4vB5AsX4
Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар өздігінен ұнатқан сыйлық қаптамасын жасайды. Қаптаманы жасау барысында оқушылар қалаулары бойынша мұғалімнен көмек сұрай алады. Практикалық жұмыстың алдында оқушыларға қауіпсіздік техникасы ережесі туралы ескерту қажет. Өткір аспаптарды қолдану барысында абай болулары керек.
Оқушылар қаптамалар әзірлеу үшін түрлі түсті қалың қағаз немесе жұқа картон қолданады. Оған қалыпты қояды, оның бойымен сұлбасын сызып шығып, қиып алады.
Содан соң қаптаманы құрастыруға кіріседі. Ол үшін оқушылар үзік сызықтармен бүйір жақтарын дұрыстап бүктеуі тиіс. Одан соң әдіптеріне желім жағып, бүйірлерді жапсырады. Жақсылап желімдеместен бұрын, бүйірлерін түйістіре қысып ұстап, конструкция құрастыру қажет және осыдан кейін ғана желімделетін жақтарды бір-біріне жабыстырады.
Оқушылардан жұмыстарымен таныстыруды, өз жұмыстары туралы айтып беруді сұраңыз.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?