Сыйлық қаптамасы. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер. | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Сыйлық қаптамасы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушы: Сыйлық қаптамаларын жасау үшін материалдарды қалай таңдағандарын түсіндіреді. Арнайы термин сөздер сөздігі: Қаптама, қоржын Диалог пен жазбаға пайдалы фразалар жиынтығы:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек пен шығармашылық. Серіктестік пен құрмет. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану пәнінде қазақ халқының тұрмысы туралы біледі. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Кейбір материалдар мен техникалардың қасиеттерімен таныс. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар көркем суреттің не екендігін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңдері Психологиялық ахуалды қалыптастыру: қарқынды жұмысқа оқушыларды дайындау мақсатында оларға шағын әсем музыкалық жазбаны тыңдауды ұсыныңыз. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру. | Балалар әуендерінің жинағы | ||||
Сабақтың ортасы
| Тақырыпқа кіріспе: Суреттерге қара Оқушылардың назарын сабақты қаптамалар бейнеленген суретке назар аудартудан бастаңыз. Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер:
Қаптама – ішінде қандай да бір зат немесе сыйлық салынған, мазмұнына сай тақырыбы ойластырылған, пішіні, мөлшері, түсі және стилі жөнінен алуан түрлі қатарлар, қораптар немесе қорапшалар және т.б.Иілгіш материалдан жасалған қаптама заттың сұлбасына ұқсауы да мүмкін. Ол сонымен қатар оралған зат әлсіз болса, не болмаса алыс қашықтыққа жеткізуді қажет етсе, біршама берік болуы да мүмкін. Қоржын – бұл жұқа киізден жасалған сөмкелер. Оған тұрмыстық заттар немесе көшіп-қонған кезде бұйымдар салынып тасымалданған. Қазіргі күні отбасылық мерекелерде қоржынмен сыйлықтар тартылады. Оларды матадан, жұқа киізден, фетрден тігіп, ұлттық оюлармен әшекейлейді. Талқылауға арналған сұрақтар:
Оқушылар берілген сыйлық қаптамаларын зерттейді. Оларды реттелікпен қалай жасауға болатындығын қарастырады. Сонымен қатар, оқушылар үлгілерді қарастырып, оларды көрсетілген жерінен бүктеп көреді. Тәжірибелік жұмыс. Оқушылар өздігінен ұнатқан сыйлық қаптамасын жасайды. Қаптаманы жасау барысында оқушылар қалаулары бойынша мұғалімнен көмек сұрай алады. Практикалық жұмыстың алдында оқушыларға қауіпсіздік техникасы ережесі туралы ескерту қажет. Өткір аспаптарды қолдану барысында абай болулары керек. Талқылауға арналған сұрақтар:
Бағалау Оқушылардан барлық қаптамаларды бір үстелге қоюды сұрап жұмыстарды қарауға шақырыңыз. Жұмыстарды мына критерийлер бойынша бағалаңыз:
Дифференциация Қиындатылған қосымша тапсырма ретінде оқушыларға сыйлық қапамасына жекелеген сәндік элементтерді, мысалы, жіптепден үлпілдеген түйіршіктер, тапсырмалардан банттар, жұқалтырдан жұлдызшалар, ермексаздан түрлі түсті пішіндер жасауды және қаптамаға түрлі түсті пішіндер жасауды және қаптамаға түрлі тәсілдермен бекітіп қоюды ұсыныңыз. Бұл тәжірибе тапсырманы түрлендіруге және оны қызықты жасампаз идеялармен толықтыруға көмектеседі. | Түрлі қоржын мен қаптамалардың суреттері, фотосуреттері. Қайшы, қара қарындаштар, қаптамаларды әзірлеуге арналған қалыптап, жіптер, түрлі түсті және қалыңдықтағы таспалар, безендіруге арналан ұсақ түймелер немесе моншақтар, желім-қарындаш және ПВА желім, қоржын. http://artifon.ru/filmi/malenkaya-korobochka-dlya-podarka-svoimi-rukami.php сыйлық қаптамаларының қағаз үлгілері | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. Оқушылар мұғалімнің сабақ жөнінде қойған сұрақтарға қол шапалақтау арқылы жауап береді. Жұмыс орнын жинастыру. Келесі сабаққа қажетті материалдарды жазып алу. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қызуғышылығы төмен оқушыларға сыйлық қаптамаларының қағаз үлгілерін беруге болады. Оқушылар шығармашылық жұмысты бірлесе, жұптаса жасай алады. Қабілеті жоғары оқушылар қиындатылған қосымша тапсырманы ұсынуға болады. | Сабақ тақырыбының игерілу деңгейін анықтау үшін мына әдістерді қолдануға болады:
| Тәжірибе жұмысы кезінде оқушылардың, әсіресе желім және қайшымен ұқыпты жұмыс істеуін қадағалаңыз. Жұмыс кезінде шұғыл әрекет жасамау керек. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?