Мерекелік ашықхат. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімінің «Мерекелік ашықхат» тақырыбына арналған сабағында 3.2.3.1 Нақты дәлдікке жету үшін материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру және 3.3.1.1 Өз жұмысының негізгі идеясын және үдерісін арнайы терменологияларды пайдаланып таныстыру. оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттары жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру), ал екіншісі оқушылардың тілдік дағдысын дамыту.

 

 Қажетті материалдар

 Қайшы, қара қарындаштар, қылқаламдар, су құятын стақандар, гуашь немесе акварель, ермексаз, түрлі түсті және қалыңдықтағы таспалар мен жіптер, түрлі қалыңдықтағы және фактурадағы мата қиындылары, А4 пішінді қағаз немесе картон, газет, жұқалтыр, целлофан, әшекейлеуге арналған ұсақ түймелер немесе моншақтар, желім-қарындаш және ПВА желім.

 

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Мерекелік құттықтау ашықхаты бүгінде қақ ортасынан екіге бүктелген қағаз парағы (кейде жалғыз парақ), сырты әдемі безендірілген және адамға арнап жазылған құттықтау ақпаратынан тұрады. Құттықтау ашықхатының Отаны Англия деп есептеледі және оны ағылшын суретшісі Джон Кэлкот Хосли досының сұрауымен «Рождество» құрметіне жасаған екен. Мұндай ашықхаттарды толығымен бетіне жабыстырылған немесе бір жағына жабыстырылған түрлі әдемі элементтермен безендіру дәстүр боп кеткен. Мұндай безендірудің түсті гаммасы осы мерекеге сәйкес келеді.

 Сабақ барысы

 Сабаққа түрлі материалдарды қолданып, түрлі техникада жасалған бірнеше мерекелік ашықхат дайындап қойыңыз.

 Оқушылар ашықхат үлгілерін зерттей отырып, қандай мерекелік ашықхаттар жасауға болатыны жайлы, ашықхаттарды жасау кезінде қандай материалдар мен техникаларды қолдануға болатыны жөнінен хабардар болады.

 Тәжірибелік жұмысты бастамас бұрын ашық хат жасау жолдары мен тәсілдері көрсетілген бейнероликтер көрсетіңіз.

 Қолда бар материалдардан жасалған ашықхаттар

 https://www.youtube.com/watch?v=hMRru8XRkgE

 https://www.youtube.com/watch?v=ZkJe2z9QtmM

 https://www.youtube.com/watch?v=gu3Arkvkq_o

 

 Тәжірибелік жұмыс

 Қолдабар материалдарды қолданып оқушылар ашықхат жасайды. Оқушылар ойластырған идеяларын тәжірибеде жүзеге асыруға кіріседі. Жұмыс кезеңдерін өздері анықтайды.

 Алдымен негіз таңдайды. Кейбір оқушылар оған сурет сала бастайды. Олар бірден бояумен немесе түрлі түсті қарындаштармен сурет сала алды. Не болмаса алдымен қарындашпен жеңіл нобайлар түсіріп алуына болады. Аппликация техникасында жұмыс істейтін оқушылар алдымен негізгі қиылған бөлшектерді қойып шығады да, композиция ойластырады және осыдан кейін ғана жабыстыруға кіріседі.

 Тәжірибелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды ескертіп отырыңыз.

 Оқушылардан таныстырылым жасап өз жұмыстары туралы айтып беруді сұраңыз.

 

 Дифференциация:

 Тәжірибелік сабақтың басында жеке жұмыс істеуге қиналып жүрген оқушыларға назар аударыңыз – оларды жұптастырып біріктіріңіз. Қажет болса оларға көмектесіңіз, немесе ашықхат жасау жолдары көрсетілген дидактикалық материалдарды ұсыныңыз.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу