Мерекелік ашықхат. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер. | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мерекелік ашықхат | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.3.1 Нақты дәлдікке жету үшін материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру 3.3.1.1 Өз жұмысының негізгі идеясын және үдерісін арнайы терменологияларды пайдаланып таныстыру. | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушы: Шығармашылық жұмысының негізгі идеясын түсіндіріп, жұмысы жайлы айтып береді. Арнайы термин сөздер сөздігі: Мерекелік ашықхат, Джон Кэлкот Хосли | |||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек пен шығармашылық. Серіктестік пен құрмет. | |||||
Пәнаралық байланыстар | - | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Кейбір материалдар мен техникалардың қасиеттерімен таныс. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар көркем суреттің не екендігін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Тақырыпқа кіріспе Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер:
| |||||
Сабақтың ортасы
| Мұғалімнің көрсетілімі Англия мерекелік ашықхаттың Отаны болып саналады. Осындай алғашқы ашықхатты ағылшын суретшісі Джон Кэлкот Хосли ойлап тапқан. Зертте Оқушылар ашықхат үліглерін зерттей отырып, қандай мерекелік ашықхаттар жасауға болатыны жайлы, ашықхаттарды жасау кезінде қандай материалдар мен техникаларды қолдануға болатыны жөнінде зерттеу жүргізеді. Жұпта немесе кішігірім топтарда оқушылар қандай ашықхат үлгісін жасайтындығын анықтайды. Ашықхатты аппликация немесе сурет салу техникасында орындауға болады. Ашықхаттың суретіне оқушылар эскиз орындайды. Аппликация үшін негіз дайындайды. Сұрақтарға жауап бер:
Тәжірибелік жұмыс Оқушылар ашықхат жасайды. Оқушылар ойластырған идеяларын тәжірибеде жүзеге асыруға кіріседі. Жұмыс кезеңдерін өздері анықтайды. Алдымен негіз таңдайды. Кейбір оқушылар оған сурет сала бастайды. Олар бірден бояумен немесе түрлі түсті қарындаштармен сурет сала алды. Не болмаса алдымен қарындашпен жеңіл нобайлар түсіріп алуына болады. Аппликация техникасында жұмыс істейтін оқушылар алдымен негізгі қиылған бөлшектерді қойып шығады да, композиция ойластырады және осыдан кейін ғана жабыстыруға кіріседі. Жұмыстарды таныстыру. Дайын жұмыстарды тігінен қойыңыздар немесе тік бетке бекітіңіздер. Оқушылардан жаңа сөздерді қолдана отырып, шығармашылық жұмыстары жайлы айтып беруін сұраңыз.
Бағалау Бірлесе бағалаудың критерийлері:
| Қайшы, қара қарындаштар, ашықхат әзірлеуге арналған қолдамар материалдар, жіптер, түрлі түсті қатты қағаздар, безендіруге арналан ұсақ түймелер немесе моншақтар, желім-қарындаш және ПВА желім. | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. «Галереяға саяхат» әдісін қолдану.
| |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Тәжірибелік сабақтың басында жеке жұмыс істеуге қиналып жүрген оқушыларға назар аударыңыз – олардың жұптастырып біріктіріңіз. Сараланған қосымша тапсырма ретінде оқушыларға гуашь, акварель және басқа да қолда бар құралдарды пайдаланып, түрлі пішін мен түстегі таңбалары бар ашықхат жасауды ұсыныңыз. Бұл мерекелік ашыхаттарды безендірудегі шығармашылық идеяларды дамытуға көмектеседі. | Сабақ тақырыбының игерілу деңгейін анықтау үшін мына әдістерді қолдануға болады:
| Өткір әрі кескіш заттар және аспаптармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды ескертіп отырыңыз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?