Мерекелік композиция. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімінің «Мерекелік композиция» тақырыбына арналған сабағында 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету және 3.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дерек көздерінен ақпарат жинау оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттары жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық идеялар мен сезімдерді көркем құралдар арқылы бейнелеу тәсілдеріне. Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру).
Қажетті материалдар
Табиғи бұтақтар, қолдабар материалдар, қақпақтар, жұмсақ алюминий, мыс, шашақталған сым, майлықтардан қалған қатырма шығыршықтар, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер.
Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, түрлі түсті скотч, бояу таспа, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».
Сабақ барысы
Психологиялық ахуалды қалыптастыру: қарқынды жұмысқа оқушыларды дайындау мақсатында оларға шағын әсем музыкалық жазбаны тыңдауды ұсыныңыз.
Музыкалық композиция «Жел музыкасы» https://www.youtube.com/watch?v=lfMKcK7X_Ho
Сабақтың басында оқушылардан кабинетте ілініп тұрған композицияларды немесе олардың таныстырылымдағы суреттерін қарап шығуды сұраңыз (3-5 слайд), немесе дидактикалық материалдарды таратып беріңіз.
Оқушылармен біріге әртүрлі материалдардан жасалған мерекелік композициялары көрсетілген фотосуреттерді қарастырыңыз. Сабақ мазмұны мен жасалатын практикалық тапсырмаларды толық түсіну үшін оқушыларға қосымша сұрақтар қойыныз.
Оқушылар суреттерге қарай отырып, мерекелік композицияларды жасағанда қандай материалдарды (табиғи немесе жасанды, шыны бөтелкелер, шамдар, қағаз фигуралар, матадан жасалған бөліктер, шарлар және т.б.) қолдануға болатынын және оларды қайда (төбеге, ағаштың бұтағына, терезеге, көлденең қабырғаға) бекітуге болатынын зерттеп, анықтайды.
Уақыт болса сәндік компазиция жасау жолдары көрсетілген бейнероликтарды көрсетіңіз.
Кепкен ағаш бұтақтарынан жасалған сәндік композиция.
https://www.youtube.com/watch?v=tHhlEuRQCuk
https://www.youtube.com/watch?v=0aDA0c5yfq8
Қағаздан жасалған сәндік композиция (желпуіш)
https://www.youtube.com/watch?v=5IDY5xN9bhQ
https://www.youtube.com/watch?v=hAtjhb1Y5ZI
Тәжірибелік жұмыс
Тәжірибелік тапсырманы өткізу үшін оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Оқушылар бұл тапсырмада мұғалім ұсынған материалдардан мерекелік композиция құрастырады. Әрбір топтың алдына алдын ала әзірленіп қойған бөлшектерді (бұтақтар, таяқшалар, қарындаштар, кесте кергіш, шеңберлер, құрсаулар, жіптер, қармақ бауларын, жіңішке сымды, құрғақ жапырақтар, ұсақ моншақтар, қағаз пішіндер және т.б.) жайып тастаңыз.
Оқушыларға қандай конструкцияны құрастырғылары келетінін ойланып, топ ішінде талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың назарын қауіпсіздік техникасының сақталуына аударыңыз.
Топтан конструкцияларын таныстыруда өз жұмыстары туралы айтып беруді сұраңыз.
Дифференциация:
Күрделендірілген қосымша тапсырма ретінде оқушыларға жел соққанда дыбыс шығаратын мерекелік композициялар жайлы ойлауды ұсыныңыз. Оқушылар бұл тапсырмада дыбыс шығаратын конструкцияларды неден жасауға болатыны жайлы идеяларын алға тартады.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?