Мерекелік композиция. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мерекелік композиция

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету

3.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дерек көздерінен ақпарат жинау

Сабақ мақсаттары

  • Мерекелік композициясының ерекшеліктері мен жасау технологиясын зерттеу;
  • Мерекелік композицияны құру және сол арқылы өзінің идеясын жеткізу.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Мерекелік композицияға қажетті құрамдас бөліктерді, материалдарды, құрылымын біледі;
  • әртүрлі ақпараттардың көздерімен жұмыс жасай алады;
  • мұғалім ұсынған материалдардың көмегімен мерекелік композицияны құрастырады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушы:

Мерекелік композициялардың құрылымын және ерекшеліктерін сипаттайды.

Арнайы терминдердің сөздігі:

Мерекелік копозиция, желдің музыкасы

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Әлемді тану пәнімен байланысады ( әртүрлі символдарды білу).

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Оқушыларда әртүрлі көркем құралдармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақты ұйымдастыру кезеңдері.

Бөлімге кіріспе.

Психологиялық ахуалды қалыптастыру: қарқынды жұмысқа оқушыларды дайындау мақсатында оларға шағын әсем музыкалық жазбаны тыңдауды ұсыныңыз. Бұл дыбыстарды мерекелік композициялардағы металдық түтікшелер мен маятниктер шығарады.

Музыкалық композиция «Жел музыкасы» https://www.youtube.com/watch?v=lfMKcK7X_Ho

Сабақтың ортасы

Сабақ тақырыбына кіріспе:

Сабақтың басында оқушылардан кабинетте ілініп тұрған композицияларды немесе олардың таныстырылымдағы суреттерін қарап шығуды сұраңыз. Олар мына сұрақтарға жауап беруі тиіс.

  • Олар нені көріп тұр?
  • Бұл конструкциялардың ерекшелігі неде?
  • Оларды қай жерде қолдануға болады?

Кейін оқушылар мұғаліммен біріге мына сұрақтардың мәнісін ашады:

  • «Мерекелік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Мерекелік композицияларды қайдан кездестірдіңдер?
  • Оларды неліктен кеңістікке іліп қояды деп ойлайсыңдар?

Оқушылар суреттерге қарай отырып, мерекелік композицияларды жасағанда қандай материалдарды (табиғи немесе жасанды, шыны бөтелкелер, шамдар, қағаз фигуралар, матадан жасалған бөліктер, шарлар және т.б.) қолдануға болатынын және оларды қайда (төбеге, ағаштың бұтағына, терезеге, көлденең қабырғаға) бекітуге болатынын зерттеп, анықтайды.

Тәжірибелік жұмыс

Тәжірибелік тапсырманы өткізу үшін оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Оқушылар бұл тапсырмада мұғалім ұсынған материалдардан мерекелік композиция құрастырады. Әрбір топтың алдына алдын ала әзірленіп қойған бөлшектерді (бұтақтар, таяқшалар, қарындаштар, кесте кергіш, шеңберлер, құрсаулар, жіптер, қармақ бауларын, жіңішке сымды, құрғақ жапырақтар, ұсақ моншақтар, қағаз пішіндер және т.б.) жайып тастаңыз.

Оқушыларға қандай конструкцияны құрастырғылары келетінін ойланып, топ ішінде талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың назарын қауіпсіздік техникасының сақталуына аударыңыз.

Топтан конструкцияларын таныстыруда өз жұмыстары туралы айтып беруді сұраңыз. Олардан қандай идеяны жүзеге асырғылары келгендері, қаншалықты жүзеге асыра алғандары және оны қайда қолдануға болатыны туралы сұраңыз.

Бағалау

Оқушылар бір-бірлерін тыңдайды, кейін бағалайды. Бағалау критерийлері:

  • конструкцияның «әуелігі» (жеңілдігі);
  • желмен шайқалу қабілеті;
  • бір тақырыпты ұстана алуы;
  • қызықты құрам бөліктерді қолдану.

Альбомдар, қайшылар, 40-50 см-лік декоративті бұтақшалар, сымдар, леска, 10-15-20 см-лік қиылған жіптер, мерекелік композицияға арналған дайын элементтер:жапырақтар, құстардың фигуралары, әртүрлі материалдардан алынған ұсақ декоративті элементтер, қағаздар, фольгалар, қалың целлофандар, мерекелік композициялардың дайын үлгілері

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексияны жүргізеді:

Оқушыларға сабақтың ұнауы мен ұнамауы туралы сұраққа алақандарын соққан кездегі дыбыспен жауап берулерін сұраңыз.

Жұмыс орнын жинастыру.

Келесі сабаққа қажетті материалдардың тізімін жазып алу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Күрделендірілген қосымша тапсырма ретінде оқушыларға жел соққанда дыбыс шығаратын мерекелік композициялар жайлы ойлауды ұсыныңыз. Оқушылар бұл тапсырмада дыбыс шығаратын конструкцияларды неден жасауға болатыны жайлы идеяларын алға тартады.

Бірін-бірі бағалау.

Бірлесе отырып мерекелік композицияларды бағалау. Бағалау критерийлері көсретілген.

«Жаңбыр тамшылары» атты сергіту сәті.

Оқушылардың назарын өткір, кескіш заттарды, сымдарды қолданғанда қауіпсіздік техникасының сақталуына аударыңыз. Қағаздың шетін де абайлап ұстау керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу