Әр түрлі халықтардың мерекелері. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Пасха
Па́сха (гр. πάσχα; ивр. פסח — песах — мағынасы «өтіп кету»), христиандық бойынша Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы (орыс. Светлое Христово Воскресение) — христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы, Христостың өліп, қайта тірілуінің құрметіне тойланады. Христиан діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбардың «Христос» деген лауазымы бар, ол Құтқарушы және Құдайдың Ұлы.
2 ғасырдан бастап, Пасха христиандардың ресми діни мейрамына айналған. Бірақ әр шіркеу оны өзінше тойлаған, әр мазхаб оны өз күнінде, өз дәстүрімен атап өткен. Соңдықтан, Ұрым, Александрия мен Кіші Азия шіркеулері арасында «Пасхалық дау» пайда болған. Ақырында бұл дау, епископтардың Никей синодында шешілген.
Осылайша, 325 жылдан бастап Пасханы көктемгі күн мен түннің теңелуі күнінен (бұл құбылыс Наурызға сәйкес, наурыздың 21-інде болады) кейін бірінші толған айдан кейін келесі жексенбіде тойлайды. Осылайша, Пасханың уақыты әр жылы әр күнге түсіп отырады, бірақ сәуір айында немесе мамыр айының басында болады. Бұл мейрамның тойлайтын күні ай күнтізбесі және күнтізбесінің екеуі бойынша есептеледі.
Туған күн
Туған күнді көпшілігіміз асыға күтеміз. Сыйлық алу, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады. Туған күнді тойлау қайдан шықты?
Тарихқа үңілсек, ертеде фараондар «Құдайдың балалары» болып есептелді, олардың дүниеге келген күндері мемелекеттік мереке саналатын. Бұл атаулы күнде әрбір тұрғын патшаға шамасы жеткен ең бағалы сыйлық әкелетін. Патшайымдардың туған күнінде әрбір қызметкер патшайымды таңғалдыру үшін адам татып көрмеген жеміс-жидектерді алыс-алыс жерлерден алдыратын. Патшаға арнап ең әдемі жануарларды құрбандыққа шалу ерекеше құрметтің белгісі болып есептелген. Осыдан кейін, халық өздерінің отбасындағы басты тұлғаның дүниеге келген мерзімін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осылайша, туған күн қоғамның әрбір мүшесі үшін аталуы күнге айналған.
Біздің бүгінгі күнде туған күнді тортпен өткізу дәстүрі неміс халқынан шыққан. Олар туған күн иесін ерте оятып, шақырылған қонақтарға бірге дайындалып, кешкі ас басталмас бұрын үйдің отанасы әзірлеген бәлішке балауыз орнатып, туған күн иесіне ұсынған. Туған күн иесі ішінен тілек айтып, балауызды өшірген. Осы сәт салтанатты отбасылық дастарханның ашылу белгісі болып есептелген.
Жаңа жыл мерекесі
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?