Оқиға айтып берші...Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Жаңа жыл
Жаңа жыл ең сүйікті, көңілді және сиқырлы мерекелердің бірі. Бұл мереке барлық адамдар үшін - ересектер және балаларға арналған.
Жаңа жылды тойлау үшін шыршаны безендіреміз, үйлерімізді сәндейміз, кейбір үйлерде шам жағады, және жақындарымызға міндетті түрде, сыйлықтар силаймыз. Бірақ жаңа жыл қарсаңындағы негізгі символы - мерекелік шырша. Шыршалар безендіріледі, әртүрлі ойыншықтармен.
Жаңа жыл - отбасылық мереке. Ол үлкен отбасы үстелге жиналған кезде. Құрметті жерде әжелер мен аталар отырады, балалары, немерелері мен кейде тіпті шөберелері қоршап. Өкінішке орай, бір отбасының әртүрлі ұрпақтары бір-бірінен алыс өмір сүреді және әрқашан, жаңа жылды қарсы алу, мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, бір-бірін құттықтау жолдары бар. Жақында ғана, жаңа жыл мерекесі қарсаңында, туыстары бір-бірін пошта арқылы жіберілген мерекелік ашықхаттармен құттықтаушеді. Ашықхатта олар бақыт, денсаулық және жұмысында табыстар тіледі. Біздің уақытта ешқандай ашықхаттар жоқ. Барлығы бір-бірін телефонмен немесе интернет арқылы құттықтайды. Жаңа жыл қарсаңында бір-біріне сыйлықтар береді. Сыйлықтар алу бәріне жағымды. Тіпті ересек адамда бала оянады, әсіресе жаңа жыл қарсаңында, әркім, армандағысы келеді, тілек тілеп және ол орындалады деп сенеміз.
Жаңа жыл
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып ...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Материал https://www.balakai.kz сайтынан алынды
Аяз - ата
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Материал https://www.balakai.kz сайтынан алынды
Жаңа жыл
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Материал https://www.balakai.kz сайтынан алынды
Жеңіс күні
Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
- Қуанышты мереке –
Жеңіс күні қай күн? - деп.
Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті, - сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де
- Жеңіс күні, шырағым!
Материал https://www.zharar.com сайтынан алынды
Жеңіс күні
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Материал https://www.zharar.com сайтынан алынды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?