Тұңғиық теңіз жұмбақтары. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тұңғиық теңіз жұмбақтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді түрлі техника мен тәсілдерді байланыстыра қолдану

3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты бағалау және жақсартудың

жолдарын ұсыну.

Сабақ мақсаттары

  • Жұмыс жасау тәсілдерін таңдап, шығармашылық идеялар ұсыну және сезімдерін суреттеу;
  • Суасты әлемін бейнелеуде шығармашылық жұмысты жақсартуға идеялар ұсыну.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • техникаларды таңдап, теңіз пейзажының суретін салады;
  • жұмыстарды жетілдіруге қатысты шығармашылық идеялар ұсынуды үйренеді.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушы:

Шығармашылық жұмысын түрлендіру жөнінде идеяларын ұсынады.

Арнайы термин сөздер сөздігі:

Беткі жақ, маринист

Диалог пен жазбаға пайдалы фразалар жиынтығы:

  • Мен салдым ....
  • Картинада мен ... суреттедім.
  • Жұмысты келесі .... тәсілдермен түрлендіруге болады.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық.

Серіктестік пен құрмет.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану: судың күйі, жел.

 АКТ қолдану дағдылары

Кейбір материалдар мен техникалардың қасиеттерімен таныс.

Бастапқы білім

Оқушылар көркем суреттің не екендігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Суреттерді талдау

Оқушыларға суреттерді көрсетіңіз, оларда не бейнеленгенің анықтауды сұраңыз.

Оқушылар суреттер арасынан маринаны табуға, таңдауын түсіндіруге және теңіз бейнесі тудыраын көңіл күйді анықтауға ұмтылуы тиіс.

Сұрақтар:

  • Картиналардың қайсысы марина жанрына жатады? Неліктен?
  • Бұл картиналарда не бейнеленген? Суретші қалай түсті суреттеген?
  • Бұл картиналарды не біріктіреді? Кем дегенде үш белгісін ата.

Марина – бұл бейнелеу өнерінің жанры, пейзаждың бір түрі болып саналады. Марина теңіз бейнесін, теңіздегі шайқасты және/немес теңізде болатын кез келген басқа оқиғаны бейнелейді. Маринист – мариналарды салатын суретші. Марина жанрының ең жарқын өкілдері – И.К.Айвазовский мен У.Тернер.

Сабақтың ортасы

Оқушыларға И.К.Айвазовский мен У.Тернер туралы қызықты ақпараттарды айтып беріңіз, олардың атақты жұмыстарымен таныстырыңыз.

Су асты әлемін зерттеу

Теңіз пейзажы және су тұңғиықтары бейнеленген картиналарды орналастырыңыз. Оқушылар берілген жұмыстарды топпен талқылайды, өз ойларын айтады.

Сұрақтар:

  • Суреттегі жарық қалай берілген?
  • Қандай техника және түстер пайдаланылған?
  • Бұл суреттер сенің бойыңда қандай сезім тудырды?

Тәжірибелік жұмыс

«Тұңғиық теңіз әлемі» тақырыбында сурет салу. Шығармашылық жұмысты орындар алдында келесі сұрақтарды жұпта талқылау ұсынылады:

  • Нені бейнелейсің: суасты тұрғындарының шынайы әлемін бе әлде ертегідей суасты патшалығын ба?
  • Қандай көңіл күйді көрсеткің келеді?
  • Суасты патшалығының ерекшеліктерін беруге қандай түстер мен техникалар көмектеседі?

Жұмысты оқушылар жұмысты өздері қалаған көркем материалдармен орындайды.

Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.

Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

Сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларға жұпта өз суреттері туралы баяндауын сұраңыз:

  • Қандай сурет салдың?
  • Көңіл күйді қалай суреттедің?
  • Жұмысыңда нені түрлендірер едің?
  • Оны қандай тәсілмен жасауға болады?

Бағалау

Практикалық тапсырма аяқталған соң, барлық жұмыстарды столға қойып, жұмыстарды дискрипторлар бойынша бағалау жүргізіңіз.

Формативті бағалауға арналған дискрипторлар:

  • Суасты тұңғиықтың пейзажы;
  • Түстік гамманы таңдай алды;
  • Жұмыстағы ұқыптылық;
  • Жұмыстың аяқталуы.

Альбом; сурет салуға арналған түрлі материалдар: акварель, гуашь, пастель, қарындаштар, фломастерлер.

Сабақтың соңы

Рефлексия. «Көңілді түстер» әдісі.

Сабақтан алған көңілді түрлі түсті стикер арқылы көрсету:

Жасыл түс – мен барлығына қанағаттанамын;

Сары түс – барлығы қолымнан келді, бірақ өзгертетін тұстарым бар;

Қызыл түс – жұмыс ойдағыдай жасалмады.

Жұмыс орнын жинастыру.

Келесі сабаққа қажетті материалдарды жазып алу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылармен сабақта салатын суреттің сюжетін бірге талқылауға болады. Күн жарығының сәулесін көрсету қажет екенін еске салыңыз. Қабілеттің оқушыларға суреттің үстіңгі бөлігінде теңіз бетін немесе толқындарды көрсетуді ұсыныңыз. Тереңдіктің қандай құпияларын бейнелейтінін, білдіргісі келетін көңіл күйге қарай қандай түстерді пайдаланатынын әрбір оқушы өзі біледі.

Сабақ тақырыбының игерілу деңгейін анықтау үшін мына әдістерді қолдануға болады:

  • Бақылау әдісі. Оқушылардың әртүрлі иллюстрацияларды, суреттерді талықалау барысында бақылау жүргізу.
  • Сабақ бойы және сабақ соңында оқушыларды ынталандыру және мадақтау арқылы кері байланыс беру.
  • Жұмыстың нәтижесі бойынша оқушылардың дескрипторлар бойынша өзара бағалау жүргізеді.

-

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу