Жағалаудағы көрініс. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жағалаудағы көрініс | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1 Қоршаған ортаны зерделеу барысында визуалды бейнелердің ерекшелігін және көрінісін өзінің жұмысында түсіндіру. 3.2.2.1 Күрделі әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу. | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушы: Суретшілер жұмыстарында су айдынын бейнелеу тәсілдерін сипаттау. Арнайы термин сөздер сөздігі: Кескін, шымырлау Диалог пен жазбаға пайдалы фразалар жиынтығы:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек пен шығармашылық. Серіктестік пен құрмет. | |||||
Пәнаралық байланыстар | - | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Кейбір материалдар мен техникалардың қасиеттерімен таныс. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар көркем суреттің не екендігін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Тақырыпқа кіріспе Сабақтың басында табиғат дыбыстарының жазбасын, мысалы, сарқырама немесе теңіз толқынының шуын қосып қойыңыз. Осы дыбыстарды тыңдата отырып, оқушыларға сабақ тақырыбын хабарлаңыз. | |||||
Сабақтың ортасы
| Айнаға қара Жұмыс формасы - жеке Оқушылардан айнаға қарауын және онда нені көргендерін айтуын сұраңыз. Оқушылар айнаның өз беттерінің кескінін көрсететінін түсінуі тиіс. Кескін бейне нысанның өз бейнесіне сәйкес келеді. Сұрақтарға жауап бер:
Оқушыларға тыныш су қоймасы мен жел кезіндегі су бетінің көрінісі бейнеленген фотосуреттерді қарауды сұраңыз. Сұрақтарға жауап бер:
Эксперимет жаса Судың бетінде ұсақ толқынның қалай түзелетінін көрнекі түрде көрсетіңіз. Үлкен диаметрлі ыдысты дайындап қойыңыз, оған су толтырыңыз. Оқушылардың сабақтағы қауіпсіздігі мақсатында мұны өзіңіз істеңіз. Оқушылар алдымен тыныш жатқан су бетін тамашалайды. Содан соң оқушылардан су бетіне үрлеуді сұраңыз. Оқушылар су толқынданған кезде бейненің бұрмалағанын көруі үшін түбіне шағын жалпақ заттарды немесе ламинирленген суреттерді салып қоюға болады. Тапсырманы топпен көрме үстелінде (мүмкіндік болса) орындайды. Су көріністері салынған көркем туындыларды оқушылармен бірге қарастырыныз, жұмыстарды талданыздар. Сұрақтарға жауап бер:
Тәжірибелік жұмыс Оқушылар сабақта алған білімдерін пайдалана отырып, "Судағы көрініс" деген тақырыпта пейзаж салады. Алдымен олардан желді және желсіз күн райында су бетінде нені көрге болатыны жайлы ойлануды сұраңыз. Содан соң, әртүрлі күн райы жағдайында су айдынының ерекшеліктерін бере отырып, пейзаж салады. Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз. Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз. | Теңіз және/немесе өзен пейзаждары берілген суреттер көшірмелері, Қазақстандағы су қоймаларының фотосуреттері, гуашь, қылқаламдар, пастель, қалта айналар, диаметрлі үлкен ыдыстар және суға арналған ыдыстар, А5 пішінді парақтағы жеке заттар суреттері: үй, әдеттен тыс пішінді тастар, ағаштар, ірі өсімдіктер, табиғаттағы ссу дыбыстарының жазбалары, | ||||
Сабақтың соңы | Бағалау Жұптасып өзара бағалау жүргізіңіз. Критерийлер: Суретте су жағалауы екені көрініп тұр, күн райын айқындауға болады (ұсақ толқынның болуына қарай - желді, заттардың анық кескіні болуына қарай - желсіз). Жұмыс орнын жинастыру. Келесі сабаққа қажетті материалдарды жазып алу. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті төмендеу оқушыларға Айды және оның судағы кескінін салуды ұсыныңыз. Біршама қабілетті оқушылар аралас техникаларды немесе суреттің біршама күрделі композициясын пайдаланып, жұмысын күрделендіре алады. | Сабақ тақырыбының игерілу деңгейін анықтау үшін мына әдістерді қолдануға болады:
| - |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?