Ғажайып суасты әлемі. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

 

 Сабақ тақырыбы: Ғажайып суасты әлемі

 Сабақ мақсаты: 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу

 Қажетті материалдар: Қатырма қағаз, желім, қайшы, скотч, түрлі түсті қағаз, ермексаз, жіптер, қармақбау, дайын үлгілерді орналастыруға арналған сым, табиғи материалдар: бүрлер, емен жаңғақтары, бақалшықтар, таяқшалар, бадана және т.б., қайталама материалдар: қораптар, таблеткалар қаптамалары, моншақтар, бір реттік стақандар мен тәрелкелер және т.б., суасты мекендеушілерінің қозғалыс тәсілдері жайлы шағын бейнероликтер немесе мәтіндер жазылған карточкалар.

 Сабаққа арналған теориялық материал

Каспий итбалығы – Каспий теңізінің эндемигі. Ол Қазақстандағы жалғыз теңіз сүтқоректісі болып саналады. Популяцияның күрт қысқаруы салдарынан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Итбалықтар саны қысқаруының негізгі факторы – судың ластануы.

Сегізаяқтар - таңғажайып мақұлық. Олардың "аяқтары" тұп-тура басынан өсіп шығады. Сондықтан ғалымдар оны басаяқтылар деп те атайды. Сегізаяқтардың аяғының саны сегіз болады, бірақ олары тіпті аяқ та емес, қайта жемін ұстауға ыңғайлы, сорғышы бар қармалағыш-қолдарға ұқсайды. Сегізаяқ өзінің қармалағышын крабқа немесе басқа балыққа тигізсе болды, олар сол жерде-ақ сорғыштарға жабысып қалады.

Теңіз жануарларының қозғалысы.

Теңіз жұлдыздары артқы қармауыштарын сермей отырып, симметриялы түрде қысқаратын алдыңғы екі қарма уышымен алға жылжиды. Олар бір қармауышымен керілген кезде қалғандарының бәрі «бүйір қармауыштарына» айналады. Бүйірлік қармауыштар ескек рөлін атқарып, топырақта жылжуына көмектеседі. Қозғалыс бағытын өзгерту үшін теңіз жұлдыздары басқа қармауыштарымен қозғала бастайды.

Киттер балықтардың сүйір денелеріне ұқсас ұршық тәріздес денеге ие. Жүзбеқанаты (ескек-аяқтар) қалақ секілді. Құйрығының ұшындағы жүзбеқанат басқа екі көлденең қалақтан тұрады. Олар тұрақтандырғыш рөлін атқарады және толқын тәріздес тік қозғалыстарының арқасында алға қозғалуды қамтамасыз етеді.

Атбас балық тік күйде жүзеді. Жоғары-төмен жүзуі торсылдақтарының көлемі өзгеруі есебінен жүзеге асады.

Сегізаяқтар қауіпті жағдайда сегізаяқтар аса жылдам жүзеді. Аяқтарын жинап алады да, зымырай жөнеледі. Бұл кезде ол суды есіп жатпайды, өйткені өзінің "реактивті двигателі" бар. Алдымен арнайы қалтасын суға толтырып алады да, оны сыртқа күшпен ытқытып шығарады, соның екпінімен өзі де қарама-қарсы зымырай жөнеледі.

Суретшілер теңіз жануарларының кеудесінің, ескекаяғының/жүзбеқанаттарының, құйрығының қалпын бейнелеу арқылы олардың қозғалысын береді. Сондай-ақ жануардың жанында судың қозғалысын көрсетеді.

Сабақ барысы

Суасты мекендеушілері мен олардың қозғалыс тәсілдері жайлы шағын бейнероликтер таңдап алыңыз. Егер бейне көрсетуге мүмкіндік болмаса, қозғалыстағы теңіз жануарлары бейнеленген фотосуреттер дайынданыз. Дайын үлгілерді орналастыратын орынды ойластырыңыз.

Өткен сабақтарда алған білімдерді жалпылау үшін оқушыларға иллюстрацияларды қарастырып, онда ненің бейнеленгенін анықтауы сұраныз.

Сұрақ: Суреттегілерді су-астын мекендеушілер деп атауға бола ма?

Суасты жануарлары жайлы әңгімені жалғастыра отырып, оқушылардан суасты әлемінің басқа да мекендеушілерін атауды сұраңыз.

Оқушылардың су асты әлемі туралы білімін толықтырыныз. оларға Қазақстан-дағы су қоймаларында мекен ететін теңіз жануарлары жайлы айтып беріңіз. Олар Каспий теңізі суларында тіршілік ететін Каспий итбалығымен танысады.

Оқушыларға су астында мекендейтің, қозғалыстары әртүрлі тіршілік иелерін салынған суреттерін көрсетіңіз. Суретте бейнеленген теңіз мекендеушілерін атауды сұраңыз. Суретшінің жануарлар қозғалысын қандай тәсілмен көрсеткенін талқыға салыңыз.

Сұрақтар:

  • Суреттерден қандай суасты мекендеушісін көріп тұрсың?
  • Суастын мекендеушілер қалай қозғалады?
  • Олардың қозғалуына не көмектеседі?
  • Суретші олардың қозғалысын қандай тәсілдермен көрсеткен?
  • Бұрын-соңды қай су жануарының қозғалысын бақыладың? Қай жерде?
  • Қай суасты мекендеушісінің қозғалысын қолыңның буынымен көрсете аласың?

Бұл тапсырма қатар суасты жануарларының қозғалу тәсілдері жайлы ойлануға және осы тақырып бойынша білімдерді жалпылауға бағытталған. Тапсырма сондай-ақ ассоциативтік ойлауды дамытады, онда оқушылар қол буынымен кейбір жануарлардың қозғалысын көрсетуге тырысады.

Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар кез келген суастын мекендеушінің моделін жасап көреді. Ол үшін өзіне ұнаған жануарды таңдайды, материалдарды айқындайды, бөлшектерді өзара қалай жалғауға болатыны, дайын үлгіні қалай бекіту керектігі жайлы ойланады. Тапсырманы орындау үшін қабілеті төмендеу оқушылардың жұптасып/топтасып бірігулерін сұраңыз. Оқушыларға жұмыс істеу үшін қандай материалдар мен құралдар, қандай техникалар пайдалану қажет болатынын, суастын мекендеушілердің дене бөліктері мөлшерлерінің қатынасын сақтау қажеттігін талқылаңыз. Оқушылардың назарын модельдерді бекітуге немесе орналастыруға аударыңыз.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу