Ғажайып суасты әлемі. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ғажайып суасты әлемі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушы: Суасты мекендеушілердің қозғалу тәсілдерін суреттейді. Арнайы термин сөздер сөздігі: Қозғалыс, модель, суасты мекендеушілер Диалог пен жазбаға пайдалы фразалар жиынтығы:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек пен шығармашылық. Серіктестік пен құрмет. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану: суасты мекендеушілердің ерекшеліктері, теңіз мекендеушілері, ҚР Қызыл кітабы. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Кейбір материалдар мен техникалардың қасиеттерімен таныс. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар көркем суреттің не екендігін біледі. Кейбір теңіз жануарлары туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Тақырыпқа кіріспе Сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын белгілеңіз. Оқушыларға су асты көрінісі, оның мекендеушілері берілген суреттерді көрсетіңіз (немесе бейнеролик). Сұрақтар:
| |||||
Сабақтың ортасы
| Оқушыларға суастында мекендейтін жануарлар туралы қызықты қосымша ақпарат беріңіз. Каспий итбалығы – Каспий теңізін мекендейтін жануар. Бұл Қазақстан суқоймаларында өмір сүретін жалғыз сүтқоректі. Ол жойылып кету алдында тұрған жануар, сондықтан да Қызыл кітапқа енгізілген. Сегізаяқтар - таңғажайып мақұлық. Олардың "аяқтары" тұп-тура басынан өсіп шығады. Сондықтан ғалымдар оны басаяқтылар деп те атайды. Оқушыларға су астында мекендейтің, қозғалыстары әртүрлі тіршілік иелерін салынған суреттерін көрсетіңіз. Сұрақтар:
Тәжірибелік жұмыс Оқушылар кез келген суастын мекендеушінің моделін жасайды. Оқушылармен бірге су асты жануарын жасауда қандай материалдарды, техникаларды қолдануға болатыны туралы және олардың дене бөліктерінің өлшемдерінің пропорцияларын қалайша сақтауға болатыны туралы талқы жүргізіңіз. Оқушыларға қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттігін айтыңыз. Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз. | Теңізде мекендеушілерді жасау жолдары | ||||
Сабақтың соңы | Бағалау. Жұмыс аяқталған соң, оқушылар өз модельдерін іледі. Модельдерді біріге қарап, дескрипторлармен бағалаңыздар. Дескрипторлар бойынша қалыптастырушы бағалау:
Рефлексия. «Алма ағашы» Тақтада алма ағашының суреті салынған. Оқушыларға қызыл және жасыл түсті алманың суреттері таратылады. Олар өз алмаларын алма ағашына жабыстырады: жасыл- менің ойымша жұмысым сәтті жүзеге асты; қызыл – тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жабыраңқы. Жұмыс орнын жинастыру. Келесі сабаққа қажетті материалдарды жазып алу. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Жасау дағдысы төменірек оқушыларға жұптаса немесе шағын топта жұмыс жасауды ұсыныңыз. | Сабақ тақырыбының игерілу деңгейін анықтау үшін мына әдістерді қолдануға болады:
| Кесу және қию құралдарымен және материалдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталуына назар аударыңыз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?