Судағы бейнелер. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


«Судағы бейнелер» тақырыбы сабағына арналған әдістемелік нұсқау

Теориялық материал

 Кацусика Хокусай (21 қазан 1760, Эдо (қазіргі Токио) - 1849 жылы 10 мамыр, сол жерде) - укиё-э бағытындағы әйгілі жапон суретшілерінің ең көп кездесетін лақап аты. Ксилография шебері, «Фудзидің 36 көрінісі», «Фудзидің 100 көрінісі», «Елестер жайлы 100 әңгіме» және басқа туындылардың авторы. Ол жапон ақсүектілер бір-біріне әр түрлі іс-шараларға арнайы құттықтау хаттарының бір түрі- суриномо жанрындағы гравюраларды насихаттауда маңызды рөл атқарды. 90 жылға дейін өмір сүрген, ол өзінің ең жеттік туындыларын 70 жылға толғанда орындаған.

 https://artchive.ru/artists/4145~Katsusika_Khokusaj

 Рэн Ортнер

 «Табиғаттың көшірмесін орындайтын суретші, - деді атақты теңіз суретшісі Иван Айвазовский, - оның құлына айналу ... Қозғалыстағы тірі стихияларды қылқалам ұшына ұстау мүмкін емес: найзады, желдің екпінін, толқынның толқуын жазу мүмкін емес ... Суретші оларды есте сақтауы қажет ...». Ран Ортер (Ran Orther) - серфер, саяхатшы, ерекше есте сақтау қабілеті мен поэзиялық қиялы бар, ерекше сұлулығымен суды сезінетін суретші. 2009 жылы беделді ArtPrize байқауында ол бас жүлдені алды, оның «Open Water № 24» (№ 24 Ашық су) картинасы 1200 қатысушылардың арасында ең жақсы деп танылды.

 http://worldhobbies.ru/tvorchestvo/morskie-illyuzii-rena-ortnera

 Михаил Бровкин

 Суретші Михаил Бровкин Талдом қаласында (Мәскеу облысы) 1969 жылы 21 қаңтарда дүниеге келді. Тверь қаласының А.Г.Венецианов атындағы Көркемсурет колледжінде сурет, кескіндеме және жарнама бөлімінде оқыды. 1997 жылдан бастап Ресейдің Кәсіби және Шығармашылық суретшілер одағының, Халықаралық суретшілер федерациясының мүшесі.

 Бровкин (Тупицын) Сергей Владимирович

 Бровкин (Тупицын) Сергей Владимирович Кемерово облысының Анжеро-Судженск қаласында 1967 жылы туған. 1984 жылы Ростов облысының Шахты қаласындағы балалар көркемсурет мектебін бітірген. 1985 жылы Ростов университетінің физика факультетіне түсіп, 1988 жылы әскери қызметтен кейін, физика факультетін тастап, Греков атындағы Ростов көркемсурет колледжіне оқуға түсті. 2004 жылдан бастап Санкт-Петербургтегі А.С. Пушкина атындағы орыс мұражайының қоймаларында ұлы теңізшілердің жұмыстарын: Айвазовский, Боголюбов, Лагорио және Судковский зерделеген. 2004 жылы Италиядағы Искья аралы сапарынан кейін өз шығармашылығын теңіз пейзажына арнады.

 https://ehdu.livejournal.com/359983.html

Сабақ беру бойынша нұсқаулық

 Сабақты судың дыбыстарын тыңдаудан бастаңыз, оқушыларға сабақтың тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді, содан кейін судың әр түрлі жағдайдағы жазықтықтарының үш бейнесін: тыныштық күйңнде, судағы толқындар мен шеңберлерді салыстыруды ұсыныныз. Оқушылар осы суреттерде берілген бейнелердің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін сипаттайды.

 Сабақтың үшінші кезеңінде суретшілердің туындыларының репродукцияларын көрсетіп, олар туралы сұрақтарға жауап алыңыз. Сіз әр суретші туралы қысқаша ақпарат бере аласыз, ең бастысы, сіз суды бейнелеу тәсілдеріне оқушылардың назарын аударуыңыз қажет. Егер кабинет экранмен жабдықталмаса, A3 форматында басылып шығарылған репродукциялар көшірмелерін дайындаңыз.

 Сабақтың келесі кезеңі – бояулармен және бейнелеу техникалармен жұмыс орындаудың практикалық ерекшеліктерін көрсету. Егер сыныпта оқушылар саны аз болса, онда сіз оларды өзіңіздің айналаңызда жинай аласыз, егер сынып үлкен болса, мольбертте немесе сәл көлбеу орналасқан жазықтықта жұмыс барысын көрсетуге болады. Гуашь түстерінің үйлесімділігін көрсету үшін ватман қағазын қолданып, әртүрлі жарық және қараңғы реңктерді бояуды араластыру арқылы түсіндіресіз. Акварельдің ылғалды техникасын түсіндіру үшін сыныппен фронтальды жаттығу жасауға болады.

Сіз тақтаның алдында жұмыс барысын көрсетесіз, әр әрекетті түсіндіресіз, ал оқушылар сіздің түсіндірулеріңіз бойынша A4 форматында жаттығулар орындайды. Үлкен қылқаламмен A4 парағын ылғалдандырып, артық суды мақта тампонымен алып тастаңыз, бір түсті алып, мысалы, сары түсті дымқыл бетке және бояудың қағаз бетінде жайылғанын көріңіз, бояу кепей жатып екінші бояды, мысалы, қанық қызылды, кей жерлерде екі түстердің бір-бірімен араласқанын, әдемі қызыл-сары-қызғылт сары түсті дақтарға боялғанын көресіз.

 Әрі қарай оқушыларға қалын қылқалам көмегімен қарапайым әдіспен толқындарды қалай бейнелеуге болатындығын көрсетіңіз. Оқушылардың назарын қылқаламның бағытына, көбікті қалай және қайда салу, тереңдікті бейнелеу жолдарына аударыңыз. Бұл 3-ші сынып оқушыларына өте қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ орындалу процесін көрсету маңызды, әрі қарай оқушылар қолдарынан келгенін жасайды.

Нәтижесінде жекелеген оқушылар жақсы эксперименттік нобайлар орындайды. Бұл жаттығуларды мысалы, A5 кішкентай форматтарда орындалғаны жақсы болады. Сабақтың практикалық бөлігінде оқушыларға тәжірибе жасап, қайталап, әртүрлі әдістерді қолданып көрсін. Оқушылардың жұмысын бақылаңыз, қажет болған жағдайда ауызша түсіндіріңіз немесе жеке қағазда жұмыс барысын көрсетіңіз, бірақ оқушының орнына жұмысын форматында жасамаңыз, ол жерде тапсырманы өз бетінше орындауы керек.

 Сабақтың практикалық бөлігінде тәжірибені жасау үшін топтық жұмыс түрінде станцияларға ұйымдастыруға болады. Оқушылар су беті жазықтығының әртүрлі күйлердің бейнелерін кезең-кезеңімен берілген нұсқауларға және үлгілік суреттерге қарап зерттейді:

1 станция - су бетінің тыныш күйі

2 станция - желді ауа-райында судағы толқындары

3 станция - дауыл кезінде су беті

Барлық оқушылар су бетінің үш түрлі жағдайын бейнелеу үшін, мұғалім станцияларда оқушылардың қозғалысын және тайм-менеджменттің сақталуын қадағалауы қажет.

Саралау бойынша ұсыныс

 Сабақтың практикалық бөлігінде форматты таңдау, суретті қосымша элементтерімен толықтыру, күрделендіру арқылы саралау жүргізіледі. Жеке оқушыларға судың бетіне басқа да бейнелерді орындауды ұсынып, нобай негізінде теңіз пейзажында орындалған шығармашылық жұмысты орындауға ұсыныңыз.

Қалыптастырушы бағалау бойынша ұсыныс

 Сабақ барысында бақылау және кері байланыс түрінде формативті бағалау өткізіледі, ал сабақтың практикалық бөлігінде жұптық жұмысты дескрипторлармен бағалау.

Оқушы:

• су бетінің белгілі бір күйін берді;

• судың күйіне сәйкес келетін түстер мен реңктерді жеткізді;

• жұмысты ұқыпты орындады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу