Судағы бейнелер. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 Бөлім: Су – тіршілік көзі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Судағы бейнелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау;

3.2.2.1 Күрделі тәсілдер мен техникаларды пайдалана отырып құралдармен және материалдарды (табиғи және жасанды) қолдану және эксперимент жүргізу.

 Сабақ мақсаттары

  • Табиғаттағы су ресурстарының қасиеттерімен танысу;
  • Су бейнесін әртүрлі материалдарды қолдана отырып салу;

 Жетістік критерийлері

  • Су ресурстарының өздеріне тәң ерекшеліктерін анықтайды;
  • Өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отыра су ресурстарының суретін салады;
  • Су ресурстарының суретін салғанда әртүрлі материалдарды үйлестіре қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі су ресурстарының өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Су қоймаларын суретшілер неге осылай бейнеледі?
  • Су көздерінің бірден көзге түсетін сыртқы қасиеттері қандай?
  • Суретші жұмысында қандай материалдар қолданған?
  • Суретші су көздерінің өзіне тән қасиетін көрсету үшін өнердің қандай суреттеу құралдарын қолданған?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Су ресурстары (теңіз толқыны, өзен ағысы, су тамшылары және т.б.) бейнеленген материалдарды көрсетіңіз (бейне ролик, презентация және т.б.).

  • Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Природа, реки и озера Казахстана

https://www.youtube.com/watch?v=agyIQ24kfOM

Сабақтың ортасы

Әнгімелесу. Сұрақтар:

Оқушыларға судың шуын тыңдауды ұсыныңыз (теңіздің толқуын, тамшының түсуін, өзендегі судың сылдыры, жаңбырдың шуы)

Сіздер қандай дыбыстарды естідіңіздер?

Сабақтың тақырыбын анықтай аласыздар ма?

Судың шуы неге әр түрлі дыбыс шығарады?

Оқушылардың жауаптарын талқыланыздар, қажет болса қосымша сұрақтар қойыныздар.

Шығармашылық жұмыстарды талдау

Оқушыларға кәсіби суретшілердің түрлі ауа-райындағы су бетінің бейнелері жазылған туындылары мен реалистік фотосуреттерді көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз:

Су қалай бейнеленген?

Қандай мәнерлеу элементтері қолданылған?

Көңіл-күй қалай берілген?

Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар түстер мен реңктерге назар аудара отырып, су бетінің түрлі қалыпын бейнелеу үшін әртүрлі көркемөнер материалдары мен техникалармен эксперимент жасайды:

су бетінің тыныштық қалыпын бейнелеу үшін акварельмен ылғалды жазу техникасын ұсынуға болады;

су бетінің шымырлануын бейнелеу үшін оқушылар араласа техника қолдануына болады: акварель, гуашь, ақ балауыз боры (қағаз бетіне ақ балауыз бормен доға тәрізді сызықтар салып, үстінен түрлі-түсті бояумен балауыз бордың ізі қалатындай етіп бояп шығу);

су бетінің дауыл кезіндегі қалыпын, көбік пен су тамшыларын бейнелеу үшін гуашь пен қалың щетина қылқаламын қолдану ұсынылады.

Оқушыларға техника қауіпсіздігі ережелерін ұстануды ескерту қажет.

Топтың эксперименті аяқтаған соң оқушылар зерттеу нәтижелерін салыстырып, сұрақтарды талқылайды:

сіз су бетін қалай бейнеледіңіз?

сіз қандай визуалды элементтер қолдандыңыз?

сіз жұмысыңызда қандай көркемөнер материалдарын қолдандыңыз?

сіздің жұмысыңызда қандай түстер мен реңктер кездеседі?

Оқушылардың назарын орындаған эксперимент нәтижесінде алған дағдылары мен білімдерің келесі сабақта пайдалана алатындығың ескертіңіз.

Рэн Ортнер судың беті

http://news.foto.ua/arts/chelovek-opasnoj-volny-ren-ortner.html

Кацусика Хокусай "Толқын".

http://www.dejurka.ru/graphics/world-famous-paintings-wallpapers/

Толқын сызықтары

https://ru.pinterest.com/pin/361273201341871756/

Өнердегі судың беті

https://ru.pinterest.com/pin/361273201341871756/

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу