Қызықты сегізаяқтар. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 Қызықты сегізаяқтар тақырыбына арналған сабақта 3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құрал-дарды қолдану, эксперимент жүргізу.оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру аясында оқушылар көркемдік құралдармен және түрлі техникаларда жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытады (мысалы, батик бояулары арқылы матаны безендіру, резерв құрамымен жұс істеу).

 

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Сегізаяқтар - таңғажайып мақұлық. Олардың "аяқтары" тұп-тура басынан өсіп шығады. Сондықтан ғалымдар оны басаяқтылар деп те атайды. Сегізаяқтардың аяғының саны сегіз болады, бірақ олары тіпті аяқ та емес, қайта жемін ұстауға ыңғайлы, сорғышы бар қармалағыш-қолдарға ұқсайды. Сегізаяқ өзінің қармалағышын крабқа немесе басқа балыққа тигізсе болды, олар сол жерде-ақ сорғыштарға жабысып қалады. Қауіпті жағдайда сегізаяқтар аса жылдам жүзеді. Аяқтарын жинап алады да, зымырай жөнеледі. Бұл кезде ол суды есіп жатпайды, өйткені өзінің "реактивті двигателі" бар. Алдымен арнайы қалтасын суға толтырып алады да, оны сыртқа күшпен ытқытып шығарады, соның екпінімен өзі де қарама-қарсы зымырай жөнеледі. Кальмарлар мен сегiзаяқтарды тапқырлығы мен ақылдылығына байланысты моллюскалар арасында жиi «теңіз приматтары» деп атайды. Бұл сөзсiз осылай. Сегiзаяқтардың үлкен миын нағыз басүйекке ұқсас шемiршекті капсула қорғайды. Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлап» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса болды, ол дереу ұйқыға батады. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т.б. қорек етеді. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады. Әрбiр қармалауышында заттың жеуге жарамдылық немесе желiнбейтiндiгін анықтайтын он мыңға дейін дәмдi сезгіш рецепторлар орналасады.

 Сегiзаяқтардың көздерiнің адамның көздерінен еш айырмашылығы болмайды. Торлы қабат, көздiң қасаң қабығы және көз бұршағы бар. Жақын және алыс заттарға көзқарасын шоғырландыруға мүмкiндiк беретiн объективтiң функциясын көз бұршағы орындайды. Сегiзаяқтар қарағанда көз бұршағы торлы қабатқа жақын немесе алыс жылжиды. Сегізаяқтар желбезектерімен тыныс алады, дегенмен біраз уақыт сусыз ортада тіршілік ете алады. Сегiзаяқтың жүрегі үш бөлікті: негізісі көгiлдiр қанды бүкіл денеге таратса, ал қалған екеуі қанды желбезек арқылы итермелейдi.

 

 Сабақ барысы

 Оқушылардың сабаққа дайындығы -құралдардың толықтығын тексерініз.

 Су асты әлемінің керемет көріністері бейнеленген материалдарды көрсетіңіз (бейне ролик, презентация және т.б.).

 Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

 Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

 Оқушылармен бірге бүгін сегізаяқтардың модельін жасайтындығынызды айтыңыз.

 Жұмыс алдында оқушыларды түрлі материалдардан бөліктерді біріктірудің тәсілдерімен таныстырыңыз, күрделірек техника мен тәсілді таңдауды ұсыныңыз.

 Сегізаяқтың қарапайым пішінін қалай жасау керектігін көрсетіңіз. Мысалы:

 1.Қағаздан 12х10 см көлемде тікбұрыш қиып алыңыз.

 2.Оны бүктеу сызығымен екіге бөліңіз.

 3.Қағаздың төменгі жиек сызығымен сызғышпен 1 см белгі қойыңыз.

 4.Осы белгіден бүктеу сызығына дейін сызғышпен жіңішке сызық сызыңызжәне жиек сызығының бойымен қайшымен бүктеу сызыққа дейін қиыңыз.

 5.Қиып алған әр жолақты қарындаштың көмегімен түтікше етіп барлық жолақ қағаздан ширатыңыз.

 6.Желімді қағаздың екі шетіне жағып, өзара біріктіріңіз.

 7.Дайын пішінді әсемдеңіз, қажетті бөліктермен толықтырыңыз.

 Сегізаяқты жасаудың тағы басқа тәсілдерін түсіндіруге болады.

 

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушылар қолдабар материалдардан, өздері тандаған немесе мұғалім ұсынған техникада сегізаяқ модельін жасайды.

 Жұмыс барысында оқушыларға қолдау көрсетуге болады және қауіпсіздік ережесін сақтауды қадағалау қажет.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу